Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірталай үлкендер Зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен. «Бет нұсқайтын Зере. Ел анасы боп, көптің тілеуін, көптің амандық, тыныштығын тілеуге түскен кісі ғой. Немересін баулып отырған өзі екен. Бірақ ақ сүті ақталыпты» - десіп бір қойысатын. Баласына өзі еріп барып, жөн-жосықты үнемі айтып, талмай еңбек еткен үлгілі ана Ұлжанды да мақтасатын. Бұл әңгіменің бәрі де Абайлар ұйқтап жатқан шақтарда, Зеренің аулына жан-жақтан ағылып келіп жатқан-ды. Тіпті Көтібақ, Жігітек, Бөкенші жайлауларынан келген бөгде кісілер де осындайды айтып келді. Көкшені аралап, Бақанасты бойлап жүріп қайтқан Қаратай да қостап келді. Қазбаланың бойындағы Бөжейдің өз ауылдарынан тараған хабар да сондай екен. Бақанас, Байқошқардың аяқ жағын жайлайтын дуаны басқа Керей де тегіс солай естіпті. Абай мен Ербол үшінші күні тұрып ап, өзен бойына барып, ұзақ жуынып шешелер үйіне шайға келген еді.

Зере немересін өз қасына шақырып ап, қатар отырғызып, алдына шайын ұсынды да:

– Айналайын, қоңыр қозым, - деп, арқасынан қағып, маңдайынан иіскеді.

Ұлжан бір табаққа салған тоңазыған бас пен жамбасты Абайдың алдына қойып:

– Мынау сенің адам болғаныңа арнап, шешелеріңнің атап сойған малы еді, жеңдер! –деді.

Аба» таңданыңқырап сөйледі:

– Апа-ау, бұл ненің ақысы?

– Сенің кешегі күнгі еңбегіңе ағайын-анжы ырзалық айтыпты. Ұйқы басып, не білдім дейсің екеуің! Жұрт мақтап жатыр! Адам бопты дейді. Соның ақысы!

– Тәйірі еңбек дейтін қай тауды құлатыппыз. Көппен бірге қонақ күткеніміз бе? Бірақ әйтеуір, сорлы қозының өліміне сылтау таусылған ба? Желік, Ербол, кел! - деп, Абай етке кірісті.

Арада үш-төрт күн өтті. Бұл уақытта Ербол тағы да өз ауылдарына кетіп еді.

Енді бүгін қозы жамырап жатқан кезде, астындағы ақсұр атын терлетіп, қатты жүріп кеп, дөң басында жалғыз жүрген Абайды тапты.

Жолдасының асығып келгеніне Абай бұл жолы жақсы үмітпен қарады.

Талайдан бері Тоғжан жақтан Абайға тәуір сәлем әкеле алмай жүрген Ербол, қазір де сөз бастамай тұрып, әуелі Абайдың басындағы тымағын жұлып алды да:

– Шүйінші! - деді. Екеуі де іштерімен танысып, күлісіп жіберді.

– Жол болайын деп тұр, не қыласың! - деп, Ербол демігіп күліп тұрып: -Сүйіндіктің кіші баласы Әділбек бүгін қайнына жүрді. Ұрын кетті. Қасына Сүйіндік, Асылбек - бәрі де ере кетіпті. Көптен бір сөйлесе алмай жүр ем.

Әділбек сезіктеніп ап, мені жақтырмайтын болған соң, Тоғжанның өзі түгіл жеңгесіне де жолай алмадым ғой. Ал бүгін түсте барып, Асылбек отауында қымыз ішіп отырып, жеңгемен әбден кеңестім. Тоғжан сені сағынып жүр.

Қайта-қайта аузына ала береді дейді. Оның үстіне жақсы атағың елге жайылып, мақтаушы жұрт екеумізге көп болысқан білем. Осы өңірдің жасында Абайға тең жігіт жоқ қой деп, жеңге мен қайын сіңлісі қоса мақтасыпты. Енді, өлген де бір, тірілген де бір. Дәл осы күндерде барып, көздеріне бір көрінші. Соған келдім. Барлық жайды жолда сөйлесеміз. Тез ат алғыз да бірге жүр! - деді.

Байлау осы. Абай қатты толқып, қуанып кетті. Екеуі ымырт жабыла бергенде, Бөкенші жайлауы - Жәнібекке тартты.

Абайдың мінгені ақжал, сары жорға ат. Ерболдікі ақ-сұр. Екеуінің шапан, тымақтары да сұрғылт түсті. Жер-қылаң мінген қылаңнан киген екі жігіт кешкі салқынмен есіп жүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға көрінгендей. Түстері де, жүрістері де көзге түспен, ұрлана жүруге бейімдеп апты.

Қара адырдың сыртымен жүрсе, жолшыбай ел қалып, көзге түседі. Екі жас жігіттің мезгілсіз, түнделетіп жүргені сезікті көрінеді. Сондықтан бұлар Тезектің Қарашоқысын бауырлап, жазықпен тартты. Жол қашаңдау келетін болды. Бірақ оны есеп қылмай, асыға жүріп, ақжал аттың қатты жорғасымен келеді.

Аздан сөн ай туып, аса бір тынық, жым-жырт, жайлы түн жылжып келді.

Ақ дала, алыс адырлар жеңіл, көкшіл тұманға батып, түн жібегін оранғандай.

Момын, сұрғылт, елсіз дүние мұңға бейім.

Биік көк жапанда жалғыз жүзген жүдеу реңді жарты айға қарап, Абай күрсініп қояды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий