Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мынау жалғыз ауыз өлең бағана, күні бойы күмбездей боп үлкен көрініп отырған екі рудың екі шоқысын бір-ақ соғып жермен-жексен етті. Тайпитып кеткен сияқты көрінді.

«Алшеке, Алшеке» дегендері - «ақсақ таз» аталды. Алшынбай сылти басады, ақсақ екені рас. Ал, «аға сұлтан», «мырза» атанған өз әкесі - «қарға!» Қандай қарға? Қарқаралының ен байлық, ел дариясының жалғыз еркесі. Жақсы-жәйлісін жапа-жалғыз қызықтап, шоқып жеп отырған қарға!..

Әлемде сөзден күшті не бар екен? «Сөз өңменіңнен өтеді ғой» деген Қаратайдың тағы бір тапқыр сөзі есіне түсті.

Осындай өз ойымен өзі боп, ішінен аса қатты теңселткен бір күшті сезген Абай көшені де, көшедегі жүргіншіні де аңғармай, көрмей келе жатыр.

Бір пұшпаққа жақындап қалған екен. Дәл бұрыштан бұрылып, бұған қарсы шыққан үш аттыға көзі түсті.

Аңырып тұра қалды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен. Ортадағы түлкі тымақты, күрең төбел атты – Бөжей. Ақсұр жүзі жабыңқы.

Қоңырқай мұрты менен сақалына кешті аяз қылау салыпты.

Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдына жұмысы бар кісідей көлденеңдеп кеп, тосып тұрды. Аттылар мұның қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақындап, тұстас келді.

Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:

– Ассалаумағалайкүм!.. - деп сәлем берді. Медреседе жүргенде: «Көшеде қазіретті көрсең, осылайша тағзым ету керек» деп халфелер үйретуші еді.

Абай көптен бері-ешкімге бүйтіп сәлем беріп көрген жоқ. Қарқаралыға келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай қалған-ды.

Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:

– Уағалайкүммәссәләм, балам!.. - деп тоқырай қалды.

Байсал Абайды жаңа таныған еді. Жақтырмай, мұрнын тыржитып:

– Өй, мынау екен ғой, жә жүрші! - деп, атын қозғай беріп еді, Бөжей:

– Тоқташы! - деді.

– Ей, сол антұрғанның баласының сәлемін алушы ма ем?.. - деп, Байсал Абайға қабағын түйе қарады.

Абайдың екі беті ду етті. Оқыс жалын беті емес, ішін де шарпып өткендей.

Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, Байсалға қадала қарады.

Бөжей Абай күйін жақсы таныған сияқты еді. Байыптап қарап алып:

– Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе? - деді.

– Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..

Абай болса, күндізгі өзін көңілдендірген күйін ұмытпаған болатын.

Қарқаралының кейбір көше қазағы естіген татулық жайын Бөжей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты. Жаңа, кешке жақын ғана Алшынбай бұл үшеуіне кісі жіберіп, өз пәтеріне асқа шақырған екен. Не сөз барын білмесе де соған аттанып бара жатқан беті осы еді.

Абай жауабын естіген соң Бөжей ықыласпен қаран түсіп, жақындады да:

– Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым!... - деді.

Байсал бұл сөзді де жақтырмай сырт қарай беріп еді, Бөжей оның қозғалысын танып:

– Ей, Байсал, сен бата бермегенмен, мынау болайын деп тұрған бала ғой, -деді де, Абайға бұрылып:

– Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін! - деп, бетін сипады. Абай да Бөжейге қадала қарап тұрған қалпында бата қылып, бетін сипап еді.

Аттылар жүріп кетті. Байдалы бағанадан үндемеген еді. Енді ғана Бөжейге қарап:

– Екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап тұр екен өзінің... - деді.

Абай тұрып-тұрып барып қана қозғалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий