Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қайын сіңлісінің қатты өзгерісін елден бұрын сезген жеңгесі. Ол сырт көзден өз сырларын жасырам деп, Тоғжанды құшақтап алды да, қонаққа әзірлейтін ас жайын сөйлеген болды. Тақап келген келіншектерге ас жайын ақылдасып тұрмыз деп, тоқтата жауап беріп, өзі Тоғжанның құлағына сыбырлап:

–Еркем, ән сал!.. Әйтпесе, мына жұрттың сөзі мен көзі саған қадалғалы тұр! Уақып бол! - деді.

Осы кезде Керімбала жүгіріп кеп, Тоғжанды әлпеншекке қарай тарта жөнеліп:

– Абай осы ғой? Анықтап көргенім осы ғана! Келгені жақсы болды ғой!

Қайнының әнін өзіне айтқызып, жақсылап үйреніп алайық, жарай ма? - деді.

Тоғжан үндемеді. Керімбала жалт қарап, ақсия күліп:

– Сен немене? Ұяламысың? Ол бір егде кісі ме еді, өлгенше? Қой, ұялмаған бұйырмағанды алады деген. Қайда өзі? Қазір-ақ әнін айтқызам, тұра тұрсын! -деп, әлпеншекке Тоғжанның қарсысына мінді де, «Топайкөкті» қайта шырқай жөнелді.

Тоғжан іркіліп, қосылмай қалды. Керімбаланың үлкен сұрғылт көздері, әдемі қызыл жүзі, ерке күлкісі ешбір дүниеден именген жоқ, Шолпысы сылдырлай түсіп, сақылдап, рақаттанып күліп қойып, әнін жалғыз өзі айтты. Кеткен беттен көп бөгелмей Абайлар келді.

Келісімен, Ербол ойынды меңгеріп өзі бастап кетті. Керімбаланың жеңгесі Қапа, Тоғжанның жеңгесі және Ербол үшеуі алтыбақан тебу қонақтың жолы деп кеп, әлпеншекке Абайды мінгізген.

Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы ән салу. Абай енді әлпеншекті теуіп тұрып, іркілместен әдемі шырқау ән бастады. Қарсысына мінген Керімбала болатын. Ол жаңағы «Топайкөкті» айтайық деп өзі тілеген.

Бірақ, қосылғанда теріс айтты. Жалғыз қайырмасы емес, орта тұсын да бұзып айтады екен.

Тыңдап тұрған қыз-келіншектер:

– Абайдың айтуы басқарақ!

– Керімбала теріс айтады!

– Тентегім, сен теріс айтып жатырсың!

– Үйреніп, еріп айтсаңшы! - десіп, Керімбаланы қаға берді. Керімбала ұялған жоқ, күліп жіберіп, тоқтады да:

– Ал, ендеше басқа бірің айта ғой! Тоғжан! Ал, Тоғжан, сен айт! - деп, ерікке қоймай Тоғжанды жетектеп әкеп, өз орнына мінгізді. Өзі жіптің бір жағын алып, Абайларды аспанға тербете бастады. Тоғжанның келгенін өзгелер де қостады.

Құлаштап сермелген әлпеншекке Абай мен Тоғжан кезек-кезек биіктей түсіп, теңселіп тұрып ән шырқасты. Тоғжан алғашқы бір-екі ауыздың тұсында Абайды тыңдап айтып кеп, үшінші ауызға келгенде, еркін сермеп қосылды.

Бұрын жаңылыс айтып келген жерлерді Керімбаладай емес, оңай түзеп алды.

Ербол мен өзге тыңдаушының бәрі де:

– Ә-ә, жаңа түзелді!

– Тоғжан оңай үйренді!

– Ән жаңа келісті! Айт, айтыңдар... пәлі! - деп, тегіс құптай жөнелді.

Жақсы жігіт, сулу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті.

Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айрылмасқа, кетіспеске серт еткендей.

Қазіргі әсем әнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан, қауышып табысқан шаттық айтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да «Көрші бізді, кінәлап көрші!» дегендей.

Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінің бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий