Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ештеңе де, тәйірі, дегбірің кетпей-ақ қойсын. Әшейін, Қырғызбайдың баласымын деген соң, е Қырекеңде мұндай қасқыр бала бар ма еді деп қалғаным ғой. Әй, ақымақ, бара бер, – деп Ақкөз Тұрардың қолын босатты.

– Ақкөз батыр, мен саған шынымды айтайын, – деп атасы Ақкөзге сыбырлап жан-жағына қарады. Ұрлық қылған адамдай өзінен өзі қуыстанады. Тұрардың ызасы келді. Үп-үлкен кісі де осындай үркектейді екен-ау. – Бұл баяғы өзің білетін Рысқұлдың баласы. Аузыңнан шығып кетіп жүрмесін, айналайын. Қырғызбайып болып осындағы орыс мектебінде оқиды. Мені іздеп келген ғой базарға. Бес-он тиын беріп қоятыным бар. А-а, а, Тұрар, мә, күнім, – деп Қырғызбай қалтасынан ақша сылдырлатты.

– Алда, айналайын-ай, – деп Ақкөз өңі жылып сала берді. – Айдауға кеткен Рысқұл жазғанның жалғызы осы де. О, шіркін, жалған-ай!..

Енді Ақкөз Тұрарды бауырына басып, күректей қолымен баланың басынан сипады. Құдды өзінің әкесі сияқты. Бала мына мейірден шала мас, бір көрген бөтеннің бауырына тығыла түсті.

– Рысқұл қандай еді! О, шіркін, жалған. Ол екеуміз біраз күн дәм-тұздас болғанбыз баяғыда. Мына Айбар сидырмай, Алматы ауып кетті ғой сонда. Оған да міне, отыз жылдай болып қалды. Бабам Әлімбек батырдан қалған көз еді, мені көзіндей көріп жүр деп маған тұла бойы тұлдыры – жалғыз күміс ерін сыйға тартып еді. Жаңа мына жаман соның үстінде жарбиып отыр. Сірә, таныған-ау деймін әкесінің күміс ер-тоқымын. Таныдың бе-ей, шыныңды айтшы?

– Қайдан танысын, – деді Қырғызбай да қуанып, енді екпін ала сөйлеп. – Ол кезде бұл ақымақ жоқ еді ғой. Бұл Алматыда туған бала. Қайда-а-а, беріде ғой. Құдай қойса, қазір он екіге шықты. Ал әкесінен хабар жоқ. Өгей шешесі Ізбайша Молдабектің қолында, Түлкібас жақта. Ахат дейтін ағасы бар еді ғой Рысқұлдың, сол туған жерге барып өлеміз деп көшіріп әкеткен. Ақкөзжан, кем-кетікке ықыласың түсіп жүретін ер жігіт едің, – деп Қырғызбай тағы да жалынышты үнге көшті. – Аузыңнан шығып кетіп жүрмесін. Рысқұлдың баласы екенін пристав біліп қойса, мұны да, мені де оңдырмайды. Оқу оқып, жетілсе, кім біледі, адам болып, өз күнін өзі көріп кетер...

– Қалтырама, Қырғызбай! – деді кенет қатқыл үнмен Ақкөз. – Мені аузына ие бола алмайтын алжыған деп тұрмысың. Ал, шырағым, атың кім? – деп енді баланың басын көтеріп өзіне қаратты. – Тұрар деймісің. Мен сенің әкеңнің қандыкөйлек жолдасы боламын. Баяғыда осы Меркеде Рысқұл екеуміз тізе қосып талай жүргенбіз. Анау тұрған ақ шапанды жуан шалды көрдің бе?

– Наполеон, – деді Тұрар.

– Напаланы несі. Айбар ол. Сенің әкең екеуміз соның қызметінде болғанбыз. Соның малын айдап, талай жерді аралағанбыз.

– Оның баласы менімен бірге оқиды, – деді Тұрар.

– Е, бәсе, – деді Ақкөз басын шайқап. – Бай баласы – байға ұқсайды, байланбаған тайға ұқсайды. Ол да әкесіндей біреудің қолымен от көсегіш. Жаңа мені айдап салды ғой саған. О, арам-ай!

– Ойбай, Айбардың баласымен шатаспай жүр, балам, – Қырғызбай қайтадан қалтаңдай бастады. – Ал, Ақкөз батыр, қу тіршілік, әлгі сарттар мені күтіп тұр ғой. Үйге кел, мейман бол. Сонда бір әңгімелесерміз, ал әзір...

– Бара бер, Қыреке, бара бер. Жолыңнан қалма. Әйтпесе, әр қойдан алатын он тиын шіріңкеден құр қаласың. Саудаң жөнді жүрмесе, анау Айбар сені де Рысқұл мен мына мен құсатып қырына алар. Бар!

Шал кеткен соң, Ақкөз Тұрарға тағы бір абайлап қарап алып:

– Әкеңе тартыпсың, – деді. – Бірақ құдай саған оның қиын жолын бермей-ақ қойсын. Бәрін де естігем. Рысқұл туралы аңыз көп. Рас болса, солдаттарды өлтіріп, катырғыдан қашып кетіпті дейді, кім біледі? Әйтеуір тірі жүрсе, бір келер. Оқуың қалай, қарағым. Қарның ашып жүрген жоқ па? Қайбір жетісіп жүрмін дейсің.

Ақкөз Тұрарды шәйханаға алып барып, палау әперді, қымыз берді. Әркім, әркім: – Бұл кім, Ақа, бұл кім? – деп еді, Ақкөз:

– Өзімнің балам, немене бала көрмеп пе едіңдер, о несі-ей, – деп қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий