Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Баратын қара малды айтқанда: жетпіс жылқы, отыз түйе аталды.

Құнанбайдың құласы мен жирені деп, жұрт аңыз қыла береді. Алшынбай аулынан аяры жоқ. Сол себепті: жылқының ішіне бір құла айғыр, бір жирен айғырдың үйірі кірсін. Басы сол болсын дескен. Осыдан арғы үлкен әзірлікті тілейтін - жыртыстың бұл матасы.

Оған дәл осы түнде Семей қаласына Ызғұтты мен Құдайберді жүретін болды. Қалада Тінібекпен ақылдасып отырып, төрт күннен қалмай барды алып, қайта жетуге бұйрық болды.

Үлкендердің осындай кеңестерінде бала атаулыдан жалғыз Құдайберді ғана бар-ды. Өзге балалар кейін есітті.

Әрқайсысы өз басына арналған байлауды әртүрлі қарсы алған. Оспанға Айғыз бен Ызғұтты екеуі келіп отырып:

– Саған қалыңдық айттырдық! - дегенде, ол басында ұқпай қалып, қайта сұрап:

– Қалыңдық деген не? Қатын ба? - деді. Ызғұтты бұған ұғындырып кеп, қалай көретінін сұрағанда, Оспан бөгелместен:

– Е, алам... әкел! Маған қатын керек! - деді. Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңырып тұрып тыңдады. Іші аса бір суық нәрсеге қақтыққандай, тіксініп қалды. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді. Абайға жаңа хабарды айтқан шешесі болатын. Ұлжан баласының мына пішінін жақтырмады. Бірақ ішінен:

– Ұялғаны шығар, - деп байлаған.

Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді. Қалыңдық деген мұнда бар. Сол сияқты айттырған күйеу Тоғжанда да бар. Қайындамай, үйленбей қалу мүмкін емес. Ата мен ананың әмірінде. Бармаймын деп айтарлық сылтауы жоқ. Бар жүрек, бар қиялы Тоғжанмен туысып тұрса да, мынау тұсауға көнбеске шара жоқ. Осындай іші бір жақта, сырты бір күйде болған, аса бір қиын, енжар күйде Абай қайнына аттанды.

ӨРДЕ

1

Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға мол сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен тараған ауылдар, көрші туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты.

Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты.

Дағды бойынша Ұлжан бастаған үлкендер құданың аулына күйеулерден бір түстік бұрын келіп түсті. Ұлжан қасына әйелден Қалиқаны, күтуші келіншек Қатшаны алған еді. Еркектердің үлкені - қазіргі бас құда - Ызғұтты.

Содан басқа, әлденеше ақсақал, әнші жігіттер, атшылар бар.

Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Мұның көпшілігі Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып Ерболды қосып алған.

Жеті-сегіз күндік жол бойында Абай мен Ербол үнемі жұбы жазылмай, бірге болған.

Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. Келген жылқы, түйеден басқа, жыртыстың бұл-матасының өзі екі үлкен атанға артылып келіп еді. Оның ішінде келінге жасау тігілетін батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған. Бірер сандық осы қымбаттарға толы болса, өзге теңдері құда-құдағилар сыбағасы. Шапан, кемзал, көйлек, шаршы. Және толып жатқан ырымдар бойынша төленетін сый-сипат.

Қалыңмал басы Алшынбайдың өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы.

Бұл ілу деп аталып еді.

Екі жаққа да мәлім ілу китке орай.

Осыдан он жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырған уақытта, бас құда Құнанбайға кит деп, Алшынбай аулы күміс тартқан. Ол күмістің аты - тайтұяқ, мына бесік жамбыдан кіші еді. Тегінде есептесіп келсе, әдет бойынша, ілу мен кит құн жағынан қаралас болатын. Бірақ Құнанбай оны есептемей, Алшынбайға өз бергенінің дәл өзін жібермепті.

Құда, құдағи келген күні түнде-ақ барлық кең жазық сый құдалардың қандайлық, мырзалықпен келгенін біліп қалған. Сол түннің өзінде Алшынбайдың барды аямай, мырзалыққа мырзалық орай етіп көсілетіні мәлім болған. Құдағи мен күйеулерге арналып, үш үлкен аппақ үйлер оңашарақ тігілген екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий