Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күйеулер мен құдалар жағы ерте сайланып, ерте аттанған екен. Абай Алшынбай аулынан сыртқарырақ шыға беріп, Ерболмен бірге оңашарақ тоқтап, мынау кең жазықтағы ауылдардың қонақ күткен көрінісін тамаша қылды.

Бұл той Алшынбайдың үлкен той етем деген бір мерекесі екен. Жиылған қонақтардың аттары топ-топ. Үйірім-үйірім қара нөпір боп көрінеді. Жалғыз сол аттардың өзі де бір қос жылқыдай. Әсіресе, үлкен белгі, тойға тігілген үйлер. Солар саны елу-алпыс. Алшынбай аулынан бір шақырымдай жоғары, қалың көк шалғынның ортасына ұзыннан-ұзақ екі қатар боп тігіліпті. Ас пісірген жер ол үйлердің маңында емес, жаңа Абайлар шыққан ауылдың шетінде. Қазір сол ас басынан анау алыстағы қонақ үйлерге қарай күтушілер жосылып жатыр. Күтушінің бәрі де ат үстінде. Бастарын ақ шытпен керте байлап алған аспазшылар жиырма шақты жігіт.

Бір өзге салтанаты: осы жігіттердің бәрі де жорға мініпті. Аттары қан сорпа болған, өңшең желқайықтай жылмаңдаған жараулар. Сол жиырма кісілік күтуші қонақ үйлерге қарай Алшынбай аулынан ағыза жөнеліседі. Қолдарына қос табақ алған жігіттер тізгіндерін ауыздарына тістеп алыпты. Арттарында егде тартқан жай шапқыншы сияқты үлкен күтушілер бар.

Олар табақшылардың атын қамшылап айдап, қуып отырады. Ыңғайлы, шапшаң табақшылар ат үстінен көсілтіп кеп, табақтарының сорпа-тұздығын төкпестен ұсынып, қонақ үйлердің алды-алдына тұра-тұра қалысады. Үй алдында тұрған нағыз күтуші ақсақал, қара-сақалдар сол табақтарды шапшаң алып, үй ішіне сүңгітіп жатыр.

Сөйтіп қазаннан жаңа түскен ет, бір қолдан бір қолға лып-лып етіп, салқындамай, тоңазымай лезде жетіп тұр.

Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді. Сол үйлер мен ас үй арасында жиырма табақшы бір емес, екі емес талай рет жорғаларын асыға тайпалтқан еді.

Бұл сыйдың басы Абайлар тысқа шықпай тұрып басталса, енді бұлар тыста көп уақыт тосып тұрған кезде де аяқтамай, бітпей жатты.

Қонақ үйлердің ішінде әр жерге орнатылған емізіктеген сабаларды бұрап болып, жаңағы табақтарды құрғатқан кезде ғана тойшы халық аттарына міне бастады.

Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру -баршасы да осы күні болды. Ойын бітіп, күн бата тарқар кезде, Алшынбайдың тойынан қайтқан кәрілер:

– Тойы той-ақ болды!

– Әкелген қалыңмалына сай Алшынбай да көл-көсір қылды!

– Күйеу келген той дәл бір астай болды, не қыл дейсің? - десіп, мақтасып қайтқан.

Осы күні кешке Абай ең алғаш рет қалыңдығын көрді.

Күйеудің үйіне бұл кеште халық сыймай, кернеп кеткен. Қазір мұнда Алшынбай, Ұлжан, Ызғұтты бастаған екі жақтың үлкендері, бас құдалары лық толы. Абайлардың алдына шымылдық түсіріліп, үлкендерден жастар жағын бөліп тұр.

Үй ішінде сөйлессе де, күлсе де, ашық үн қататын, сол төрдегі үлкендер.

Шымылдық ішінде тек сыбыр мен ақырын күлкі ғана бар. Онда да өз аулына еркін қыздар күледі.

Осы жаймен біраз отырған соң, есік жақта үлкен қозғалыс басталды.

Босағаға жақын отырған келіншектер түрегеліп, шымылдықты есікке қарай созып тұрған уақытта, тыстан бір топ қыздар кірді. Солардың ортасында басына қызыл жібек шапан жамылған, бетін түгел бүркеп алған - қалыңдық бар.

Абайлар Ділдәнің бойын ғана көрді. Ол кебісін шешіп жатқанда, сырт сымбаты талдырмаш, бірақ аса сұңғақ бойлы, биік көрінді.

Абайдың төменгі жағынан орын босатылған-ды. Қалыңдық осы араға келіп, шапанын басынан алмай, күйеуге азырақ сырт беріңкіреп, қырындау отырды.

Абай амандасармыз деп ойлап еді. Қалындық бетін бұрған жоқ. Сондықтан екеуі амандаса да алмады.

Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. Бірақ күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсі Абайға көрінбейтін бір молда неке оқыды. Суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Ділдәға берді.

Асының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып, екеуінің де он қолдарын алып, біріне-бірін ұстаттырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий