Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абай ешқайсысын босатқан жоқ. Тек жалғыз Ербол ғана көптің қызуына елігіп, шыдай алмай:

– Тым құрыса сендерге хабаршы болайын. Ие боп жатқанын айтып келейін, - деп тұра жөнеліп, шапқылап кетет те, тез оралып келіп, тың хабарлар айтады.

Кешеден бері жиылған жұрттың сан мөлшерін білген кісі жоқ еді. Ербол «талай мың бар екен» деп келді.

Абайдың қонақтары аттарына мініп, белгі күтіп тұрғанда, Байсал ұран салып, қарақшысын аспандата көтеріп, Тезектің қарашоқысына қарай шапты.

Соның ар жағы кең жазық. Істің бәрі сонда болмақ.

Қарақшы жөнелісімен, соның бетін бағып тұрған барлық топ-топ аттылар да дүркірей шауып, қаптай жөнелді. Абайлар енді көрді, көлденең өтіп, селдей ағып жатқан халықтың саны ұшан-теңіз екен. Бұл кезде ас үйлерден Ұлжан, Айғыздар да шығып, барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап, қарап қалысты.

Жер қайыстырып, ағыла жүйткіген жұрттың бір шеті осы ас үйлердің жаны болса, анау шеті көз ұшында. Сол екі арада қара нөпір құмырысқадай қайнап кетті. Талай уақыт арылмай, көшкен бұлттай жөңкіліп жатты.

Алыс елдердің қонақтары бір сәрі болса, Тобықтының өзінен де ат жалын тартып мінген еркектен бірде-біреу қалмағандай.

Бір уақыт Ербол шабатын аттың санын айтып келді. Жиынын Байдалы санатқанда жүз елу ат бопты. Соның ішінен он атқа бәйге аталыпты. Бәйгенің бәрі де тоғыз-тоғыздан. Алдыңғы бәйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Ол жамбы - кешегі Ұлжан әкелген күміс еді. Содан арғы тоғыздар да түгел саналыпты.

Үлкен астың күресі де үлкен. Балуандар бәйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан.

Абай осы хабарларды есітіп болып, өз істеріне қайта кірісті.

Бүгін түсте шешелері Абайды шақырып алып, мәлім етіп еді: қонақтар ертең түстеніп аттанатын болса, ет аздық етеді. Ұялып қалмас үшін қазірден қам ету керек. Абайдың ас қызығына бармай қалғаны сол болатын. Ол Ызғұтты мен Мырзаханды Ботақандағы Құдайбердіге шаптырды. Бөгелмей, тез ғана қысырдың бес тайын ұстатып жіберсін деп тапсырды. Сол сойысты күтті. Және арттағы ауылдар ас бітті екен деп салақсып қалып, ертеңгі қымыздан құр тастамасын. Өзге жұрттың дені кешке тараса да, Абай қонақтары қайтпайды.

Соны білдіріп, қадағалау керек. Үздіксіз қиындық отын-су жағында. Оның қамы да Абай мойнында. Сүйтіп, астық ұлы дақпырты болмаса, қиын бейнеті болмаса, басқа ешбір қызығын көрмеген Абай, осы күнді және келер түнді түп-түгел тынымсыз қарекетпен өткізді. Қонақтар кешке жақын қайта қайтып келгенде, шаңытып, шөлдеп түтігіп келді. Алдарынан дәл кешегідей сыпайы, қонағуар, жылпос жігіттер қылаң ұрып қарсы алды.

Әуелі салқын сары қымызбен азын-аулақ шөлдерін бастырып ап, соның артынан шай тартты. Ылғи екі-үш жігіт көтерген, екі иіндерінен бусана түсіп тыныс алған сабадай-сабадай сар самауырлар кірді. Кірді де, бар қонақтың күйін келістіріп, көңілін тапты.

Бұл он үйдің бүгінгі бейіл құрметі кешегісінен асып түспесе, кем болған жоқ. Өзге көп үйлердің қонақтары күн батарда аттанып кеткендіктен, Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де осында келген. Оларды Ұлжан мен Абай кеш бата әдейілеп шақырып алып, нағашы қонақтардың тобының ішінде болсын, бірге отырып, өздері де қонақ болсын деген. Осы кеште Абай істеген сый-құрметке, жақсы ретке олардың өздерінің де көздері әбден жеткен.

Абай бұл түнде де ұйықтамады. Осымен ұйқысыз, ауыр түннің үшіншісі өтті.

Келесі күні түскі асты ерте астырып, қонақтарға ерте бергізген. Дәл осы астың дастарқаны жиыларда Найманнан келген кәрі нағашы Абайды шақыртып алып, бейілденіп бата беріп, үлкен алғыс айтты.

Дәл сол үшінші күннің түс кезінде Абайдың пішініне көздері түскен Ұлжан, Ызғұтты, Ерболдар жас жігітті қатты мүсіркеді. Абайдың жүзі қан-сөлден айрылып, науқастан тұрғандай. Екі көзі қанталап, кіртиіп, жақтары солып, біртүрлі жүдеп, үрпиіп қапты.

Рас, Ызғұтты мен Ербол да сондай алжа-алжа болған екен. Үшеулері бір-бірінің ажарларын айтысып, күлісіп алды. Ербол:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий