Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бетінде азғантай ғана құрым белгісі бар сап-сары қымыз, арқар мүйізінен істелген үйрек ожаумен Майбасар сапырғанда, көпіршімей, шып-шып етіп шымырлап қана толқиды.

Дастарқан үстіне үш табаққа сап ашыған бауырсақ қойысты... Жаңағы Алшынбай сөзі аяқтала берген кезде Қарабас ауыз үйден үлкен табақ ыстық ас әкелді. Бұл дағдылы ет, қуырдақ емес, Құнанбайдың қымызбен қоса жейтін жаубүйрек деген тамағы еді.

Алшынбай сөзін аяқтасымен Құнанбай Майырға да, Алшынбайға да асты нұсқап:

– Жеп, іше отырыңдар... кәні! - деп, бата қып бетін сипады.

Мешіт салам деп, имам хазіреттермен көп айқасқалы, Құнанбай өзі арабша оқымаған адам болса да, діндар, тақуалау кәрілердің жаңағы бата қылғыш, бет сипағыш, «пісмілдашыл» машықтарын көп істейтін болған-ды.

Алшынбайдың әлгі сөзінің аяғына ас кеп қалғаны бір сылтау болса, екіншіден, бұдан әрі сөйлеген сөздің орны да жоқ. Алшынбай кірісіп, «аяқтап көрем» деген соң, Майырдың да өктей қоятын жөні жоқ. Жайсыз шешсе кейін көреді. Ал, дұрыс боп шешілсе, мұндай істі Алшынбайға бергеннен абзалы жоқ.

Алшынбайға:

– Айтқаның дұрыс, мен тоқтаймын. Жауабын өзіңнен күтемін... - деді де, келген жұмысын тез доғарды. Содан кейін өзінің қымыз құмарлығына салып бес тостағанды үсті-үстіне жұтып-жұтып жіберіп, жаубүйректен азғана асады да, қоштасып жүріп кетті.

Тілмәш тамақ аяқтағанша кетпей кейіндеп қалып еді, сол шыққанша Құнанбай жаңағы сөз туралы «ләм» деген жоқ.

Аздан соң тілмәш кетті. Содан кейін барып қана Құнанбай:

– Параға жемсауы толған ғой әлгі піскен бастың. Бет алысын көрмеймісің?..

Баймұрын арқылы Бөжей, Байсал тығындаған ғой... - деп, бағанадан желісі үзілмеген ойының бір түйінін айтты.

Алшынбайдың ойы да осы туралы еді. Ол бірақ Құнанбайдан гөрі арырақ ойлап, ойына әртүрлі жайсыз күдіктер түсіп, күңгірт тартып отырған.

Құнанбай сөзіне шапшаң жауап қайырған жоқ. Сараңдап барып:

– Пара деген бір сәрі ғой. Пара жемейтін ұлық бар ма тәйір? Оң-солынан қабат алып, қабат қылғып та қыбын тауып жүрмей ме? Мына жердің тетігі ол ғана болмай тұр, - деп, бүгін әдейі Құнанбайға өздігімен айтпаққа келген сөзіне ауысты. Кейде маңдай терісін жиырыңқырап, екі көзін жұмып сөйлей бастайтын әдеті бар еді, соған салып:

– Мен осы қыбырдың бәрінен көз алмай, көлденеңнен бағып отырған кісімін ғой... «Тоғыз құмалақты ойнаушыдан да көлденең көргіш келеді деуші еді біздің би»... - деп өз атасы Тіленші биді есіне алып, - сол айтқандай, Тобықты ішіндегі ойындардың енді басқа бір белге шығатын кезі жетті.

Аяқтамаса насырға шабатын түрі бар! - дей түсіп бір тоқтады.

Құнанбайға құдасының бұл бет алысы оқыс жаңалық еді.

– Алшеке! Бөжей мен Байсал Тобықтыда аяғымнан алам десе, дуанға келіп жағамнан алмақшы. Аянар жерім қалмады ма осы? - дей беріп еді, Алшынбай сол қолын үстелден аз көтере беріп:

– Алысар болсаң, аянбассың. Алысқан соң о да аянбас. Бірақ жаңағы Майырды аңғарсаңшы! Ол ғана емес, ар жағында анталап жүрген кешегі хан тұқымы төрелерді аңғарсаңшы!.. Сөзқұмар, бәлеқұмар Баймұрындар аз ба?..

Соның бәрі: аға сұлтандық қолымыздан мүлдем кетті деп жүрген жоқ. Ылғи әр кезеңнен баспа қып, «түрт сайтанмен» жүр. Тегінде өз басыңмен байланысқан сөздің өршігені құрсын... - деп, шетін нәзік жайға тұспал жасады. Құнанбай енді түсіне бастады. Бағанағы Майыр да, енді тіпті Алшынбай да, Құнанбай, Бөжей тартысының түбі - бас араздық екенін тұспалдайды. Бара-бара: «аға сұлтан басымен Бөжейдің аулын шапты, өз қолымен қыруар елді қырқа матады... дүреледі» деген сөздер бәле боп, ұлғаймай тұра ма?.. Бөжейдің «арызы» деген - «аяспау» деген сияқты, әр жерден шаң беріп жатқан жайдың бәрі сол дүмпудің белгісі...

Құнанбай Алшынбайдың жүзіне ойлана қарап: «Ендеше барыңды айтшы!» дегендей, үндемей тосып қалды. Алшынбай енді Құнанбайға қадала қарап отырып, жіті сөйлеп:

– Бүгін мына мешіт бітіп, абыройың асып отыр. Атағың көпке кетіп жатыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий