Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді ымырт жабылар кезде, Қазбалаға төгіліп жатқан топтардың киім үлгілерін болжау қиын. Қай рулар екендері мәлім емес. Тек қана кейбірінің қылаң аттысы көп, кейбірінің баран аттылары көп үлкен шоғыр боп көрінеді. Сам жаққа қарай бұрылса, күміс ер-тұрман жарқылдайды. Өлкедегі қалың нөпірді көргелі, жаңада мінілген үйірсек аттар кісінейді. Абай үйлеріне түсетін келушілер саябырлап, азғана толас болды. «Ендігі кісілер ертең келер», десіп, Абайлар алдыңғы үйлерге қымыз тарта бастаған. Осы уақытта Ербол Абайға келіп:

– Тағы бір қалың топ келді! - деп, ақырын хабар берді. Бұл жиын Найманның Тобықтыға жақын отыратын руы - Сыбан екен. Арғы шеті – Аягөз, Қоңыршәулі, Ақшәулі де, бергі жағы осы Шыңғыстың сілемінде болады.

Тобықтымен сырмінез. Бірақ бәсекесі де көп, тайталас ру.

Абай жылдам басып, тысқа шығып, бар жігіттерін топтан тұрып, тағы да жақсы қарсы алды. Жері жақын болғандықтан, өзге Жетісу елінің бәрінен Сыбандар мол келген екен. Абайға тиген қонақтың арты осылар. Бос тұрған үш-төрт үйге соларды түсіріп, Абай барлық қонақтарын жайғастырды да, енді тамам жігіттермен өзі қоса, сарп ұрып жүріп сыйлауға кірісті. Әуелі қымыз.

Содан соң шай... Содан әрі атпен тартқызған табақ-табақ ет! Алыс жолдан шалдығып келген, қарыны ашып келген қонақтарды тыңайтып, күйлендіріп жатты.

Ет желінгеннен кейін, шаршап келген қонақтардың алды жата бастады.

Бүгінгі жүріске мұқалмаған Сыбандар екен. Олардың үйлеріне еттен соң тағы да қымыз сапырылып еді.

Кеш бойы көбінесе нағашы жағының үйлеріне айналып жүрген Абай Сыбан қонақтарға енді оралып келді. Сыбан жиынының бұл келістегі үлкені Қадырбай екен. Ол - ақын Қадырбай. Жас күнінде әйгілі Садақ ақынмен айтысып «Бала ақын» деген ат алып сол Садақты өлең, сөзде мүдірткен осы Қадырбай болатын. Оның көп өлеңіне Абай қанық.

Бірқатарын жатқа біледі. Өз қонағының ішінде Қадырбай болғанына Абай дән ырза болды.

Қадырбай болса, бағана түсер жерден-ақ, бұларға арналған үй - Құнанбай үйлері екенін білген-ді. Арысы Тобықты, берісі Ырғызбай ішінің қатын-баласына дейін білетін Сыбанның бірнеше сөзуар кісілері тек отырған жоқ.

Бағана кештен бері тысқа шығып, қастарындағы күтуші Ерболдармен сөйлесіп, осы он үйдің жай-жапсарын, күтуші иелерін де Қадырбайларға мәлім еткен.

Қадырбай өзі де келгеннен бергі сар қымыздан, дастарқан мен ыдыс-аяқтан, шай үстіндегі тәтті-дәмдінің молдығынан әр жайды топшылап отырған. Әсіресе, түрілген жас қазының қатарында жүрген үйіткен қойдың етінен - мынау үйдің сыйын өзге үйлердің сыйынан басқаша деп бағалаған. Ас атаулының бәрінде болатын жалпы құрғақ сыйдан бөлек жатыр.

Енді осы сыйды басқарып жүрген Құнанбайдың бір жас баласы деген соң, Қадырбай сол бала өз қастарына келгенде ілтипат жасады. Абайға:

– Бері кел! Отыр, балам! - деп шақырып ап, өз қолынан қымыз ұсынды.

Қызғылт қоңыр сақалы бар, келбетті, ақсары Қадырбай Абайға аса бір келісті кісі көрінді. Бұл қонақ Абайдан әке-шешелерінің саушылығын сұрастырды. Көрсетіп жатқан сый-құрметіне алғыс айтты.

Абай өздігімен сөйлемей, тек қана Қадырбайдың сұраған сөздеріне жауап беріп отыр еді. Жауапты қысқа болса да, байыпты, орнықты ғып айтады. Жас жігіттің түс-тұлғасын Қадырбай ұнатты білем, тағы да сөйлеткісі кеп:

– Осы Барлас ақын маған бір әңгіме айтып еді. Күнекеңнің оқудан қайтқан бір жас баласы бар екен. Өзі өлеңқұмар екен. Ұлжаннан туған. Зеренің қолындағы баласы десе керек еді. Сол әлде сенбісің? - деді. Абай ұялыңқырап күлді де:

– Барлас ақынның біздің үйге кеп азырақ қонақ боп кеткені бар еді, - деп, Қадырбайдың жүзіне тура қарады.

Қадырбай күлімсіреп қойып:

– Балам, ендеше сен көңіліңе алма, әкеңмен мен құрдаспын. Сондықтан еркін сөйлей берем. Айтпағым: өлең дегенді аса бір сүймейтін кісі сенің әкең еді. Сен неғып өлең сүйгіш боп жүрсің? Осының жөнін айтшы? - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий