Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Әке, сенгеніңізге рақмет! Ендігі міндетті бізге артқаныңыз орынды. Арқа-басыңызды бұдан былайғы ауыртпалықтан босату керек. Тыныштық өмір тілейтін кезіңіз болды. Жалғыз-ақ жаңағы сөзіңіз маған айтылса, мен өзім болыстық, ұлықтықтан бас тартам. Мезіретім емес. Әрі ағалық жолы бар, ебі де бар, ұсынған орныңызға мына Тәкежан лайық. Осы болсын! - деді.

Абай осы соңғы сөздерін айта беріп, Тәкежанға көз тастады. Молда пішін, мүләйім боп отырса да, Тәкежан қып-қызыл боп қуанып кетті. Жаназада, підияны мол атаған жерде жымыңдап кетіп, құбылжып қалатын, мысық сопы хазіреттей көрінді.

Құнанбай Абайға қайта-қайта қадалды. Болмайтын себебін екі қайтара сұрады.

Абай бір рет қысқа қайырып: «бола алмаймын» деген еді. Бірақ әкесі екінші рет салмақ салғанда, молырақ дәлел айтты. Халықты билеу үшін адам өзі қамелетке жету керек. Оған Абай өзін әзірмін дей алмайды. Піспеген адамның қолындағы билік, жас баланын қолындағы ұстара пышақ есепті. Не өзі арандайды. Не өзгені арандатады. Абай өзін аямаса да, бұған еріксіз күні түсетін халықты аяйды. Болмағанда, сондықтан болмайды. Халық керегіне жарайтын боп жете қалса және елге пайдасы тиеріне көзі жетсе, ол күнде әкесі ұйғармай-ақ өзі сұрануға уағда береді. Әзірше әке зорламасын... деген сөздер.

Құнанбай бұл тұсқа келгенде шұғыл өзгеріп, тез тайқып шықты. Сол арада Тәкежанға бұйрық етті. Ол баласы оп-оңай «құп» деді.

Осыдан кейін он бес күндей уақыт өткенде, Тәкежан болыстыққа нық бекіп, бетін түзеп алды. Ақылшысы аз емес. Бір жағынан Құнанбай болса, екінші жақтан Майбасар, Жақыптар да өз сабақтарын Тәкежанның құлағына құйып жүрді.

Жаңа болыс қалаға да барып қайтқан. Ол жерде Құнанбай сәлемі бойынша Тінібек бай жетекшісі болды. Семей уезінің ұлығы Тінібекпен ашына сыйлас екен.

Сондай іліктер арқылы, Тәкежан алғаш барған жолының өзінде де бірталай істің басын қайырып келді. Сайлаушы төреге Құнанбай ұғындырып жіберген жайлар бар-ды. Соның үлкені Балағаз, Абылғазылар ісі болатын.

Ұлық болысымен, ең алдымен әмірін елге танытпақ болған Тәкежан, бар күшін Балағаздарға салыпты. Қаладан Тәкежан қайтқан орайда, Семей уезінің жаңа пайда болған оязы, Шыңғыс ішіне бес кісілік қарулы топ шығарыпты.

Тәкежан өзі болыс болысымен бір атшабарға Жұмағұлды алған. Екіншісі жас жігіт - Қарпық.

Солдаттарды бастап келген Жұмағұл ел құлақтанбасын деп, болыс кеңсесіне түн ішінде әкеліпті. Тәкежан мен Майбасар осы түнде он шақты жігітті отрядқа қосып, Жігітек ішіне аттандырды.

Бұрын оқта-текте болмаса, Тобықты іші қарулы жасауылды көп көрген жоқ-ты. Ауылдардың үстінен көк темірлі, көп аттылар өткенде, бала-шаға, кәрі-жас қатты түршікті.

Қуғыншы отряд Балағаз бен Абылғазының тобына Шыңғыс тауының ішінде оңай кездесті. Оқыс айқасып қалған. Ұзақ қуғын болды. Бірақ қаладан көп шықпаған, ел жайын, жер жайын жақсы білмейтін солдаттар бұл қуғында шорқақтық істеді. Тау ішінде шаба алмай, ерлерінің қасынан ұстап, бос өбектеп, кейіндей берген. Өздері және оба атаулының барлығын құбыжық санайды.

Ұзын дүрбілерін қайта-қайта суырып ап, тесіле қарап, күнұзын тұрып алады.

Қашқандардың қарасын таныған Төлепберді, мына бөгелістерге жаман күйетін.

«Осының, дәл осы бір кеңірдектей немесін құртар ма еді? Сойылмен перейін бе осы кеп!» деп, тісін қайрайды. Бірақ амалы жоқ. Сүйтіп, отряд шабан болды.

Соны байқаған Балағаз, біраздан соң атын тежеп, артын болжаған.

Қуғынның алдында өктеп жүрген Ырғызбай жігіттері екен. Төлепберді мен соның інісі Елеусіз және Жұмағұл көрінді. Қашқын жігіттер қолға түспейтіндерін ұққан болатын.

Абылғазы мен Балағаз екеуі өз жолдастарын Шыңғыстың бір тарлау өзегіне салып, жөнелтіп жіберіп, қастарына жалғыз Әділханды алып, бір тұмсықтан тосып қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий