Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құнанбай баласының бұл жолғы үнін өзгешелік көрді. Үй ішіне айнала қарап, байқап еді, Зере, Ұлжан да қалт қарап, қадала тыңдап отыр екен. Жаңағы сөз жалғыз Абай сөзі емес пе, әлде? Құнанбайдың бетіне батып айта алмаса да, сырттан бар жақын, бар туысқан осылай десе ме екен? Осындай ғып ойландырған сұрақтармен Құнанбай тоқырап, үнсіз отырып қалды. Аздан соң тынышсызданып қозғалақтап барып, көлбей түсті. Шынтақтап, жантая берді.

Абай биік төсектен жастық әперді. Құнанбай сол жастықты қолтығына басып, Абайға сыртын беріп, ойға түсіп қалып еді.

Алғашқы сөзіне қарсы дүрсе қоя берген ашуды көрмеген соң, Абай тағы бір сөз бастады.

– Үй іші болсын, бала-бауыр болсын, өз ойындағы мақұл дегенін сізге айтуы шарт қой. Айта алмай жасырып қалса, лайық па? Сіздің де естіп білуіңіз лазым ғой!

Діндәр әкеге кітапшылап сөйлесе, парыз, уажіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін. Бұл есебі дұрыс болған сияқты. Құнанбай Абайға қырындай қарап, ендеше айт дегендей ілтипат жасады. Абай енді бөгелген жоқ.

– Тағы бір жайды айтуға рұқсат етіңіз. Ол мына Бөжейдің асы туралы. Бұл жөнде біз ада қылмаған ағайын міндеті көп. Жалғыз-ақ, енді мынау ас жалғыз Жігітекке сын емес. Бірнеше дуанның еліне сауын айтып отыр. Ағайынмен, адаммын дегеннің бәріне сын. Өлімінде оқшау қап ек, енді тым құрымаса, мынау асына ат салысайық! - деді.

Құнанбай өткен жылдың ызасын еске түсіріп:

– Мен қайтейін! Кел демесе кимелеп барам ба? Барып тұрып, былтырғыдай кеудеге қақтырам ба? - деді де, бұл сөзді жақтырмағанын сездірді.

– Ендеше, сіз бармаңыз. Бірақ бізге рұқсат етіңіз. Біз барамыз да, араласамыз. Сол жетеді. Қарсы болмасаңыз, мен өзім ада қылайын. Тек қасыма Ызғұттыны беріңіз. Және азын-аулақ мал-дүниенің шығынын осы үйдің, мына шешелер мен біздің еркімізге беріңіз!

Бұл тұста Абай көңілінде әзірлеп алған байлау бар сияқты. Онысы бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес. Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты.

Құнанбай басын көтеріп, тымағын киіп, тұруға айналды. Үй іші жауап күтіп, қадала қарап отыр. Салмақ салғандай. Соны жақтырмаған Құнанбай қырыстанып:

– Мейілдерің! Маған десе, аяғына бас ұр Байдалы мен Байсалдың! - деді де, шығып кетті.

Көнгені осы. Қай көңілімен көнді. Қиналып, қынжылып көне ме?

Кекесінмен көне ме? Оның ар жағын Абай елеген жоқ. Тек қарсы алыспаса болды.

Енді шешелерімен оңаша отырып, өз ойынша қалай араласатынын ап-айқын қып, таратып-таратып айтып берді. Байлауының бәрі де орынды екен.

Зере мен Ұлжан осы іске көмекші болсын деп, Ызғұттыны шақыртып, дәл осы күні Абайға ақылшы ғып қосып берген.

Абай өз ағайындарының ішінен Құдайбердінің болыспағын қажет деп білді.

Оған өзі барып, ұзақ әңгімелесіп, бар ниетін айтып, ұғысып қайтты. Құдайберді Абай керек еткен жәрдемінің бәрін жеткізіп тұрмақ болды.

Осы кеште Ербол Бөкенші жаққа қайтпақ еді. Атқа мінер жерде Абайды оңашалап алып:

– Абай, бөтен сөзім жоқ. Тек бағана әкеңмен сөйлескен сөзіңді есіткелі өзіңе дән ырза боп, достығыма сүйсініп ем. Барым сол ғана. Енді мен ана жаққа барып көптің ісіне қолдан келген көмегімді етейін! - деді.

Абай рұқсат етті. Жалғыз-ақ, Ерболдың ас жөнінде керегі болса шақыртып алмақ болды.

Келесі күні Абай атқа мінді. Қасына ерткені жорға Жұмабай мен Мырзахан.

Бұл үшеуі Қазбаланы өрлеп, Көтібақ пен Жігітектің қалың ауылдарын аралап отырып, сол өлкенің орта тұсындағы Бөжей аулына келді. Бұл өңірдегі ел тұтасымен астың қамында. Бөжей аулының жоғарғы жағындағы кең бір төскейге сансыз кеп үйлер тіккізіп жатыр. Астың күні жақындап қалған.

Қарбалас мол. Ер атаулы ат үстінде. Асқа тігілген үйлерді артқан көштер, тізбек-тізбек боп, дамылсыз ағылып келіп, жаңағы төскейге құйылып жатыр.

Абайлар ең алдымен Бөжейдің қаралы үйіне түсіп, құран оқыды. Белдеуіне қара тігілген, ішіне қымбат бұйым атаулыдан сеп жиылған, қаралы теңдер тізілген үлкен үй әлі сол қалпында. Бөжейдің жыл уағын күтіп, азалы күйде тұр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий