Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кең ауладағы топтардың ру-руларын, киімдерінен басқа, тағы бір белгілері айқын білдіреді. Қарабас Абайға әр рудың атына басқан таңбасын да кеше күндіз айырып-айырып айтып беріп еді. Абай қора ішінде келе жатып, әр топтың тұс-тұсында байлаулы тұрған аттарына қарап, сандарынан таңбаларын көріп, іштен танып келеді. Анау: «көз таңба» дейтін қос дөңгелек - Арғын, Бошан аттары. Мына біреу «ашамай» таңба Керей. Ал ана біреу көк ат ше? Е-е, ол «шөміш» таңбалы - Найман екен ғой. Бұл жақта Найман да бар екен-ау!..» деді. Екі жерде араптың «шын» әрпіне ұқсаған Төре таңбасын да таныды. Абай тыста осы жайларға қарай түспек еді, бірақ үлкендер тоқтамады, бәрі де үйге кірді. Жақып алдымен жүріп кеп, Құнанбай отыратын бөлменің есігін ашты.

Үшеу-төртеуі тұтас кіріп, сәлем берісті. Үлкен жарық бөлменің есігінен төріне шейін қымбат қызыл кілемдер жайылған. Қабырға атаулыда қала сәнімен жиналған ішіктер, кестелі жайнамаз, оюлап жазылған дұғалықтар. Төсек-орын, құс жастық, жібек шаршау, шілтерлер де көп. Үйде топсалы үлкен үстелдің жанында жуан-жуан ақ жастықтарға шынтақтап Алшынбай мен Құнанбай отыр екен. Мыналар даурыға сәлем бергенде, үйде отырған екеуінің еріндері болымсыз ғана жыбыр-жыбыр етісіп, сараң сәлем алысты.

Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды.

Сөйлеп отырған Алшынбай екен. Сөзін үзіп мыналарға қарап, аз бөгеліп еді, Құнанбай: «Айта беріңіз!» деп ишарат етті.

Толық дөңгелек денелі, қызыл жүз, ақ сақалды Алшынбай, тірсекжең қара қамзолдың сыртынан пұшпақ ішігін желбегей жамылып отыр екен. Басында сұрғылт түсті сырма тақиясы бар. Қазақы тақия. Сол тақиясының екі самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен ақ құйқа көрінеді. Жаңада қырылған ақ шашы қайта тебіндеп шығып келе жатқанмен, Алшынбайдың тазын жасыра алмай тұр.

Биік қырлы мұрнын көтере сөйлеп, Алшынбай есікке қарап отырып:

– Баймұрын өзі де тыржыңдап, өкпе сазын білдіргендей... - дегенде, Құнанбай басын тез көтеріп ап, Алшынбайға бұрылды. Алшынбай Құнанбайдың сұрланған жүзіне байыппен қарап:

– «Бөжейді қонақ асыға шақырсам, Құнанбай жақтырмайды дейді. Енді менің қазанымды да Тобықтыға билеткені ме Алшынбайдың» деп, маған кінә тағады білем... - деді.

– Анамен сөйлесіп пе өзі? Оның сойылын не деп соғады екен Баймұрын, сонысын айтты ма?.. - деп, Құнанбай жаңағы өзін теріс қып көрсететін сөзден аттап түсті.

«Анау» дегені кім екенін Абай біледі.

Алдыңғы күні осы Алшынбаймен бірталай сөйлесіп кеп, аяқ кезде Құнанбай Бөжейге арнап бір қатты суық сөз айтқан: «Бөжей арыз беріп аяғымнан алғанын қойсын! Болмаса, сұр шекпенді кигізіп, бойын кездеп, айдатқанша тоқтамаспын!» деп еді. Алшынбай мен осы Қарқаралы қазағының тағы бір жуаны Баймұрын арқылы Құнанбай мен Бөжей арасының шарпысқан сөздері жүріп жатқан-ды.

Бүгін Алшынбай сондағы сөздің ендігі өрісі қалай ауғанын айтпаққа келген болу керек.

Баймұрынның Бөжей жақты ұстағысы келетіні жалғыз жаңағы сөз емес, одан басқа жерлерде, Құнанбайдың әралуан ашу сөздерінен білінетін. Әлгі бір леп соның сарыны... Оны Құнанбайдың тыңдағысы келмейтін, ұстасқан кісісі дәл Баймұрын емес.

Өкпелесе өкпелей берсін. Оның өкпесі батса, Алшынбайға батады.

Құнанбайды оншалық қайыстырмайды. Екінші, Алшынбай Құнанбайға жаңағыдай білдіргені болмаса - «Сен үшін маған Баймұрын туысқаным өкпеледі», деп міндет қылатын кісі емес.

Соңғы жылдар бойында Алшынбай, Құнанбай достығы талай сыналған.

Туыстан «құдалық», «достық» тәтті болып, екеуі бірі арқылы біріне келген жеңіл-желпі ауыртпалықты есептеспейтін. Сондықтан, алғашқы сөзін әлгімен тастап, Алшынбай Құнанбай күткен жауапқа көшті.

– Әуелі жауап сөзінің өзін айтайын, кейінгі шарасын ақылдасамыз ғой.

Бөжей анау сәлеміне шапшып жауап беріпті. «Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз...» депті. Баймұрын ба, басқа ма, дем беруші тапқаны болар!.. - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий