Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы. Атын ести сала ол бурыл сақалдан сытыла жөнеліп топтың алдыңғы қатарына ілесіп, Шөжені жақсылап қарап, сөзін тыңдай бастады.

– Шөжіке, бізге жүр!.. Біздің үйге келдік міне, айтып тұрған мына мен Бекбергенмін, - деді бір қырма сақал жаяу...

– Жо, бізге барады...

– Уа, қойыңдар, мен өзім алыстан ертіп келемін!..

– Ой, не дейсіңдер? Шөжікеңнің түскен үйі біздікі!.. Аты біздікінде тұр! -деп, тағы біреу үн берді.

Осындай керіс үстінде топ тегіс иіріліп тоқырап қалды. Әрлі-берлі өткен жүргіншілер тағы кеп қосылып жатыр. Жаңағы даурықтардың бәрін естіп, тоқыраған Шөженің өзі. Ол қатты, ашық дауыспен қарқылдап сүйсіне күліп:

– Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба?.. – деді.

Жұрт тегіс қадірлі қарттың аузынан шыққан лебізін күтіп:

– Айт, айт... Шөжіке!.. Уа, төресін өзің айт!

– Уа, қайда қонасың, өзің таңда! - десіп, аңталай бастады.

Шөженің даусы бұл дабырдың бәрін басқандай, зор екен.

– Уау, осы жегізбегің - асың, жаймағың - төсегің ғой... Дән ырзамын, ағайын... Бірақ ырзамын деп қана қоймаймын, осы жаңағы «маған-маған» деп даурыққаныңның бәріне де барам... Бәріңнің де асыңды ішем... Шөженің көмейіне тас тығылып қала қоймас енді бұл бес-он күнде... Сол сарайым сау болса, жаңағы үн бергеніңді тегіс мұрныңнан тізіп тұрып, бір күн түстік, бір күн қонақасы жеймін... Ал, қазір болса, күн ызғырық тартты. Кешкірді білем.

Менің кәрі сіңірімді соза бермей, осы ең жақын қақпаның біріне бұрамысың, әкелер?.. - деді. Бастан бергі сөзінің барлығын күле тыңдап тұрған жұрт еріксіз тоқырады... Ең жақын үй осы қақпасының алдында жиын тұрған үй еді.

Қора иесі қалбалақтап, ішке қарай жүгіріп кетті. Жиын тарқай алмай, Шөжені қимай тұр.

Қонақасы жайынан тоқтам тапқан ел, енді Шөженің бірер ауыз сөзін естімей кете алатын емес.

Шөженің қасында тұрған бір қартаң кісі ақынға қозғау салғысы келді білем:

– Уа, Шөжіке, дуанға жаңа келдің ғой, мұндағы дақбыртты естіп жатырмысың? - деп еді, Шөже:

– Е, е, айт! Не дейді? Не деп жатыр дуаның? - деді.

Жаңағы қартаң кісі қала жаңалығынан хабардар екен. «Құнанбай салған мешіт бітті. Алшынбай, Құнанбай соны той етпек және аға сұлтан Құнанбай ағайынымен бітісетін бопты. Ұлықпен Алшынбайлар табыстыратын бопты! -деді.

Абай мына сөзге аса қайран болды. Өз әкесінің атын дәл мына жерден естимін деген жоқ еді. «Мешіт бір сәрі, тіпті оның араз-құразы да иен жұртқа мәлім екен-ау!» - деп таңданды.

– Е-е, араздасам деп, ұлықтығынан айрылып қалмасын дейді ғой.

– Құнанбайдың қамқоры Алшынбай бопты ғой.

– Әрине, бәр-бәрін жалғастырып, септестіріп жүрген сол Алшынбайлар...

– Тобықтыға абырой әперіп, ұлық қып, үске шығарып қойған да сол өздері.

– Енді міне Тобықтының жемпаздары қасаптың да семізін, лапкенің де қызарғанын құртып барады. Осы маңдағы қос атаулының да қысыр тайы мен ту биелерін түгел жемей кететін емес... - деседі.

Шөже осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете қоя берді. Ашық даусы саңқылдап:

Болыпты бір ақсақ таз және соқыр

Құранды мысық сопы молдаң оқыр.

Болғанда ақсақ дария, соқыр қарға

Ортасын дарияның қарға шоқыр, -

деді. Жұрт тегіс ду етіп күліп жіберді... Шапшаңдығына, айтқыштығына қайран боп, таңдай қаққандар да бар.

– Ақсақ тазы - Алшынбай...

– Соқыры - Құнанбай.

– Не қыл дейсің? Ал, қайтпас кәрің жалғыз ауыз өлеңмен жайратты да салды! - деп жұрт жапырлап сөйлеп жатыр... Абай бұл сөздерден қатты ұялып қысылды да, шеттей берді.

Осы кезде үй иесі шығып Шөжені ерте беріп еді.. Жиын тарамастан бұрын Абай жалғыз бөлініп, өз үйлеріне қарай асыға жөнелді.

Төмен қарап келе жатқан Абайдың құлағынан жаңағы бір ауыз өлең әлі айыққан жоқ. Бар сөзі есінде... Ішінен қайта-қайта айтады. Жаттап апты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий