Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Інісінің рахат күлкісіне еріксіз елігіп, Абай да күлді.

Бірақ ойында мысқыл да бар еді.

– Өй, өзің әкеңе шыныңды айтсаң, мұндай қуанбас ең. Өтірік деген рахат екен-ау өзі, ә!.. Мәзсің ғой! - деп Абай күлген бойында тебініп жүре берді.

Оспан оның мысқылына жауап таба алмай аңырып қап, күрең атты бір тартты да, жорта жөнелді.

Қарашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай, Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін туысқаны Құдайберді көптен бері науқас болатын. Алдымен соған амандасып, жайын білмек.

Құдайберді биік төсек үстінде жөтеліп жатыр екен. Абайдың келгеніне сүйсініп қалған сияқты. Аппақ шөлмектей боп жүдеген жүзіне жұқалаң қызғылт шықты. Қап-қара сақалы қазірде біртүрлі ұзарып, өсіп кеткен екен.

Сүйек-сүйегі адырайып, көк тамырлары көрініп, салдырап қапты.

Ағасының пақыр болған түріне Абайдың жаны қатты ашыды. Алыста тұрып, тез шешінді де қасына кеп, төсекке отырды.

Жеңіп алған науқас еңсеріп әкетіп барады. Он бес күн бұрын бір келіп кетіп еді. Қазір көп төмендеп қапты. Құдайберді Абайдың қолын ұстап, қысып, сипап жатып:

– Жақсы келдің ғой! - деді.

Аурудың жүдеу қолын інісі қос қолымен ұстап, өзіне таман тартып кеп, жүрегіне басты. Екеуінде де үн жоқ. Бірақ адал туысқандардың арманды мұңдарын жүректері айтысты. Бірталайдан соң Құдайберді әлсіз ғана үн қатты:

– Әкеңе кірдің бе? - деп еді.

– Әлі барғам жоқ. Әуелі сізге келдім!

Осы уақытта Абай келді дегенді есітіп, қарсы үйден үш бала келіп, сәлем берді. Үшеуі де Құдайбердінің балалары. Үлкені он бір-он екідегі - Шәке, екіншісі сегіз жасар - Шұбар, үшінші бұл екеуінен де кішірек, тоқалдың баласы - Нұртаза.

Балалардың бәрін де Абай қасына шақырып алып, беттерінен сүйді. Шәке мен Шұбар оқу оқи бастаған. Абай келген сайын олардың сабақтарын сұрастырып жүретін. Балалар бұған қатты үйір еді. Қазір де баурына кіріп кетті.

Құдайберді Абайға үйрілген өз балаларын көріп, қобалжып кетіп, бетін ірге жаққа бұрды.

Абай осы қозғалысты байқап балаларды аз алдандырды да, үйден қайта ұзатып салды. Науқастың қасына тағы кеп отырды.

Құдайберді есікке көзімен нұсқап:

– Адам бола ма?.. Болар ма? Інілерің міне. Кім боларын... не көрерін қайдан... білейін? - деді. Қоштасып жатқан сияқты.

Інісінің көзінен екі-үш тамшы жас ақты. Даусы да дірілдеп, жылағандай шықты.

– Қарыздары мен болармын, Бәке! Әл-шамамның жеткенінше қойным менен мойнымда, өсірермін!

Құдайберді бұған өзі тоқтау айтты:

– Жылама... Жыламашы!..

Екеуі тағы да үнсіз ғана бір-біріне қадалып, қарасып қалды. Аздан соң Құдайберді бойын жиып, оңалды да Абайға бетін беріп, қырынан жатты. Бірақ қозғала бергенде тағы жөтелген. Абай оның көрпесін иығына көтеріп қымтап қойды.

Құдайберді енді басқа сөзге ауысты да, екеуі жай ғана әңгімелесіп кетті.

– Әкеңнің сені неге шақырғанын білемісің, Абай?

– Жоқ, Бәке, әзір білгем жоқ.

– Ендеше, бүгін сайлаушы төре кепті. Әкем Жақып аулына түсіріпті. Мына жаңа орын - «болыс» деген бар дейді. Соған сені сайламақ. Ұқтың ба? Не дейсің бұған?

– Өзіңіз не дейсіз? Маған не ақыл айтар едіңіз?

– Менің тілімді алсаң, - деп Құдайберді біраз ойлады да, - болма! Ұлықтық қасиет емес екен. Көзіміз жетті ғой. Бектік бұзады екен және түбінен қайыр шықпайды, қарғыс шығады екен. Жас өміріңді зая қылма!

Абай өз жауабын ойлаған да жоқ.

– Айтқаныңыздың бәрі шын, Бәке!

– Тіленіп жүрген көрінеді ғой әкесінен. Анау Тәкежан-ақ боп, қарқ босын! -деп, Құдайберді тоқтап қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий