Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол үйлердің қонақасысы: қысырдың семіз тайынан, құнан қой, ту қойлардан, үйіткен марқадан басталды. Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құла тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан бата тілетті.

Абайлар Алшынбай аулының тұсына бір шақырымдай жер қалғанда, иіріле тоқтасты. Енді тобының ішінен Тәкежан, Мырзахан сияқты жасы үлкенірек жолдастар бөлініп, хабар айта кетті. Абай мен Ербол және үш жігіт аттарынан түсіп, қарсы алушы қыз-келіншектерді тосып қалды.

Осыдан осылай толып жатқан күйеу дәстүрі басталатынын мойынға алып, Абай Ерболға:

– Осы үйлену деген ата-анаға да, жастардың өзіне де қуаныш қой. Солай емес пе? Ал ендеше сол қызығына жеткенше, күйеу мен қалыңдықтың жолына ырым-жырым, әдет-дәстүр деп неше алуан құбыжықтар қоятыны несі? - деді.

Ербол бұған күлді.

– Рас айтасың, құбыжық екені рас. Дәл осы қазір кім келеді? Қандай асау жеңгелер екен, не бұйырар екен деп, мен де үркектеп тұрмын!

Күйеу қасында қалған жігіттердің бірі Жұмағұл атшабар. Ол өзі әлдеқашан үйленген. Мұндай қиындықтың талайын көріп өткен. Абай мен Ербол жол көрген біреу керек деп, мұны ылғи басшы боп отыруға лайықтап, өз қастарында ұстайтын боп еді.

Жұмағұл ауыл жаққа қарай түсіп:

– Әлі тұра тұр, басыңда үкің жоқ деп қиғылық салады! Тымағыңды көзіңе кимесең, жақтан да ұрады. Екеуің бе? Ербол екеуің талай құқайды көресің. Не қыласың, тек ұсына бер!

Басқа үкі тағу - бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу, бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын.

Абайға ауылдан шығар жерде Зере, Айғыз сондай киімдерді әзірлетіп ұсынған-ды. Кәрі әже әшейінде Абайдың дегеніне көне берсе де, бұл тұста ырық бермей, қатты бұйрық еткен:

– Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! - деп, дәл аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді.

Абай сол күні өзінің өзгеше қалпын бақсы-құшнаштай көрген. Өз ауылдарынан шығысымен, Ұлжанға кеп:

– Япырау, мен күйеу болсам, Бошанға күйеумін, Тобықтыға, Тарақтыға күйеу емес ем ғой. Жолдағы елдің бәріне мен күйеу деп, жынды кісіше шақыратыным не? Рұхсат етіңіз, барар жерде киейін, әзірше өз киіміммен барам! - деген.

Ұлжан мұны теріс көрсе де, көнген-ді. Сол Абай жаңағы бақсы мен салға ұқсататын күйеу киімін әлі кимеген. Үкілі тымақ, қызыл шапан қоржында.

Жұмағұлдың жаңағы айтқаны сол. Арнаулы киімді кимегенге ол өзі ырза емес-ті.

Енді Абайдың сескенгенін әбден түсінген Жұмағұл тағы бір уақыт:

– «Құрсаулы жаудан қорықпаған жүрегім, қайынға барғанда жеңгелерден қорықты» деп, Барақ айтқаны қайда? Қорқарын қорқарсын! Бірақ, әйтеуір түбі қайыр. Менің білетінім сол-ақ, - деп, Абайларды күлдіріп алды.

Ербол бұған бұрын айтқан тілегін қайта айтып:

– Әйтеуір қай жерде тәжім ету керек, қай уақытта тұру керек, қай уақытта тымақты көзден алып, кең отыруға болады, бәрін өзің айтып отыр! - деп өтініп тұр.

Абай Ерболдың енді басқаша міндетке ауысқанына қарап, ойланып қалды.

Бүгін Абаймен бірге, күйеу өтетін тар есік, тас босағаның бәрін бұл да өткелі тұр. Соған бар ынтасымен кеткен. Тіпті Абай ойламаған жайдың бәрін де Абай үшін бұл ойлайды. Мұнысы да достығы. Абайға бар ынтамен берілгені. Бірақ мынау Ербол мен анадағы Ербол қайда? Бұл қазір екі кісі сияқтанып барады.

Сонда қайсысы ыстық? Қайсысы қымбат?

Дәл осы кешке шейін Абайға таңдатса, анау Ербол, қызыл өгізге мініп, тасқын судан Абай үшін өтіп келген Ербол, аспанда тұрғандай жоғары.

Осы жолға ере шыққан күні Ербол Абайға аса бір өзгеше сәлем әкелді.

Тоғжан мұның Абай қайнына бірге баратынын естіп отырып:

– Ай батқандай қылды да, адастырып кетті ғой! Бірақ сонда да жолы болсын! Жақсы қызық көрсін, сәлем айт! - депті де, Ербол кете бергенде, орамалымен көзін басып, жылап қапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий