Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Айдатып, байлату сұмдық деп білген. Арада дел-салда қалған Байсал, Сүйіндік сияқтылар бар. Бұлар өз малдары алынып, қаза көргендер. Сондықтан Балағаздардың тентектігін сол өз нысанасынан бағалады. Көпке де бой ұрмады.

Болыстар ісін іштерінен ақтауға да бата алмады. Белге соққандай болатын.

Құнанбайдың бұл күндерде астыртын құлақ салып қатты баққаны Жігітек іші, әсіресе Байдалы.

Қалың Жігітек айқын наразылыққа беттеді. Болыс тұтқындарды қалаға жөнелтті деген соң. Байдалы да бетін ашты. Өкініп, қатты қиналып отырып, ашу айтты:

– Ұялар, ойланар шағы жоқ екен ғой Құнанбайдың! Өз қолымен, ағайын ауқымымен жазаласа, ара түсер кісі бар ма еді. Елге, жұртқа не дейді?

Қасқырша өз күшігін өзі жегені ғой. Жігітектің ендігі жасына да жендет боп шықты ғой тағы! - деген.

Есітсе есітсін деп айтты. Бір емес, бірнеше рет айтқан. Құнанбай осы күйді біле сала, баспақ болды. Енді алдыңғыдан да үлкен зәр жұмсап, сонымен баспақ.

– Жігітек ұрлыққа жерік боп, ұрыға серік болайын деген екен. Ендеше қашқындарға мүйізі сырқырайтынның бәрі жаза шексін! - деп, Тәкежанға жорға Жұмабайдан сәлем айтып жіберді.

Тәкежан, Майбасарлар сол сәлемнен соң Жігітек ішінен он жігіт емес, отыз кісі тізді. Қараша, Қаумен, Үркімбай, Қарақан бар. Анау жолда малдарын айдап қайтқанның бәрін тіркепті.

Ол ғана емес. Бұл екеуі Базаралыны да көзеп берді. Өзара ақылдасқанда Майбасар:

– Поштаның таланғанын ойлаймысың? Есіңе алшы! Пошта жүргізілетін күні Базаралы келіп, барды біліп кеткені кәне! Сол жолы өз еліне бара сала, Әділханды аттандырған да сол. Көзбе-көз айтып кеткен қияс сөзі әлі есімнен кеткен жоқ! Осы бәленің тап ортасында жүрген Базаралының дәл өзі. Оның сырты момын, іші қу! - деген.

Тәкежан өзінің де Базаралыдан әлденеше рет көрген тізесін еске алды.

Сөйлетпей, тапап кеткендей боп жүретін омырауы бар. Балағаз айдалып кетсе, ертең артынан жоқшы боп шығып, бүлік шығаратын да сол. Сондықтан Майбасарды құптап:

– Ақылыңыз көкейіме әбден қонады. Қадағанда нағыз қатты қадайтын сол!

– деп, Базаралыны бірге көрсетті.

«Жігітектен отыз кісі хатқа тізіліпті!» деген хабарды есіткенде, Байдалы өз аулына Базаралыны шақыртып алды. Екеуі оңаша отырып, көп сөйлесті.

Байдалы көптен бері ішке жиып жүрген бір ойын ашты.

– Бала күнімнен бері қарай, ылғи ғана қапылықтан шеккен өкінішті білем.

Құнанбайдың өртіне түскенде, ұдайы опық жеумен түспедім бе? Бүгін міне тағы сол баяғы сорым ғой. Жаз бойы Құнанбай ұры атандырды деп, өзіміз де Балағаздарды ұры, қары санап, қоса қуып келмедік пе? Бүгін ойлап, болжасам, сорлылар ұрлық емес, өжеттік бастап жүр екен ғой. Ежелгі бір кеселге кекесін көрсеткен екен. Аш-арықтың ішінен бұларды қарғаған бір жан көрдің бе? Ұры демеймін! Өктеп шыққан өз тәнім, өз баурым деймін! Бүгін соны Құнанбайдың мынау ісі біржолата танытып отыр. Қаумен, Үркімбайға шейін көрсетіпті. Тағы кім бар? Кімді аман қойды дейсің? Елдіктен кеттік пе? Тағы да кетіскеніміз бе?

Жоқ, жарым жолдан қайтара ма? Тәкежан, Майбасардың шалалығын өзі де қостай ма? Не дейді? Жігітек сәлемі осы! Сен қазір атқа мін де, Құнанбайға барып кел. Тілің жетеді. Кеудеңдегі отың да жетеді. Істегенім істеген дейтін болса, аянба! Барды айтып кел! - деді.

Байдалының бар мінез, бар сөзін мақұл көріп, Базаралы атқа мінді. Бірақ әуелі Қарашоқыға бармай, Мұсақұлға қарай тартты. Өйткені Жігітектен көрсетілген отыз кісінің кім-кім екенін бұл жақ әлі білмейтін. Жалғыз ғана Қаумен, Үркімбайлар барын еміс естіген.

Жолшыбай Базаралы болыс кеңсесіне барам деген ниетін өзгертіп, Жидебайға соқты.

Абай үйде екен. Кешелер, Тәкежан мен Майбасардың жаңа желіктерін есітіп:

– Жаман бақсының жын шақырғанындай тантырап, жұрт берекесін кетірді-ау мыналар! - деп, кеп қынжылған-ды.

Бүгін Ерболды Мұсақұлға жіберген. Тізімде кімдер барын білмек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий