Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Базаралының әуелгі айтқаны Тәкежан қылығы туралы. «Елдің жазықсыз кәрісін, жетпеген жасын қосақтап тізіп, сорлатқалы жатыр. Құнанбайды кәртайды, естімейді дей ме, болмаса тұғырдан тайды, әмір құдыреті жүрмейді дей ме?

Осындай әкенің көзі тірісінде, сол Тәкежан, Майбасардың соншалық іске батылы қайтып барады?» деп, сұрау салды.

Құнанбай жауаптасуға сараң. Тек қана «Тәкежанға бардың ба, өзімен сөйлестің бе?» деген.

Базаралы оған бармағанын, бірақ барлық жайға қанып ап, ең алдымен осында келгенін айтты. Тізімдегі адамдарды санады. Байдалының айт дегенін жеткізді. «Тәкежан өз баурын өзі жейтін бөрі» болғалы отыр. Кеткеннің бәрі өлімге кетеді. Бұл ағайыннан құтылатынына Тәкежанның көңілі сенсін. Тіпті, жандарына кебіндерін де бөктеріп жіберсін. Мұнда аш-арық боп қалатын панасыз бала-шағаның көрін де қазсын. Бірақ осындай аямастық жаулықтың орайы болар деп ойлай ма, сірә, жоқ па?» деп, бір тоқтады.

Құнанбай барлық сөз аңғарын ұқты да, жақтырмады. «Күш айтқалы кепсің ғой! Күш дегенді кісі тілмен танытпайды. Көргенің Тәкежан екен, бар да сонымен сынас!» деген.

Айтыс қысқарған сияқты. Базаралы ең соңғы түбірлі сөзін айтты да, жұмысын бітірді. Ол сөзі кесесу болатын. «Тәкежан дегеніне жетсін, аямасын!

Тегінде ниет те бір, істеген іс те бір. Жалғыз-ақ аямас қастыққа орай, айықпас өштік болады. Болғанда, айыпкер Жігітек болмайды. Атадан нәсілге кетер жаулық осы арадан басталды». Обал-сауабы кімнің мойнында екені көрінді.

Айтып, арылып шықпағы осы ғана... Өз жанынан айтпайды. Үйелменді ел Жігітек бар. Сол айтқызып отыр. Осыны Құнанбайға жеткізіп кетуге ғана келіпті... Білдіргені осы.

Құнанбай тыңдап болды да:

– Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! - деді.

Базаралы шығып кетті, Құнанбай жалғыз көзін жұмды да, қабағын түйіп, ойланып қалды. Әйеліне қазіргі түсі қыраулы қыстай, жат сезілді. Барлық жүзінде жойылмас таңбадай боп, кәрілік табы айқындап тұр.

Нұрғанымның жақсы ертегісін қайталатқан жоқ. Сипатып отырған аяғын да жиып алды. Өзге Тобықтыға бермеген еркіндік беріп еді Базаралыға. Қазір содан қатты тізе көріп қалған сияқты. Жас жігіт, адалдық ақтығымен өктеп тұр.

Шындап ойласа, Тәкежандардың шектен асып жатқан істері бар.

– Өзгелер бір төбе, Базаралы бір төбе емес пе еді? Аянышты білсе, нетті шіркіндер? - деп, күрсініп қалды.

Жігітке арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны рас. Бірақ Базаралы сияқты адамдарды атап берген Құнанбай жоқ болатын. Қазір мына жігіттің өз басын қимағандықтан, бір сәтке қынжылып қалып еді. Артынан қайтадан қатайып кетті. Жанағы Базаралы Жігітектің тобынан келді. Сол топтың ашуы мен кегін ұстанып қапты. Ол жер осал емес.

Құнанбай осымен екі ұдай боп отыр. Астан кейін Базаралы қарсы үйге жалғыз жатты. Екі-үш күннен бергі ашуы Құнанбайға айтқан сөздермен біраз жеңілейген сияқты. Алдынғы күнде ызаға толы, ұйқысыз түндер болатын.

Сонымен, төсекке басы тиісімен ұйықтап кетті.

Қай мезгіл екені белгісіз. Бірақ қап-қараңғы үйдің ішінде бір кезде сескеніп оянды. Байқаса, дәл қасына біреу кепті.

– Ой, бұ кім? - деп еді.

– Сескенбе, менмін! - деген үн есітті. Нұрғанымның үні екен.

– Бәтір-ау, мынау жынды неғып жүр?! - деп, Базаралы басын көтеріп алды.

Нұрғаным сасқан жоқ. Салмақпен ақырын ғана күліп қойып:

– Тоқта, саған менің көңілім сен жоғыңда қосылған... Мырзаның өз тілі қосқан! - деді де, Базаралыны қатты құшақтап кеп, сүйіп алды.

Жігіт те бұдан әрі үн қатқан жоқ. Екеуі өзгеше бір ыстық жалынмен үш қайтара сүйісті. Содан кейін Нұрғаным тез тұрып кетуге айналып еді, Базаралы қия алмай, бірге түрегеп:

– Жаным-ай, жай тұрған жүрегімді астан-кестен еттің ғой. Енді несіне кетесің? - деп, тағы құшақтады. Бірақ Нұрғаным енді бұдан тартынып, босаңқырап алып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий