Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алтыбақан Сүйіндік аулынан қашаңдау жерде, кең алаңда екен. Ойынға жиылған жастар қалың көрінді. Кәмшат бөрік, мақпал шапан, жібек шапан киген қыздар көп. Араларында қынай бел, әсем кемзал ғана киген қыздар да жүр. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлап, көп үнге салады. Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп. Балалар да мол екен.

Жігіт жағы сиректеу көрінді.

Мықты ғып құрылған биік алтыбақанда сұңғақ бойлы екі қыз әлпеншек теуіп тұрып, жаңағы «Топайкөкті» әлі шырқап жатыр. Абайлар тоғай ішінен шығып, сумаңдаған аяңмен, дәл қастарына жеткенше сауықшы топ байқамапты.

Алтыбақанның қасына келе бере, екі жігіт:

– Ойнар көбейсін!

– Сауық молайсын! - десті. Қыздар іркіліп қалды. Келіншектер екі жігітке қарай жақындап келді. Араларында Асылбектің әйелі мен Сүгірдің келіндері бар екен.

Барлығы да Ерболды танып:

– Ербол! Ербол ғой!

– Қайдан жүрсіңдер?.. - деп, сонымен сөйлесе бергенде, Асылбектің келіншегі Абайды танып:

– Абай! - деп, жарқын жүзбен амандасты.

Абай аты аталғанда, әлпеншек тоқталып, ән де басылды.

Алысырақ ауылдың сыйлы жігіті келгенде, бұл топ бөгелеңдеп қалған.

Алтыбақан теуіп тұрған Тоғжан мен Сүгірдің қызы Керімбала екен. Екеуі де тақап келді. Абайдың көзі Тоғжанды әлдеқашан танып тұрған. Топ ішінде ұялысқандай шолақ қана амандасты. Бұл жиында барлық жұрттан еркін Керімбала екен. Бойы Тоғжаннан аласарақ. Құлағында үлкен сырғасы бар, ашық дауысты, күлегеш Керімбала Абаймен амандаса сала:

–Ал, ойынымыздың үстіне келіпсіңдер. Жатырқамаңдар! Аттарыңнан түсіп, алтыбақан тебіңдер! - деді.

Өздігімен сөз бастауға ығысып тұрған Асылбектің келіншегі Керімбаланы тез қостап:

– Ал, түсіңдер! - деп, күліп қойды.

Абайлар әлі де іркіліп тұр. Ербол әуелі өздерінің жайларын айтты.

Мұндайда сезікшіл келетін жігіттер болады.

Олар әрі қызғаншақ, әрі жорымтал, аңдағыш. Соларға естіртіп:

– Мына Бақанастағы Көкшеге бара жатыр ек. Жолшыбай кешігіп қап, біздің ауылға қонып аттанбақ боп келеміз, - деді.

– Енді қонатын болсаңдар, не сөзі бар? Ойынға да араласыңдар!

– Аттан түсіңдер!

– Біз бастаңғы істеп жатырмыз.

– Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып бастаңғы істетіп жатыр. Әділбектің тоқымқағары да осының ішінде. Қызығымызға ортақ болыңдар! - деп, бірнеше қыз-келіншек шын шақырды.

– Түсіңдер, аттарыңды байлап тез келіңдер! - деп, Тоғжанның жеңгесі соңғы сөзді айтты.

Ербол осы сөзді қостап:

– Ал мақұл! - дей берді. Керімбала бір жеңгесіне, сүйеніп тұрып, ашық үнмен қалжыңдап:

– Ал енді, ойнымызды суытпай, тез оралыңдар. Қайындарынан жаңа қайтқан жігіттер ғой! Әндерін үйренеміз! Тамақтарыңды кенеп келіңдер! - деді.

Жұрттың бәрі мұны жақсы қостап, тегіс күлді. Керімбаланың ашықтығын, еркелігін бар жастар тұтас ұнатқан-ды.

Абайды көргелі үндемей, ойланып қалған Тоғжан күлген жоқ. Бірақ одан көз алмай тұр. Жас жігіттің үстінде желбегей киген жеңіл сұрғылт шапан бар.

Ішінде ақ көйлектің сыртынан киген қара желеткесі көрінеді. Басында көкшіл сұрғылт жібекпен тыстаған жұқа қара елтірі тымағы байқалады. Айға қарсы қарап тұрған ақшыл жүзінде жүдеулік бар.

Ұнамды, ықшам киім киіп, күміс ер-тоқымды сұлу ат мініп, ойда жоқта келген әсем жігіт қазірде Тоғжан көзіне аса ыстық көрінді.

Абай мен Ербол тез келмек боп бұрыла берді. Ақжал ат бұған шейін шыдамсызданып, оң аяғымен жер тарпып, тізгінін соза түсіп, қозғалақтап тұр еді. Қазір де бір рет көлбең етіп, бұлаң берді, де, сумаңдай жөнелді. Үстіндегі күміс тұрмандары айға қарсы жарқ етіп барып, сөне берді. Ақжал аттың күлте құйрығы да ай астында күміс ағын төгілгендей жалт етті. Енді иреңдей түсіп, бұлдырлап, ұзап барады. Тоғжан алтыбақанның бір ағашына кеп үндемей сүйеніп, жым-жырт тұрып қапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий