Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол әңгімелерге қарағанда, Құнанбай көктемнен бері дамылсыз жиын жиып, тынымсыз қимыл үстінде екен. Алғаш келген кездегі көкқасқа, ақсарбас сойылған топтардан басқа, кейін де талай әңгіме-дүкен құрыпты.

Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен тартып, әйтеуір бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты. Сол ретте анықтап кеп қолтығына кірген Қаратай сияқты белділер бар.

Бұрын ара ағайын боп, сұлық жүрген рудың көбін де жақынырақ тартқан тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыстау-қыстау тұсынан қайтадан өтер кезде, Құнанбай қарсысында, қалған шоқтай топ, белгілі үш-төрт қана ру бопты.

Олар болса, қыстан бері Бөжейдің асына әзірленеміз деп, күш-қайраттың, сөз бен қамның бәрін соған салып жүр екен. Сонымен, дәл сыртқа шығар кезде, Құнанбай он бес қыстауды қайта жоқтапты.

Байдалы, Байсалға күз бен қыста өзі уәде ғып, ағайыны қолдан берген жерлердің бәрін қайтадан қайтарып алатын бопты. Өткен қыс сол жерлерді қыстап шығып, меншіктеніп қалған ауылдардың бәріне де сәлем айтыпты да, «күздігүні бұл қыстаудан дәме қылмасын! Қоймаларын қоймасын! Жатақ қалдырмасын! Қыстау өзімізге қайтады» деп, әр ауылға оқшау-оқшау хабар айтқан екен. Барлық сәлемінде дау айтып, қисын айтпайды. Бұйрық жібереді.

Сүйтіп он төрт қыстауды қайтып алып, жалғыз ғана қыстауға келгенде, дегені болмайды. Ол - Шыңғыс ішінде, Байсал алған қыстау екен.

Қазір міне осы ауыл Ботақанда отырғанда, Байсалға Құнанбай жарлығын апарған Қаратай мен жорға Жұмабай. Соларға Байсал әуелі жай ғана жөн айтты.

Айтқаны:

– Мырзаға сәлем айт, бала жастан бірге жасасып келеміз. Содан бері менің қыстаусыз, жерсіз екенімді осы ел ішінде өзінен артық білетін кісі жоқ. Кеше, Бөжей қыстауы Тоқпамбетке шейін әперем демеп пе еді? Бүгін маған бір қыстау тиген екен. Мырза жерсіз емес. Он бес қыстаудың он төртін қайтып алыпты ғой. Маған тигенді қалдырсын, орын теуіп, шығындап қалдым! - депті.

Сол сәлемін Құнанбайға әкелгенде, ол ашу шақырып, кәріне мініп, Қаратай мен Жұмабайды сол түнде қайта жіберіп: «Сөзді қойып, көшсін» деген бұйрық жолдапты.

Байсал мұны естігенде қатты бұзылып, қарсы қайрат көрсетіп:

– Жөнімді айтып ем, жібімеді ғой. Жерге тигендіктен шықпайды, жетеге тигендіктен шығады жан ашуы. Мен тек жатайын десем де, сүңгілеп тұрғызайын деген ғой! Сол жер деген боп, жегідей соңына түсіп, кешегі қадірлі Бөжейді де жұтып еді. Содан жаным ардақты емес. Айтқанымнан қайтпаймын!

Осы қыстаудан қия баспаймын! - депті.

Бұл жауапты Қаратай тағы бір от шығып кете ме деп, майдалап жеткізбек екен. Бірақ Құнанбай: «Байсал бұлай сөйлемейді, дегенін дәл жеткіз» деп, қадалып отырып апты да, Жұмабай түгел айтып беріпті.

Содан бері Құнанбай Байсал мен Байдалыға қайта кіжінулі екен. Жалғыз-ақ Бөжейдің асы келе жатқандықтан, сырттан тартынып отырған көрінеді. Бірақ Ұлжан түгел біліпті. Шыңғыс асып жайлауға көше бастағаннан бері, Байсал ауылдары мен Құнанбай ауылдары әр қоныстың тұсында иықпен қағысқандай боп, ылғи тайталаса келіпті. Барлыбай жазығына бұл ауыл қонған да, Тоңашаға Көтібақ қонған екен. Малын қудыра беріпті Құнанбай. Содан соң Байсал, Көтібақ қонысының Құнанбай ауылы жақтағы шетіне ұдайы өз ауылын қондырып, бұл жақ не істесе, соны істеп келіпті.

Қызылқайнар тұсында, Жыландыда, Балашақпақта да Байсал ауылымен осы ауылдар ылғи сыбайлас боп, тіресіп келген екен. Күндіз-түн Көтібақ жігіттері Байсал ауылының айналасында болады дейді.

Құнанбай аулы анау көрініп, жер шегіне іргесін қадап отыр. Болымсыз бірдеңе болса, от шығып, ұшқындап кететін сияқты. Құнанбай, әсіресе, омырау ғып, соған әдейі ізденіп жүр. Осы жайды аңғарған Зере мына Ботақан ошағына елден бұрын кеп, Байсалға өзі көрші боп қоныпты. Онысы Күнкенің аулына тимей, малшы, қосшыны тыйып ұстамақ. Ұлжанның әсіресе қамығатыны, мына келе жатқан Бөжейдің асына да Құнанбай бұл қалыпта қырыс қарап, шырай беретін емес. Өлінің топырағын көрмесе, тым құрыса жыл өткенде жібімес пе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий