Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұлдаған киімдер де оң жақта ілулі күйінде. Әсем тұскиіздің үстінен ілініпті.

Осы ауылдың қасында ас иелерінің жиыны түгел екен. Абайлар Бөжей үйінен қымыз ауыз тиіп, тысқа шығып, сол жиынға келді. Кішілеу төбенің басында отырып, кейбір аттыларды шақырып алып, кейбіреулерін шапқыза жөнелтіп, әмір таратып отырған осы жиын. Ортасындағы үлкендері Байдалы, Байсал, Сүйіндік.

Байдалы былтырғыдан бері недәуір қартайып қапты. Сақал-шашының ағы көбейіп, бурылға жақындаған. Қастарына Абай келіп сәлем бергенде, бұл үлкендер бұрынғыдай емес, оң шыраймен амандасты. Байдалы мен Сүйіндік, Зере мен Ұлжанның амандық-саулығын сұрап, жас жігітке қастарынан орын берісті. Осы үлкендердің бұйрығын күтіп, қас-қабақтарына қарап жүрген жас жігіттердің ішінде Ербол бар. Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы Жиренше де осында. Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы.

Жиренше де Абайға енді жылы ұшырап амандасты. Жаңа адамдар келген соң, үлкендердің өзге істері мен сөздері бөгеліп тоқырап қалған. Азғана жиын біраз үндемей отырысты.

Абай осы уақытта Байдалыға қарап:

– Байдаш аға, - деп алып, сөзіне кірісті.

Келген жұмысын қысқа айтты. Бірақ, орнықты, байыпты қып жеткізді.

...Осы жиынға сәлем айтқан Зередей аналары екен. Сол кісідей үлкендер жіберіпті. Бөжекеңнің асына ағайын боп ат салыспақ. Бұрынғы шақта қапы болса, енді олай емес, қалыспаймыз деген адал ниетпен келіпті.

Байдалы Абайды тыңдап алды да:

– Шырағым, бұл сөзіңе ағайын ырза. Бетіңнен жарылғасын. Енді қалай кірісесің, ойлағаныңды өзің айт! – деді.

Абай сонан соң кешегі шешелеріне, Ызғұттыға, Құдайбердіге өзі айтқан жобаларын айтып шықты.

Қонаққа тігіліп жатқан үйлердің ортасынан Абай өзі тіккізетін үйлерге бөлек орын тілейді. Он үлкен үйді осы бүгін күннен қалдырмай әкеліп тігудің міндетін алады.

Он үй - отыз-отыздан үш жүз кісі түсетін үй болмақ. Сол үйлерге арналған ішкі жасау, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ баршасы үйлермен бірге келеді. Және он үйдің ертеңді-кеш ас азығы, бар сойысы, барлық күтімі өзіне бөлек. Ол Абайлардың өз мойнында. Ас ошағын да өздері жайлайды. Аспазшы, күтуші, даяшы жігіттердің бәрін де Абай өзі қамдайды. Үлкендер осыған сенсін де, қазір осы арада тапсырып, байлап берсін. Сонан соңғы Абайдың тілейтіні: әр рудан, әр жақтан келген қонақты осы маңдағы әр топ, әр ауыл міндетіне алып жатыр ғой. Ас келесі солай ғой. Ендеше Абай да мынау үлкендердің бұған арнайтын қонақтарды атап бермегін сұрайды. Сонда және осы жиынға келетін ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің қонағының бірін берсін, соны өтінеді.

Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер Абайдың өзін ендігі ақылдарының ішіне ала отырып сөйлесті.

Бұл асқа Қарқаралының Арғыны, Жетісудың Жалайыры, Садыр-Матайы, Семіз-Найманы, Ылдидың Уақ, Бурасы, Дағандының Керейі бар, талай үлкен рулар келмек. Бәрі де алыстан келеді. Бірақ, осы топтардың ішінде, әсіресе, ала-бөтен, жолы басқа бір топ бар. Ол Найманнан келетін Бөжейдің нағашылары.

Сол елде ертеректе Бөжей атты жақсы кісі болған. Кеңгірбай сонымен құда боп, өзінің Ералы деген баласына Бөжейдің қызын айттырған. Кейін сол Бөжей қызынан туған немересінің аты нағашысындай болсын деп Бөжей аталған екен.

Байдалы қыстан бері соларға айрықша хабар жолдаған. Жақында жауап кепті.

Бөжейдің сол нағашы жұрты жиенінің асына келмекке әзірленіп жатыр екен.

Қазір жиын Абайдың мейлінше жақсы ойлаған қамдарына сенген сияқты.

Осы Бөжейдің нағашыларын күтіп алу, өзге қонақтан өзгерек ретті тілейді.

«Тапсырғанда, соларды тапсырса қайтер еді?» - деген сөздер шыға бастағанда, Абай:

– Ендеше, Байдаш аға, байлау сол болсын. Бөжікеңнің нағашысын біздің күтуіміз жол екен! Бізге беріңдер! - деді.

Жиын іркілген жоқ. Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын, жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе, көрсін! Лайығы сол екен дескен...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий