Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қастарының арасынан түскен екі сай ажымы болушы еді. Сонысы қазір тереңдеп, қатты түйіліп алыпты. Бетінде ұзарып қарауытып шыққан түктер бар.

Үлкен, өткір жалғыз көзі қанталап, шапшаң қарап, жалт-жұлт етеді.

Жұрт тегіс атқа мініп болған соң, екі жағында тұрған Байсал мен Майбасарға қарап, бұйыра:

– Бас! - деді.

Қара қатқақ болған бөктерді дүбірлетіп, тасырлата басып, қалың қол Жігітекке қарай тартты.

Қолдың алдында Құнанбайлар. Қатты жүріп, сау желіп келеді.

Құнанбай қолы осы күні түс аумастан, Тоқпамбеттің батыс жағындағы салбыраған тұмсыққа желе-жортып, шыға-шыға келді.

Бөжей қыстауы қозы өрісіндей жерде тұр. Қораға кірген екен. Мүржелерінен сары қидың түтіні бықси, шалқып шығып жатыр. Қораның айналасында, мұнда да нөпір көп екен. Бірақ жаяу жүргендер. Дәл қораның өз жанында, сай тұрған аттар бірен-саран ғана.

Құнанбай тез байқады. Ерттеулі аттың барлығы да, қыстаудан жоғары, төмен созылған тоғайлы қалың шабындының бойында өрелеулі жүр екен...

Ырғызбай жағынан шыққан қалың қолды көрісімен ауылдағы барлық жиын аттарына қарай асыға жүгірісті. Қолдарында, сойыл, найзалары бар. Қарсылыққа бекінген жиын. Енді бір азғантай аял болса, бұлар да тегіс атқа мініп алатын сияқты. Онда қарсылық, шаппа-шап келген соғысқа айналмақ. Осыны есептеп алған Құнанбай пұшпақ тымағының құлағын байлай бере, торы атты тебініп қамшылап алып:

– Қапта, қапта! Олжай, Олжай! - деп, ұран салып, ағыза жөнелді. Барлық қалған қол да айғай салып:

– Ырғызбай! Ырғызбай!

– Топай! Топай!

– Олжай Олжай! - деген ұрандармен дүрк жөнелді.

Қатты жел күні қаптап жанған қаудай болып, жер күңіренткен жайын үн шықты. У-шу, дүр-дүр етіп, дүрілдеген дүлей күштің суық үні.

Бөжей аулындағы жиынның саны, мынау қолдан сонағұрлым азғана.

Жігітек, тегі сайлана алмай, қамсыз қалған сияқты. Соғыс болса, мұндайда бұрынғы көпке мәлім әдет бойынша: «тұрысатын жерін айтсын» десіп ап, содан кейін қол жиюшы еді. Құнанбай оны істемеді. Шұғыл келді.

Бөжей қасына қазір жиылған, Шыңғыс ішіндегі Жігітектің ғана біраз қауымы. Ойдағы Балпаң мен Шидегі Жігітек хабарсыз қалған.

Тіпті таудағының көбі де бүгін қораға кірудің әбігерінде.

Исі Бөкенші ішінен, қазірде Бөжей қасынан табылған он шақты қара шаруа ғана. Оларды бастап келген Дәркембай еді. Жидебай, Мұсақұлдан, Қыдыр мен Көлқайнар, Қызылшоқыдан сойыл ұстап Қарашоқыға қарай шапқылап кетіп жатқан лек-лек аттыларды көріп, Дәркембай: «Осы тегін емес. Жігітекке қарсы, Бөжейге қарсы жиылып жатқан қол» деп байлаған.

Бөжейге де, өзге Жігітекке де, бағана түстен бұрын кеп, Құнанбай жағының жаманатын жеткізуші дәл сол Дәркембайлар болған...

Жолшыбай Байдалы мен Қараша, Қаумен, Үркімбайды да атқа мінгізіп, асықтырып ерткен солар.

Қазірде Бөжей қорасының алдында тұрған қырық шамалы кісі бар.

Бұлардың ортасындағы Бөжейдің өзі. Қасында, Бөжейді жалғыз тастамайық деп қоршап қалған сол Дәркембайлар және Байдалы, Қараша, Үркімбай, Қаумен, Қожақандар еді.

Бұл сияқты егде кісілермен қатар, Құнанбай шабуылын тосып тұрған бір топ жас жігіттер де бар. Ол Қауменнің екі мықты баласы Базаралы, Балағаз, Қарашаның баласы Абылғазы.

Және Жігітек ішіндегі өзге жанкүйер ағайынның жас азаматтары Бейсембі, Әбділда, Оралбай дегендер болатын. Бұлар әуелі:

– Кеңгірбай, Кеңгірбай! - деп ұран салып, жаяу болса да, қолдарына шоқпар, сойылдар алып, қыстау жанында тұрған бесті-онды ерттеулі атқа мініп, қарсы шықпақ еді.

Байдалы ақырып бұйрық етті де:

– Тоқта! Е, мына Бөжейді жалғыз тастаушы ма едің? Өлсең, қасында өл! -деген... Құнанбайлар тақап қалды. Іркілер емес. Айбар шегіп, сойылдарын көтеріп ұстап, жаланып келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий