Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ертеңгі күніңді ойладың ба, адамдар! Ертең сені не күтіп тұрғанын білгілерің келе ме, адамдар! Білгілерің келсе – бері жақындаңдар, – дейді әлгі әз орысшалап. – Теңіз шошқасы әулие мақұлық. Бәрін де біледі. Ол қазір сендерге өз тағдырларыңды айтып береді. – Әз орыс шақшиған күннен қорықпай ақ басқан қызыл жиек көзімен аспанға қарап, атжалмандай мақұлықты арқасынан сипап тұр. Қақсап тұр. Жағы сембейді. Ал теңіз шошқасы үндемейді.

Тұрар байқайды: көріпкел, тышқанға бал аштырып жатқандардың ішінде мұсылман нәсілі жоқ. Олар жоламайды. Соқыр орысқа мас урядник тәлтіректей басып, таяп келіп:

– Илюша! Илья пайғамбар! Ана мақұлығыңа айт, маған бал ашсын. Үйдегі балпылдаған қатын маған тағы ұрсар ма екен, жоқ «жаным, жарым» деп күле қарсы алар ма екен, кәне, – деді.

Урядниктің фуражкесі бір шекесіне қисайған, беліндегі нағаны да бөксе жағына ысырылып кеткен. Саудагер қатындарды бопсалап, самогонға әбден тойса керек.

Теңіз шошқасы, иесінің белгі беруі мұң екен, қораптағы бүктеулі қағаздарды тұмсығы жыбырлап иіскеп-иіскеп, ортадағы кек қағазды моншақтай ұсақ тістерімен суырып алып шықты.

Урядник ақ кірпік тұздай көзін ашып-жұмып, ашып-жұмып, көк қағазға ұзақ қарады. Әлде урядник сауатсыз, әлде қағаздағы жазу сауатсыз, әйтеуір тәртіп сақшысы қатты қиналды. Қасыңда қызық көріп тұрған Тұрарды байқап, ежірейіп, шүбәланып біраз тұрды да:

– Ей, киргизенок, хат танисың ба? Оқышы мына қытайша жазуды. Менің көзім бұлдырап... – деп «қытайша жазуды» балаға ұсына берді.

Тұрар қағазды қолына аларын алса да, маңдайы тершіп қоя берді. Жазу қисық-қыңыр, шала-сауатты біреу шимайлағаны көрініп тұр.

– Оқы! – деді урядник жерді тепсініп. Соқыр балгердің теңіз шошқасы қобдишаның ішіне бұға түсті.

– «Жуық арада қызметіңіз жоғарылайды. Мәртебелі төрелермен терезеңіз тең болады».

– Ары қарай, – деп урядник Тұрардың тоқтап қалғанына ренжіп.

– Болды. Басқа жазу жоқ.

– Илюша! Пайғамбар! Малғұн! Дәл осы сәуегейлікті сен маған он жыл бұрын айтқансың. Осыдан он жыл бұрын ана ала мақұлығың дәл осындай жазуы бар қағаз тартқан. Қызметім жоғарылаған түгі жоқ. Бәрі өтірік, оңбаған! Мәртебелі төрелер... Көрсетемін мен саған, Илюша! Алдаушы болма! Көк тиын да жоқ саған.

Урядник ашуланып, қыршаңқы болған аттай қисалаңдап кете барды.

Тұрар Илюша соқырды аяды. Байғұс шыннан қорықты. Теңіз шошқасы одан бетер үрейленіп, жиі-жиі демалғаннан бүйірі бүлкілдеп кетті.

– Илюша ағай, маған ашыңызшы. Міне, ақшам бар, – деп Тұрар соқырдың алақаныңа қара бақыр салды. Қорқып қалған қасқа теңіз шошқасы иесінің итермелеуімен бір қағазды әрең суырып алып шықты.

«Сен туғанда аспаннан құйрықты қызыл жұлдыз аққан. Бүкіл өмірің алаулаған от, шайқас шығар...»

Урядниктің қағазы қарапайым түп-түсінікті еді. Мына өз қағазының мағынасы буалдыр... «Қызыл жұлдыз... Қызыл Жебе шығар. Шайқас? Қандай шайқас?».

Алда қандай шайқас күтіп тұрғанын ұға алмай, аңырыңқырап келе жатқанда, базардың шетінен шаң-шұң шуылдасып, жемге үймелеген торғайдай шүпірлеген бір топ балаға назары ауды. Жақындаңқырап барып еді, балалар кезек-кезек алақандай айнаға үңіліп, ұзағырақ тұрып қалғандарын иығынан тартқылап тұр екен. Жасамыс бір орыс көрермендерді шақырып:

– Лондон, Париж, Санкт-Петербург, Рим. Әлемнің ұлы астаналарын бір сәтте аралап шығуға болады. Кәне, келіңдер! Көріңдер! Небәрі бір тиынға әлемді аралап шығуға болады, – деп шалқып тұр.

Айнаға үңіліп тұрған баланың шүйделі желкесі таныс сияқты көрінді. Бетіне үңіліп қарап еді, Қабылбек екен. Қуанып кетті.

– Қабылбек, бұл не? – деді Тұрар үш аяққа орнатылған қара қорапты нұсқап.

– Қызық. Көресің бе? Кел, – деді Қабылбек бірден аңқылдап, ашық пейілмен. Басқа балаларды Тұрар танымаушы еді, олар:

– Ол кейін келді, біз кезек күтіп тұрмыз, – деп кимелей бастап еді, қапсағай тұлғалы, бойшаң Қабылбек:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий