Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Торғайды айтқанда Майбасар шыдай алмай күліп жіберді де, Құнанбайдың ашулы түсіне имене қарап, тәуба қыла қалды. Ішінен күлкіден өлердей қысылып отыр еді. Абайға да бұл теңеу аса қызық көрінді... Оның көз алдына:

тұрымтай салып жүргенде, ін аузында қылпылдап отыратын шақшақ елестеп еді... Шынында мына сорлы тілмәш дәл соның өзі сияқты. Бірақ сөздің беті қатты. Күлер жер емес. Абай Майбасардың жаңағы жеңілтек күлкіден қысылғанын таныды да, өз бойын тежеп қалды.

Тілмәш бөгеле отырса да, Құнанбай сөзін жеткізген еді. Майыр сасқан жоқ.

Саңқылдаған зор даусымен қатты сөйлеп, шұбыртып кетті...

– Әкімшілік еш кісіден кек алу үшін берілмейді бізге... Бөжей Ералиновтан түскен қағаз көп, тексеру керек! Және ол үшін ренжитін кісілер де көп.

Айдатпай тоқтай тұр! - деді.

Осыдан соң екі жағы да шапшаң сөйлесе жөнеліп еді...

– Сөйтіп арпалыстырып ұстамақсың ғой? Көздегенің сол ғой?

– Жалғыз мен емес... Бұрын аға сұлтан болған Құсбек, Жамантайлар да солай қарайды. Тіпті, мына Алшынбай білетін Баймұрын да солай ойлайды...

– Олар кім? Бірен-саран!.. Олар аздар! Және күндестікпен сүйтеді. Көп елдің көп атқамінері менің сөзімді құптайды. Көрмей отырмысың соны?

– Аз болса болсын. Бірақ закон - патша закон ы, олардың куәлігін де тыңдайды. Олардың сөзі де жетеді жоғарғы ұлыққа.

– Жеткізетін сенсін ғой! Айыпкерді сен ұстаған соң, бел аспай қайтеді?!

– Құнанбай мырза, сен мені айыптама үйтіп! Бұл екі жүзді семсер сияқты жұмыс.

– Білемін. Қоймаңның сырын білемін сенің!

– Аға сұлтан! Орныңызды ұмытпаңыз!.. Біз екеумізді де көрпіс сайлаған, -деп Майыр трубкасын тұтатып алып түрегеліп, үй ішінде әрлі-берлі жүріп кетті. Ашумен қатты қызарып алған еді.

Құнанбайдың ендігі жауабын Алшынбай айтқызғысы келмеді. Дуанның екі бастығы бұдан әрі сөйлессе, ұрысқа кететін түрі бар. Ол орынсыз. Алшынбай өз көз алдында бұған ырық беруіне болмайды. Құнанбай үшін де және тіпті өзі үшін де залалды. Ол бағанадан үстелге шынтақтап, қыбыр етпей отырған қалпынан тез шалқайып:

– Ей, мырза! Ей, Майыр! Сабыр етіңдерші! - деп қатты айтты.

Алшынбайды жалғыз Құнанбай емес, Майыр да сыйлайтын. Талай қиын істе әлденеше рет істес болған. Әлі күнге түс шайысқан жерлері жоқ. Және Алшынбай өзі ұлық болып көрмесе де, түптеп келгенде, талай старшынды, тіпті кейде аға сұлтанды да сайлаушының ең мықтысы болатын. Оны да Майыр жақсы біледі. Есептеспеу қиын. Алшынбай үн қатқанда түрегеп тұрған Майыр Құнанбайға көз қиығын бір тастап байқап өтті. Құнанбай да Алшынбайды тыңдайтын тәрізді.

Майыр танаурап, қатты демігіп орындығына қайта кеп отырды.

Алқымында әлі айықпаған ашу бар еді. Демі дірілдей шығады.

– Сендер бұлай шалқиыспаңдар, ұлықтар!.. Мақұл емес! - деп Алшынбай сөйлей бастағаннан-ақ, қасқа тілмәш Майырға қарай қисая түсіп айтып жатыр.

– Біріңе бірің серіксің, ынтымақты болсаң ел билейсің. Ынтымақсыз болсаң неңді билейсің? Өз бәлең өзіңе жетіп, жұрт та қалар, жұмыс та қалар. Ұғысып істеңдер. Ал, өздігіңмен ұғыспасаңдар мына біздей, арадағы кісінің сөзін тыңдаңдар. Ол жайы сол!.. - деп, екі ұлыққа кезек қарап, екеуінің де қайтқан түрін аңғарып ап, Алшынбай:

– Ал жаңағы ақырғы жұмыстарыңа келсек, мына мен осы үйге, Құнанбай мырза, саған, - деп, Құнанбай жаққа ырғала түсіп, - сол жұмыспен келіп отырмын. Бүгін кешке шейін осы жұмыс туралы рұхсат беріңдерші! Майыр, қазір сен қайта тұр. Тұрақты бір жауабын бүгін кешке мен жеткізейін. Сендер екеуің боп, осы жайды сөйлегенді әзірше қоя тұруға бармысың? Соны айтыңдаршы! Осыны мен сендерден сұрап отырмын! - деді.

Алшынбай әңгімесінің тұсында Қарабас ауыз үйден қамыс тегенеге толтырып қымыз әкеп еді. Шүңет келген сырлы сары тегене. Қазірде Майбасар, Абайлар дыбыссыз ғана қозғалып, үстел үстіне асжаулық жайып, үлкендердің алдарына жылтыр сары тостағандарды толтырып қымыз қойған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий