Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы ұстатады екен. Абай Ділдәнің жіңішке саусақтарын көбірек ұстап қап еді.

Алдында отырған бір жеңге ақырын мысқылдап, Абайдың қолын тарта беріп:

– Тоқта, жабысып қапсың ғой! Бері кел! Шаш сипа! - деді. Жақын отырған қыздар күліп жіберді. Жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымына тигізді. Әлі де Абай қолының астында жаңағы жібек жүр. Сол жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтті.

Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бір сыбаға ғып алған екен.

Некеқияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап бата қылысты да, жалпыға айтқандай боп:

– Қайырлы болсын!

– Ұзақ қызық берсін!

– Құтты, құтты болсын! - десті. Шымылдық арқылы Абай мен Ділдәға айтқан ата-ананың тілектері еді. Осыдан сөн барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті.

Олардың артына іркіліп қалған жастар да бұл кеште көп отырмай, ерте тарасты. Күйеу, қалыңдықты оңаша қалдырудың қамы сияқты.

Абай әлі күнге Ділдә мен тіл қатысқан жоқ. Бір-бірінің жүздерін де жақсылап көріскен жоқ. Жалғыз-ақ есіктен келіп, шымылдық ішіне кіріп, Абай қасына отыра берерде ғана Ділдә өз бетін ашпай, Абайды сығалап көріп қалған.

Онда да бір-ақ сәтке көрген.

Үй іші сейіле бере, жаңағы шаш сипарды алған жеңге Абайға:

– Жә, енді біз төсек жайлаймыз. Сен біраз тысқа шығып сейіліп кел! - деді.

Абайға бұл сөз, біртүрлі түрпідей тиген қатты тұрпайылық сияқты көрінді.

Бірақ, бөгелген жоқ, атып тұрып, тысқа шығып кетті. Үй маңынан барлық жұрт арылыпты. Күйеу жолдасы Ерболдар да кетіп қапты. Абай жалғыз. Түн жарық емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен. Күйеу жігіт жапа-жалғыз аяңдап, ұзаңқырап бара жатты.

Ділдә да жолдас қыздарынан арылған. Жаңағы екі жеңгемен бірге қалған еді. Оны бір жеңгесі ертіп, бөлек шығып кетті де, екінші жеңге үлкен төсекті бұзып, шымылдықты түсіріп, орын сайлай бастады. Ділдәні ертіп шыққан ең жақын жеңгесінің бірі болатын. Ол қалындықты құшақтап ап:

– Ал, еркем, күйеу қалай екен? Ұнаттың ба? - деп сұрады.

Ділдә қымсынған жоқ:

– Қайдан білейін? Бір жуан қара ғой! - деп ап-ашық қомсынғандай сөйледі.

– Қой, байқамағансың ғой. Қара торының әдемісі ғой! - деп, жеңгесі жұбаныш айтты.

Жалғыз кеткен Абайдың көңілі қазірде біртүрлі ен-жар. Жүрегін әлдеқандай реніш, өкініш басқандай. Өзінен-өзі суық тартып, сұлқ түсіп, жүдеңдеп барады.

Барлық осы күйеулік жәйін лезде қайта шолып өтті. Мол дүниемен, салтанат, нөкермен құда, күйеу боп келісті. Мұнда да қонақ асы, күтім, той-жиын, сән-салтанат олқы емес. Өңшең ынтымақ. Мол тілек, жағалай бата. Бәрі де кім үшін? Екі жастың бағы, қызығы үшін дейді. Бірақ енді бағып қараса, олар үшін емес. Сол үлкендердің өз ойларындағы сыпайылық, сыйластық, дәстүр үшін.

Ал, Абай мен Ділдә болса, әлі тіпті пішіндерін де көріскен жоқ. Бірақ үлкендер үшін ол тіпті ойландырар да іс емес. Күйеу мен қалыңдық ең алғаш біліскен, көріскенде, анау салынып жатқан төсекте ғана білісу керек.

Абайдың оқыған кітабы көп. Ғашық дос, асыл жар дегендер бұның әлі күнге дақсыз келген жүрегіне соншалық бір биік, пәк заттай көрінетін.

Шұғыласына тал бойын ұйытқан, ой-қиялын сондайлық мүшкіл еткен Тоғжан өзі қаншалық алыста. Бұлт құшқандай, шарықтап елестемеуші ме еді?

Ендігі бұның жары осыншалық сөлекет ырымдар, үйреншікті дәстүрлер ішінде, бұған соншалық арзанға келгені несі? Екеуін малша табыстырып тұрған қолдар не деген сөлекет? Неткен сезімсіз тұрпайы? Абай осы ойларға жеткенде көңлі қатты жабығып, іштегі қиял мекені ойран-асыр боп, құлағандай көрінді.

Жүректе де әлдебір нәзік сұлу шырақтар күрсініп өшкендей болды. Аяғы қайда басқанын байқамағандай екен. Сыбдыр есітті. Қараса, бағанағы жеңгенің бірі іздеп кепті.

Күліп, қалжың етіп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий