Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыныңды ұмытпа! - деп қалды.

Құнанбай Көтібақтан басқа қалған қолын іріктеп алып, әлі де қалың нөпір болып, Қарашоқыға қарай тартты.

ЖОЛДА

1

Бейуақ еді. Кеш қараңғылығы қоюланып келеді. Үлкен үйдің бұрыш-бұрышынан қарауытып түн туып, тұтасып келе жатқан тәрізді. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. Кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі, меймандос, мол үй. Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен бірге тұратын үйі осы еді.

Әлі шам жағылған жок, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын терезенің алдына салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жақта, жер төсектің үстінде бала уатқан Зере бар. Тізесімен тербетіп отырғаны - Айғыздан туған немере қызы үш жасар Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген, ана жүрегіндей айнымас жыр. Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің әмірлік көй-гөйі. Сырт қарап отырған Абай әженің кейде шерлі, кейде мейірбан рақым күйін өзін тербетіп отырғандай сезеді. Аяқталмай созыла түссе екен дейді.

Осы қыстауға қонғаннан бері кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады.

Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді.

Кәмшат тез ұйықтамайды. Қазірде де, ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр: ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін ашып алады.

Ұзын кірпігін ұйқылы-ояу қағып, «тағы айт» дегендей қыңқылдай бастайды.

О да құнығып алған. Осындайлық бейуақ шағын Абай әрқашан үнсіз, жым-жырт қана өткереді. Өзімен-өзі ғана болуын сүйіп, саяқ қалады. Егер ол кей күндер бұл шақта тыста болса, жапа-жалғыз төбе басына шығып кетеді. Қыр кеші бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұңдасы тәрізді.

Құлағы әжесінде, екі көзі сонау алыс көктау, қатпарлы қалың Шыңғыс жотасын қыдырады.

Жидебайдан жиырма шақырымдай жердегі Шыңғыс кешкі шақта ымырт жабыла, көкшілденіп, суық тартып алыстай береді. Жайын күштің жотасы тәрізденген қалың ауыр жоталар мен қатаң суық серек тастар болсын, баршасы да жым-жырт қана сілейіп, түнге бейім ұсынып барады.

Соңғы күндер ол тауларда не хал болып жатыр. Бұл ауылға әзір мәлім емес.

Бірақ Борсақ, Бөкеншенің Қарашоқыдан қуылғаны, күңірене көшіп кеткені анық. Қалың Шыңғыс, қатпарлы бөктер бұл күндерде пәлелі бөктер екені анық.

Абай соны ғана біледі.

Таудан соққан салқын ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық лептің қарсысына ана жыры, мейір-шапқат жыры үн қосады. Құшағына тартқан өзгеше күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз. Абай біртүрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп, бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырып телміріп қалды.

Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғары шетін ала кірген ай, бір көрініп, бір сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп, дәл жасырынбақ ойнағандай құбылды.

Кейде біржолата білінбей батып кетіп, артынан тез жарқ етіп, күліп шыға келед те, лезде барып тағы шомады.

Келесі сәтте көзін қысып, сығырайтып, әдейі ойнағандай боп, бір жақ шетін ғана көрсетіп, сызып қалқып отырады да, тағы да сөне қалады. Абай дәл мұндай болып құбылған ойнақы айды ең алғаш байқағаны осы еді. Тағы бір рет ай шеті қылдырықтай боп көріне түсіп, сене қалғанда, еріксіз күліп жіберді...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий