Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны есіткелі Абай жол бойында бір сейіле алмады. Өзін бір бұйрық қуып, еріксіз әкеле жатқандай көретін. Осындай күйлерде күйеулер тосып тұрғанда, бір шақта, сам жақтан күлкі естілді. Әйелдер күлкісі. Келесі секундте көп шолпының шылдыры да жетті. Күйеу алдынан шыққан қыз-келіншек екен.

Қалың топ. Ақ жаулықты келіншектер, үкілі кәмшат бөрікті қыздар көрінеді.

Айнала жүгірген балалар да көп.

Абайлар топталып тұр. Жақындай бергенде, келіншектердің алдыңғы қатарында, орта тұсында келе жатқан біреулері:

– Абай қайсы?

– Күйеу қайсы бұл!

–Бәрінің киімі бірдейі несі! Күйеуше неге киінбеген? - десіп, жақындап кеп, амандаса бастады.

Абай жаңағы үндерді естігенде, сескеніп қысылып қалды. Енді біраз бойын жинап, күліп:

– Қайсымызды ұйғарасыз, сонымыз Абай болсын! - деді. Келіншектер күлді де, Абайдың дәл өзін таныды. Бірақ тани сала, бір келіншек:

– Қой, шырағым! Тобықты тымағын аулыңда киерсің. Біздің аулымызда күйеу тымағымен жүр! - деп бұйрық берді.

Осы жайды күлкі етіп, қалжыңдай бастаған келіншек, күйеу киімін іздеп, сұрау салды. Жұмағұл шыдамады. Атының қанжығасынан қоржынын шешіп алып:

– Бәсе, ки десем бір көнбейді. Ал, міне, үйретіп алыңдар! Бар киімі мына менің қанжығамда, - деп, келіншектерге берді.

Осы кезде келіншектерге еріп келген балалар күйеу жігіттердің аттарына екіден, үштен мінгесіп ап, шаба-шаба жөнелісті. Абайдың мінгені, ақжал, сары жорға ат. «Күйеу атымен күл тасы» дейтін әдет бойынша, енді ақжал аттың көзі ашылмайтын мәлім.

– Өзі жорға ғой!

– Ойбай, рақат екен! - деп, мінгесіп алған үш бала соқтырып, тайпалта жөнелген. Алшынбай аулына күйеулер мен барлық қыз-келіншек жаяулап келді.

Күйеуге арналған үй өзге үйлерден де ерекше шатырдай аппақ екен. Ішінде жүк, сандық көп емес. Кең болсын деп, бос қойыпты. Бірақ үйдің керегелері көрінбейді. Уықтың қарына шейін жағалай тұтылған, ылғи су жаңа жібек кілем.

Ашық түсті бояулары да, ұсақ шебер өрнектері де үйдің ішіне қызыл, жасыл көрік беріп тұр. Есіктен төрге шейін жайылған тақыр алаша, манат мақпал мен оюлап сырған үлкен-үлкен сырмақтар. Соның үстінде қабат-қабат жаңа көрпе, кестелі жастықтар. Үлкен бұйымынан - оң жақта әдемі сүйек төсек тұр. Он бес қатардай жібек көмкерудің үстіне құстөсек, үлкен ақ жастықтар, шағи көрпелер жиналыпты. Көкшіл-қызғылт ені бар шілтері шымылдық биік төсектің жоғары жағын перделеп тұр.

Абай осы төсектің алдына кеп отырғанда, екі жағынан Ерболдар отырған жоқ. Балдыздар, құрбы қыздар, қайынбикелер отырды.

Солардан жоғары таман Ербол, Жұмағұлдар орналасты. Олар да бірыңғай, өкшелеп қалмаған. Орталарына үлкен сырғалы, кәмшат бөрікті кекселеу қыздар араласып отырысқан екен.

Күйеулер осылайша орналаса бергенде, жаңағы бірге келген келіншектің үшеуі кіріп кеп:

– Шымылдық, шымылдық түсір! - десті.

Абай қасындағы аққұба қыз атып тұрып, атлас шымылдықты сусылдатып түсіріп жіберді. Сүйткенше, әлгі келіншектер есікті шалқасынан ашып:

– Кіріңіз, кіріңіздер! - деп, тысқа дауыс берді де, күйеулер жаққа қарап: -Ал, балалар! Үлкендер! Енелерің келеді! - деді.

Абай, Ербол, Жұмағұл және қастарындағы бар қыздар орындарынан ілезде тұрысты.

Шымылдық түсірулі. Үй ішіне үш үлкен әйел кірді. Ортадағысы Абайдың үлкен енесі - Алшынбайдың әйелі, семіз, қара бәйбіше.

Қасындағы орта жаста, ақ сары әйел - Абайдың өз енесі, Түсіптің қатыны.

– Ал, шешелер, көрімдік!

– Көрімдік кәні!

– Болмаса, балаларыңды көрсетпейміз, беті ұялады! - деп, алғашқы келген келіншектер, күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады.

–Алыңдар! Көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер, алыңдар! - деп, үлкен бәйбіше қолына шашуын алды. Сол сәтте атлас шымылдық шалқая ашылды. Күйеулер бұл кезде төмен иіліп, тәжім қып тұр екен. Үлкен бәйбіше:

– Өмір-жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым! - деп шашуын шашты. Лақтырғаны бір табақ өрік, мейіз, кәмпит.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий