Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл жайды ашып айтысқан кісі жоқ. Бірақ салған жерден Абай қалай ашық түсінсе, өзгелер де солай таныған.

Абай осы ауылдардың өзге қамдарын, ішкі реттерін жақсы білетін кісілерден бір үш жігіт берілуін сұрады. Оған Байдалы Ерболды, Жиреншені, Базаралыны атап берді. .

Бар сөз шешілді. Бар қам, барлық қимыл алда тұр. Енді бір сәтке де аял жоқ. Абай сол арада атын мінгелі орнынан тұра беріп еді, Сүйіндік бұған ырзалықпен қарады да:

– Жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма? Оны тапқан ақылды болғандықтан таппайды. Және тапқанымен қарқ болмайды. Шын тапқан деп, жақсылық тапқанды айтат та! Бетің, ниетің дұрыс екен, балам! Тек, жолың болсын! - деді.

Абай осы топтың бөтені боп көрінбей, өз адамы сияқты боп саналғанына ішінен қуана түсіп, ырза боп, атына қарай басты. Өзі атқа мінісімен жаңағы бұған серік болатын Жиренше, Базаралы, Ербол үшеуін ертіп алып, үйлер тігіліп жатқан жерді аралады. Өз үйлерін тігетін орынды ақылдасып, сайлап алып, ас ошағын орнататын жерлерін де белгіледі. Ол орайда ақыл айтып, орын көрсеткен Жұмабай болатын.

Барысымен үйлер көшіріледі. Мырзахан мен Ербол екеуі көшті алдынан тосып алып, жайлап қондыруға міндетті. Абай өзі ол жақтан келетін мал-дүниенің бәрін әбден сай ғып жөнелткен соң ғана келеді. Оған шекті, мұндағы істерге Базаралы, Жиренше бәрінің де бас-көз болуын сұрады. Байлауы шапшаң, сөзі де, ісі де жол көрген кісідей, орынды, ширақ.

Абай мен Жұмағұл жөнеліп кеткенде, ұзын бойлы, сұлу жүзді Базаралы қалғандарға қарап:

–Япырмай, мынау өзі ержетіп, пісіп қапты-ау! Тек айтқаны қолынан келсін, - деді.

– Қолынан келгенде, мықтап келеді! Көрерсің! - деп, Ербол сенімді сөйледі.

– Ендеше, бөтеннің қамы емес. Бір Бөжекеңнің аруағы ғой. Келіңдер, көмегінде болайық! - деп, Базаралы байлауын айтты.

Жиренше де, Ербол да шын бейілмен құптады. Абай Қазбалаға жүрерде қатты тапсырып кеткендіктен, Ұлжан аулында үлкен қарбалас, әзірлік жүріп жатыр екен. Мұндағы істің басында Ұлжанның өзі және Ызғұтты, Құдайберді болатын.

Ботақан ошағына келісімен, қонаққа тігілетін он үй жығылып, артыла бастады. Үйлерді жаңағы үшеуі осы арадағы Ырғызбайдың бар аулынан таңдап тұрып атаған-ды. Абай сары жорға атпен сыдыртып жүріп, бар үйді тігулі күйінде көріп шығып, бір-екі қоңырқай үзігі бар үйді алмай, орнына басқа туысқандардың аппақ үйлерін жықтырды. Сонымен, кешкі жылқы суға келетін кезде, Қазбалаға қарай салқар көш боп жөнелген үйдің бәрі бірдей үлкен, шетінен аппақ, келісті үйлер болатын.

Әр үйдің ішіне ұсталатын кілем, тұскиіз, сырмақ, текемет, көрпе-жастығы да бірге жіберілді. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың да олқы болмай, жаңа болуын, таза болуын, Ұлжан әз көзімен атқарып, қадағалап жіберткен.

Әр үйдің тігушілері қазір бірге кеткен жігіттер. Кейін қонақ күтетін күтушілер де солар болмақ.

Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты. Тегіс көңілденіп аттанысты.

Қонақ үйлер жөнелумен Абайлар істейтін істің басы ғана басталды. Үлкен, ауыр жұмыстар әлі алда жатыр. Көшті жүргізіп жіберіп, енді күн батар шақта тыста үлкен үйдің алдында, Зерені ортасына алып отырып, төртеу-бесеуі ақылдасқанда, қалған істің қиынын Абай енді түгел түсінді.

– Не керек? Қайтпек керек? - дегенді кезек-кезек айта бастаған Ұлжан мен Ызғұтты еді.

Қазір енді ас ошағының басына тігілетін үйлерді де жөнелту керек. Оған Абай бір-екі үйі жетер деп ойлап еді. Жоқ сойылатын малдың еті үйде болу керек екен. Ендеше, бес-алты үй керек.

Оның бәріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек. Ең алдымен сойыс не болады! Құнанбаймен ақылдасуға болмайды. Не де болса, өздері шешеді. Бірақ кең қолдық, шығымдылық болса, осы жерде көрінеді. Оған Ызғұтты іркіліп, ешнәрсе айта алмады. Абай әйтеуір сараң болмау керек дегеннен басқа, не лайық екенін дәлді білмейтін. Бұл арада Құдайберді көмек етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий