Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соны күндейтін де кісі көп. Алдымен анау көрпіс, мына жаңағы Майыр күндейді. Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы! - деді.

Құнанбай көпке шейін үндеген жоқ. Татулықты Алшынбай сұрағанда, қай жауабын болса да ойланбай айту қиын. Анығында, бар Қарқаралы дуанының шын дүмшебайы осы Алшынбай. Көп рудың нелер үлкен дауы да осының алдынан тарайды. Одан бері де ана бір кезде Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандығынан айрылған.

Алшынбай достығы арқылы ғана аз ғана Тобықтының Құнанбайы аға сұлтандықты алған... Және Бөжейді жау қып қуа берсе, астында жатып та аяғын шайнайтын түрі бар. Аңғар солай боп барады. Онан соң істесе Бөжейге бұл істеді, Бөжей әлі бұған не істеді?.. Алшынбай сұраса бергеннен абзалы жоқ екен деген байлауға кеп еді. Өздігінен «тез келермін» деген байлауы емес екені рас. Алшынбай емес, өзге кісі айтса да бүйтіп тез қайтпас еді.

Енді мына тұс оның бәрінен бөлек... Сол себепті Құнанбай бекінді де:

– Алшеке, айналаны көріп, болжап айтып отырсын ғой. Достықпен айтып отырсың. Аңғармасам айыпты болар ем. «Қайтпас-ақпын» деп едім. Бірақ жалғыз қатыбас мен болайын ба? Ақыры құдай білсін, өзің біл, өзің аяқта! -деді.

Сөз сонымен бітті де, Алшынбай біраз отырып үйіне қайтты. Абай Бөжей үшін риза еді. Тіпті Алшынбайға да іштей көңілі жылы тартқандай болды...

Түсі суық, рақымсыз жаулықтың енді беті жылынып, татулыққа айналғанын Абай «уһ» деп, күрсіне сүйсініп қабылдады.

3

Осы сөз болған күннің кешінде Абай Қарқаралы қаласын жапа-жалғыз аралап кетті. Кейде бір іші пысып, жүдеу тартса, немесе бір нәрсеге риза боп, көңілі өрбісе, осылайша жалғыз кетіп қалушы еді... Күн кешкіргенмен әлі батқан жоқ екен. Қала желкесіндегі әсем таудың қарағайлы жотасында қызыл арай сәуле бар. Тау басында жел тұрды білем. Тоғайсыз ашық жондар да сырғақ көрінеді. Жаяу борасындап, ұйтқи түсіп қызғылт құйын ұшқындайды.

Қала ішінде желсіз шыңылтыр аяз білінеді. Жайсыз суық емес. Бойды ширықтырып, жинақы ұстататын жеңіл мезгіл. Таудың қалаға қараған бетін кеш көлеңкесі басқан. Жақын жердегі жақпар тастардың өзі де қазір көкшіл көлеңке ішінде көгілдірленіп, алыстай түсіп, түнге бейімдеп барады...

Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді... Бір уақытта пұшпақ айналып, даурыға сөйлеп келе жатқан жаяу топты көрді... Көп адам болса да, ішінен Абайға таныс кісі білінбеді. Күлісіп, дабырласып сөйлеп келе жатқан ылғи жұпыны киімді жатақтар... Жаяу жүрістерінен де қаладағы қаракет адамдары екені танылып тұр.

Бүгін Абай көңілі дүниенің бар көрінісінен бітім, жарастық іздеген бір мейрімділік халінде. Жас, кәрісі аралас тегіс құрдастай күлісіп келе жатқан топ Абайға қызықты, жарастықты көрінді.

Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырып, тосып қалды. Бірақ топ ішінен мұны байқап, елеген бір жан да жоқ. Аяқтары шыны қарды шақыр-шұқыр басып жақындап қалды. Абай енді байқады. Бар топтың ентелеп қамағаны - үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен... Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан сол.

Бір тосын, ғажап нәрсе: шалды екі жағынан қолтықтасып келеді. Шал өзі басын тік ұстап ілгері басып келе жатқаны болмаса, ешқандай бет бұрмайды.

Сөйлегенде де ешкімге қарамай, тура бет алдына қарай сөйлеп келеді...

Абай мынадай өзгеше шалды бірталай аңырып, хайран қап тұрып зорға аңғарды. Қарт соқыр екен...

Топтың мұны байқамағаны тіпті жақсы болды... Қасынан өте бергенде Абай да қосылып, ере жүрді. Осы көше бойында жалғыз Абай емес, қақпа алдында отырған, қарсы келе жатқан кісінің бәрі де шал тобына қызығып, ілесе келеді...

Кейінірек келе жатқан бір бурыл сақалдыдан Абай:

– Бұл кісі кім, аға?.. - деп еді. Анау таңданып:

– Е, білмеушімең Шөжікеңді?.. О не дегенің?.. Бұл - Шөже ақын емес пе? -деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий