Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Құтыртып отыр ғой! Барарың кім, білемін! «Пана болуға жараймын, жасқанба» деп отыр ғой! Бірақ, алып көрсін іргемнен кеп! Қойны-қолтығы кең неме екен ғой Байдалы, Байсал. Ендеше көк тұқылды, мұздай сүңгіні сол мырзалардың өз етіне қадармын! - деп, қалшылдап кетті. Көздерінен от шашып, ойнақшыта қарап: - Кешегі Тоқпамбеттегідей қондарын түріп қойып, жалаңаштап тұрып, сазайын беремін! - деді.

Бес қасқаның ең ызақор, оттысы Садырбай еді. Ол ырғала түсіп, қатты демікті де:

– Қой, шырақ, қой мырза сол бәледен абырой тапқаны аз еді ғой, атамай-ақ қойсаңшы! - деді.

Дәл осы кезде қасында екі жігіті бар Пұшарбай кеп кірді.

Бұл Пұшарбай былтыр Тоқпамбетте Бөжейге ара түсем деп, Құнанбайдан таяқ жеген. Бірақ Байсал мен бар Көтібақтың Жігітек жағына шығуына себеп болған Пұшарбай. Қалың қоңыр сақалды, мол денелі Пұшарбай ол ызасын ұмытпаған болатын.

Осы Пұшарбайлар үйге кеп кірісімен, бес қасқаның бәрі де тегіс қозғалақтап, әлденеге әзірленгендей, қомданып қалысты. Тыста да бөгде кісілердің тықыры білінген сияқты. Жорға Жұмабай ішінен:

«Бұ не қылған жүріс? Әлпеттері қалай еді?» - деп, Майбасарға қарай беріп еді.

Сырттан бір қатты зілді дауыс:

– Уа, үйде кім бар! - деді.

Пұшарбай соған елең етіп, саңқ етіп дауыстап:

– Уа, мен бар! - деді.

Сүйткенде, есіктен Манас бастаған он шақты жігіт асыға-асыға кіріп келді де, төрге қарай тап берді. Бағанадан осы сәтті күткен Садырбай, Мұңсызбайлар және Пұшарбай да Майбасарға тап берді.

Майбасар:

– Тарт! - деп, ақырып қап, отырған бойда қамшы сілтей беріп еді, Садырбай бас салып, шалқасынан түсірді де, тізерлеп алды.

Қалған үшеуін өзгелер де бүктей түсті. Атшабар емес сұмдық үлкені енді келді.

Пұшарбай, Садырбай, Мұңсызбайлар боп, Майбасарға мықтап дүре соқты.

Өзге жолдастары да соны көре бастап еді. Жалғыз Құдайбердіні ғана Құлыншақ қорғап қап, өз қасына сүйреп ап, басын етегімен жауып, ұрғызбады.

Майбасарды үнсіз сабап жүрген Садырбайлар бір уақытта:

– Тысқа алып шық! Жүр, алып шық! - деп, тысқа сүйреп шығарды.

Сол уақытта Садырбай айғайлап:

– Бұл жаңа «қондарыңды түріп қойып сорлатам», деп серт берген. Байдалы, Байсалға соны істемек болған. Ал мұныкі сөз еді. Кел, біздікі іс болсын! Шеш, сыпыр киімін! - деп, тап берді де, Майбасардын етік шалбарын түгел сыпырып, тырдай жалаңаштап алды. Содан соң сыртынан қойып жіберіп, етпетінен түсіріп, басып жатып:

– Сен не қылмадың осы? Неден астың әлі осы? - деді түйгілеп отырып. -Масқара қып, қор еткенде, былай етейін мен сені! - деп, Майбасарды етпетінен тізерлеп салды да, - көк сүңгі деп ең ғой! Мә, көк сүңгі! - деп Майбасардың жалаңаштанып тұрған құйрығының арасына түйенің қатқан құмалағын батырып-батырып жіберді.

– Намысың болса, өл осы қорлықтан, өл осы мазақтан! - деп теуіп қалды.

Құнанбайдың інісі мен баласын осылайша қорлап, сабаған Құлыншақ ауылы, дәл осы түнде үйлерін жығып, көше жөнелді. Бағана кештен берлі Манас арқылы хабарланған қалың Жігітек, Көтібақ, бұл ауылдың көші жөнелер кезде, лек-лек болып кеп, қаумалап, қошеметтеп алып кетті. Сол түнде Қарауыл суының ар жағына шығарып, өздерінің тобына Торғайдың талай аулын қосып ап еді.

Майбасарларды тек көш жөнеліп, ұзап кеткен соң ғана босатқан. Олар аттарын күн шыға тауып, Құнанбай алдына - Жидебайға түске жақын ғана жетті. Құнанбайдың бар ауылдары Жидебайда болатын. Айналасы он шақырымдай Шиқорықта: Ырғызбай, Топай, Жуантаяқ, Қарабатырдың да қалың ауылдары иін тіресе отырған.

«Майбасар мен Құдайбердіні Жігітек сабапты. Құлыншақ аулын зорлықпен тартып, көшіріп әкетіпті» деген хабар бұл елдерге лезде тарады.

Құнанбайдың тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым арасында, жүз елудей жігіт атқа мінді. Қол басы - Ызғұтты, Жақып және Құнанбайдың өзі.

Жігітектің көш-қонынан хабар алып отырған Құнанбай, дәл түс кезінде мынау әзір тұрған қолға бұйрық етті. Тегіс атқа қондырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий