Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер.

Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма! - деді.

Абай жүріп кетті. Артына бірнеше бұрылып қарағанда, аналары үйге кірмей, ұзақ қарап тұр екен. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған секілді, Қазірде бұның жаны ашыған тілеулесі Бөжей.

2

Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды.

Құнанбай кішкене қаланың тап ортасындағы, көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл татар саудагерінің үйі.

Бұл қалаға аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай пәтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың әрқайсысында өзді-өз тобымен ошарылып орнап жатқан Майбасар, Жақып, Қаратай сияқты Құнанбайға тарапты кісілер бар. Майбасар мен Құнанбай пәтерлерінен күндіз-түні табылып тұратын тілмәш, стражниктер болады. Майбасарға тиісті атшабар Қамысбай, Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз жігіті, өз атшабары - Қарабас та барды.

Бұлардан басқа, жай ерте шыққан бір топ жігіт-желеңі тағы бар. Құнанбай жігіттерінің ажарын өзгеден басқарақ көрсететін бірен-саран басқа тұқымның жігіттері де бар.

Тегінде Құнанбай қолында Ғабитхан сияқты татардан, Ызғұтты сияқты қырғыздан, Бердіқожа сияқты қожадан келген, тіпті, шеркестен де келген жеке адамдар, немесе тұтас ауыл, топтар көп болушы еді.

Жиыны отызға тартатын нөкерлер сегіз үйде жатады. Қарқаралының тап ортасы Тобықтының бір аулындай болды. Әке қасынан ерігейін десе, Абай анда-санда осы үйлерді шетінен аралап, өзінше ермек тауып кететін.

Бүгін де таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Күн шағырмақ ашық, Қарқаралы атырабындағы өлке жота жалтырап, аппақ сіреу боп жатыр. Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай атаулысын күпсек қар басқан. Абайға ағашты таулар, қазірде, ақ шидемін айналдырып киген, қыс кәрінің өзіндей көрінді. Шытқыл аяз бар. Терісінен ескен болымсыз ғана жел лебі білінеді. Абай түлкі тымағының бауын байлай бастап, әжесін есіне алды. Жүрерде: «Тымағыңның бауын байлап жүр.

Құлақтан тиген шаншу жаман болады. Көресіні көріп отырмыз ғой міні» деп, өзінің мүгедектігін мысал еткен. Суықтан сақтана жүруді көп айтқан.

Сау ма екен өзі?.. Әрбір аяз, әрбір боран күні, әсіресе, еске алатын шығар-ау!» - деп, Абай Жидебайдағы үйді тегіс есіне алды. Өзі де шешелерін сағынған-ды.

Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сықыр-сықыр етеді. Үшкір тұмсық жаңа қара етігі бар еді. Сар-кідір болған қардан тайғанай береді. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген. Қара мақпалмен тыстаған түлкі тымағы бар. Үлкендер пұшпақ тымақ кисе, соңғы жылдарда бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан еді. Үстінде тиін ішіктің сыртынан киілген, жағасы қайырма қара барқыт қаптал шапаны бар. Құла түсті ықшам тігілген шапан. Аса ұзын жең емес. Кең қолтық, ұзын жең үлгіні осы Қарқаралы қазағы ғана киеді. Олардың жағасы да Тобықты үлгісінен басқаша, Тобықты тымағы Қарқаралынікіндей төрт сай емес, алты сай болатын. Абайдың кигені сондай өз елінің тымағы. Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс белбеу. Бұ да - анық бозбаланың белгісі.

Абай көше бойында салт атпен топ-тобымен өтіп жатқан ел кісілерін көріп келеді. Көпшілігі Құнанбайдың пәтеріне кетіп бара жатқан жандар. Күндегі машық бойынша келіп жататын атқамінер, даугер арызшылар.

Абай Майбасардың пәтеріне жетті.

Қақпадан кіре бере жабық қоралардың алдында топталып жиылып тұрған көп Тобықтыны көрді. Бөтен кісі жоқ. Тегіс өзіне мәлім ағайын, туысқандары.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий