Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өздері осы ауылдың балалары болғандықтан иілмей Абайларға күле қарап тұрған қыздар, шашуды теруге тап берісті. Күлісіп, таласып алып жатыр.

– Қадамың құтты болсын! Қызығың ұзақ болсын, қарағым Абай! - деп, Абайдың өз енесі де тілеуін айтты. Күйеулерінің жауап айтуы шарт емес. Олар үндемей сызылып қана тұр.

Сол кезде екі ене жақындап кеп Абайдың бетінен сүйді де, көп бөгелмей шығып кетті.

Абай бұл кеште өзінің өзгеше халына үйрене алмай, қатты қысылумен болды. Ұзын тымақ та көзіне түсіп, терлетіп мазасын кетіріп отыр.

Әсіресе, қиыны: келген мен кеткен де, есіктен қарағандар да, жабықтан сығалағандар да, мынау жағалай отырған қыз-келіншек те қайта-қайта Абайға қарасып, көздерін алмайды.

– Күйеу көрікті ме екен?

– Баламызға сай ма екен?

– Қайтіп отыр екен? - деген, ылғи бір бөтен, қадалғыш көздер.

Жігітті жігіт емес, келін еткендей, елден ала бөтен киім киіндіріп қойып, көлденең тартып: «Міне, мынаны көріңдер!» деген сияқты.

Күйеулер үйі аз отырып шай ішкенше, оншалық жазылып жадыраса алмады. Жұмағұл, Ерболдар үй ішіне түгел жететін қалжың, әзіл айтпай, тек, өзді-өз қасындағы қыздармен ғана ақырын, сыпайы түрде тіл қатысып отыр.

Абай бағана үйге кіргеннен бері өзінің жоғары жағында отырған екі-үш сәнді, сұлу қыздардың пішініне көз салып, бір нәрсеге қайран болды. Бұл қыздардың пішіні соншалық аппақ, беттерінің ұшы да дымырақ ашық қызыл реңденіп тұр.

Абай бұл жақтың әдетін білмеуші еді. Қарқаралы маңындағы Бошанның ержеткен қыздары беттеріне опа-далап жағатын.

Шайдан кейін күйеулер үйіне Тәкежан, Мырзахан сияқты, бағана бөлініп кеткен үлкенірек жігіттер келді. Солармен бірге әншілер, сауықшы жолдастар және осы ауылдың өз жастары да қоршалай кеп қалды. Үй іші бұл топтар келісімен күле жайнап, даурыға көбейіп, әзілі, күлкісі молайып, жанданып кетті.

Күйеуді қоршаған қыз-келіншекте сан жоқ Бірақ осындай шат-шадыман думанның тап ортасында боларлық кісі - қалыңдық болса, Ділдә болса, ол әлі көрінбеді.

Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады. Ең алдымен алғашқы келіс осы. Өзге келістердей емес, күйеу бұл жолы алғашқы күндерде талай нәрсеге көндіге білу керек. Сол өзгешеліктің үлкені - қалыңдықты оңай көрсетпеу.

Екі жақтан табысқан ата-ана әуелі осы келудің үлкен тойын жасау керек.

Той оңай емес. Көп қиын қаммен, асықпай істеледі. Сол тойдың артынан барып қана қол ұстау кеші болады.

Сүйтіп, Абай алғашқы күн ғана емес, тағы екі күн өткенше де өз қалыңдығы қандай екенін, кім екенін көре алған жоқ, білген жоқ.

Бұлар келген күннің ертеңінде Ербол ғана барып, Ділдәмен амандасып, жүз көрісіп қайтты. Қалыңдықтың түсін, отырысын Ербол айтқысы кеп еді. Ол өзі Ділдәнің ажарына қатты ырза боп, сүйсініп келген. Бірақ Абай айтқызбады.

Сөзді басқа жаққа бұрып кетті.

Жастарды күттірген той Абайлар келген соң үшінші күнде болды. Бұл күні Абай отырған үйге келіп кеткен қатындардың саны айтып болғысыз, мол еді.

Таңертеңнен бері әлденеше топ бәйбішелер, қыз-келіншектер, ұрысқақ, тентек жеңгелер өтті. Бәріне сызылып сәлем етуге Жұмағұл мен Ербол жалыққан жоқ.

Абайды үнемі, қайта-қайта:

– Ал тұр!

Ал, келіп қалды!

– Ойбай ана кісілерді қара! - деп, ылғи үркітіп тұрғызып, тәжім еткізумен болды.

Күйеу үйі бұл күні үздіксіз шырқаған ән, мәз-майрам күлкі, дамылсыз шашу. Тоқтамай әкелініп жатқан қымыз, шай, жиюсыз дастарқан болатын.

Мезгіл түске тақай беріп, жастар еттерін жеп болған кезде, тыстан:

– Той! Той басталды!

– Атқа, атқа қоныңдар! - дескен үндер келді.

Абай мен барлық осы үйдегі еркектер тысқа шығысты. Күйеулердің аттары тегіс ерттеулі, кермеде екен. Ат үсті ойын-сауықты көп жұртпен бірге көру күйеуге де рұхсат етілетін. Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарымен, он-он бес кісі боп бөлек аттанып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан оқшауырақ шығысты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий