Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Тура кешегі ыстықта бәйгеге шауып, жолшыбай болдырып қап, түнде тағы таң асып шыққан Қарашаның көк шоқайындай боппыз, не керек! - деді.

– Ендігі бар арман - бір ұйқы. Тек осы тұрған жерге құлай кеткендей боп тұрмын! -деп, Абай біржолата титықтағанын айтты. Сол уақытта бұларды Байдалы келіп, Бөжей үйіне шақырды. Астың әлі аяқтамаған арты бар. Онысы Бөжейдің тұлдаған аттарын сою, үй ішінде былтырдан жиылған септі тарқату, қаралы теңді бұзу.

Бұл істен жақын ағайын шет қала алмайды. Бастығы нағашылар болып, барлық Тобықтының қалың жұрты, енді соған беттеді. Байдалылар Бөжей үйінің жанына келгенде, үй ішіндегі былтырдан бергі қаралы әйелдер тысқа шықты. Содан соң Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді.

Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады. Ас өтті. Қаралы жыл толды. Енді азалы күндер бітті дегеннің белгісі.

Байдалының тапсыруымен, Сүйіндік қалың елді бастап, ақ үйге кірді де, қаралы теңдерді бұзды. Бұ да жаңағыдай белгі. Осы уақытта Бөжейдің әйелі мен екі қызы он жаққа теріс қарап отырып ап, дауыс айтты. Үй ішіндегі барлық жиын үндемей жыласты. Бөжейдің аруағына арналған соңғы дауыс, соңғы көз жасы осы. Енді ең соңғы құран оқылып болған соң, жиын тегіс тысқа шығып тұрғанда, тұлдаған екі ат келді. Қатты семірген күрең мен қара көк асаусып кетіпті.

Екеуін де Бөжейдің туысқандары жыласып тұрып жықты да, Байдалының өзіне бауыздатты.

Жаңағы қараны жыққан Байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл атты бауыздаған Байдалы - үшеуі де кейін «жол» алады. Бұлар осы қауымның әрі үлкені, әрі Бөжейдің үзеңгі жолдастары. Сондықтан, ас артынан болатын ырымның үшеуін сол үш кісіге орындатудың айрықша мәні бар.

Тұл аттың етін жемей кетуге тағы болмайды. Қалғи-шұлғи отырып, сол еттің піскеніне Абай зорға жеткен.

Екінті кезінде Бөжей үйінен ет жеп болып, енді үлкендермен қоштасып, жүруге рұқсат тілеп еді. Сол уақытта Байсал Абайды қасына шақырып алып, маңдайынан иіскеді де:

– Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылыұшырап көріскен жоқ ем. Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып, мейірі түсіп кетіп, Бөжікең бата беріп еді-ау! Сондағы сөзі есіңде болар. Сенен үлкен дәме ғып, бата берген еді. Мен онда жақтырмап ем.

Ағайынға әділет ойлап айтқан жақсы лебізіңді есітіп жүрмін. Бүгін мынау күндерде Бөжікеңе адал іні боп, бетіңді аштың. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың! Ақтарсың деп білемін! Ақтар-ақсын, шырағым. Тек өмір деген ит, жаңсақ бастырмаса екен! Өрісің алда! Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарылғасын! - деп бата берді.

Байдалы, Сүйіндік, Құлыншақ та жақсы бейілмен қостап, бірге бата қылысты. Абай ешнәрсе айтпады. Тек қана үлкендерге еріп бата қылып:

– Рақмет! Батаңызға рақмет! Дегеніңіз келсін. Байсал аға! - деді. Осыдан соң үй ішімен қоштасты да, Ерболды ертіп атқа мінді. Бұл уақытта Ұлжан да арбасына мініп, жүріп кеткен екен.

Абай мен Ербол желе жортып, ат жүрісіне зорға шыдап отырып, Ботақанға жетті. Ұлжан бұлардан бұрын келіп, қонақ үйді оңашалап, сонда екеуіне де қалың төсек салғызып қойған екен.

Абай келіп үлкен үйге кірген жерде, әжесімен амандаса сала, Ұлжанға қарап:

– Ұйқы, ұйқы! Апа, жалғыз ғана ұйқы! - деп төрдің алдына жантая кетті.

Өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы қатып, қажыған жолы осы еді. Қазір шешесінің үйіне кірісімен дәл ерке баланың күйіне келді. Ұлжан Абай мен Ерболға бір-бір кесе қымыз ішкізді де, өзі ертіп барып, қонақ үйге жатқызып, үстерін жауып салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий