Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл қимылды істеген Әділхан болатын. Өзі төртбақ келген айлакер, мықты Әділхан осы почтаны әдейі аңдығанды. Жұмағұлдардың арттарынан қуып отырып, жаңа кешке, аналар Күшікбайға түсіп, шайға аялдағанда, ілгері етіп кеткен. Қасындағы жолдастары Найманнан келген екі ер жігіт. Үшеуі өз жұмыстарын оп-оңай жайлады да, Шыңғысқа қарай қайта тартты.

Закон жағынан қарағанда бұл істің арты жаман болатынын және қашқындар халіне пайдасы аз іс болатынын Әділхандар есептемеген.

Тәкежан шағым айдапты, почтасы бүгін кеткелі жатыр дегенді өз аулына кеп ести сала, Әділхан ызаменен қайнап кетіп, қуа жөнелген. Тіпті арттағы Балағаз, Абылғазыға да ақыл салмаған.

Бірақ, істелер іс істеліп қалды.

Шыңғыс сыртында Сыбан мен Тобықты жайлауының жапсарында жататын үш кедей аулы бар-ды. Балағаз бен Найман жігіттерінің бір мекені сол. Бұл ауылдар осы күзде тегіс ашаршылыққа ұшырап, қақпан құрып, тышқан аулап, сорлап тұрған кезінде Балағаздар айқасты.

Келді де тоқтық әкелді. Сауын сиырлар мен мінер аттар да берген.

Осы ауылдың шеткі бір үйінде Балағаз, Абылғазылар жатқанда Әділхан жетті.

Жігіттер Әділханға мақтау айтып, өкінбеске бекінді. «Енді болыс қалаға тағы шабады. Малтығып жүріп, әнеугідей отряд шығарады. Оған шейін итім жатсын ба? Үш-төрт күн ат тынықтырып, азық қамдап сайланып алайық та, Найманға тартайық. Аз күнде қар да бекиді. Жаз шыққанша Найман ішінен қайтпаймыз. Оған шекті жұмыс та ескіреді» десіп, байлау жасасты.

Бірақ Құнанбай есебі бұлардан тақысырақ екен. Ол Тәкежанмен қоса Ырғызбайдың үлкендерін жиған. Бұлар ғана емес, Байсал, Сүйіндіктерді де шақыртып алды.

– Асқан екен Балағаз! Жерге қақпай, тынбаспын! Енді ара түсер кім бар екен? Қолымнан алып көрсінші! Сол қашқынның бәрін де айдауда шірітем!

Осыны істемесем, Құнанбай болмай кетейін! - деп, жаман қалшылдады.

Жиған жұртқа ақыл салған жоқ. Байлауын айтуға, баталасуға шақырыпты.

Осы күні, дәл сол жиынға көз қылып, Тәкежанға «қалаға шап деді. Отряд әкел, қырғын көрсін бұл тентек ел» деп бұйырған-ды.

Жұрт тарап кетті. Барлық үлкендер Балағаз ойлағанды ойлап, қаладан ұлық пен отряд келетінін күтті. Бірақ сыртқа осындай лақап шашып жіберіп, Құнанбай дәл осы түнде отыз кісілік қол қамдады. Бұл түн Әділханның Балағаздарға жаңа жеткен түні.

Отыз жігіттің қастарына бес-алты тазы қосып беріп, қаруларын іштеріне тыққызып, Құнанбай бір-ақ сағат ішінде Шыңғыстың сыртына қарай суыт жүргізіп жіберді. Балағаздың жатағын Тәкежандар білмесе де, Құнанбай үйде жатып біліп алған-ды.

Тек бұл уақытқа шейін түк сезбеген кісі боп жата беретін.

Құнанбайдың сол жөнелткен жігіттері таң аппақ боп атып келе жатқанда, жан-жақтан саулап барып, үш қыстауды қоршап алды.

Балағаздың күзетке қойған жігіті иек артпадан тазы ертіп шығып жатқан аттылардың барлығын аңшылар екен деп ойлаған. Шыңғыс сыртында қар бекігенше түлкі қуып жүретін аңшылар бола беруші еді. Солар деп, селқос қалды.

Сүйтіп бұл күнге шейін ерлік пен жырындылыққа ешкімнен осал соқпайтын Балағаз, қапыда оп-оңайдан тұзаққа ілінді. Қуғыншы қолдың басы Ызғұтты. Үлкен өткір сапыны жалаңаштап ап, Балағаздар жатқан үйге бар жігітімен бір-ақ қаптады. Келсе, Балағаздың көзі ұйқыда жатыр екен. Бар жігіті тегіс бейқам. Жиыны он адам.

Ызғұтты сапының сыртымен бөксеге ұрып оятқанда, Балағаз басын төсектен жұлып алып:

– Қап, сорлы қылған тәңір-ай, не қара басып еді?! - деді.

Барлық сөзі осымен бітті. Тегіс тұтқын болды. Тысқа шығарып, он жігітті екі-екіден мінгестіріп жатты. Әр тұтқынға үш-төрт жігіттен кепті.

Балағаздың желкесіне Ызғұттының өз сапысы үнемі төнумен болды.

Құнанбай қолы үрдіс жүріп Шыңғысқа тартты. Он жігіттің ішінен осы күн кешке жол бойында жалғыз Абылғазы ғана қашып құтылды.

Ол өзінің артындағы жігітпен күбірлесіп, ақылдасып ап, кейіндей берген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий