Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жаңбыр үдеп бара жатқан соң арық қойдай тыртысқан Серікті сүйреп, бөлмеге кірді. Тұрардың таң қалғаны күркілдек қарауыл шал мына у-шуға селт етпейді. Қабылбекке:

– Байқа, қашып кетпесін, – деп өзі қарауыл шалға шығып кетті. Күркілдек қарауыл тұлыпқа оранып, ұйқыны соғып жатыр. Самогонға тойып құлаған болар, ары-бері тартқылап көріп еді, шыбын шаққан құрлы болмады.

Тұрар қайтып келіп, Серікті алқымынан алды.

– Айт шыныңды жаның барда. Шыныңды айтсаң, біз сені Әліпбек ағайға ұстап бермей-ақ қояйық. Айтпайды екенсің, өз обалың – өзіңе. Қойманы тонамақ болғандарыңды жасыра алмайсыңдар. Міне, құлып бұзар сом темір. Айт, қасыңдағы кім?

– Атамырза...

– Ал сонда екеуіңе не жетпеді? Ашсыңдар ма?

– Жоқ ә?..

– Ендеше интернаттың қоймасында нелерің бар? Ұрлық қылғың келсе, Атамырзаның өзінің әкесінің дүкені дүние-мүлікке сіресіп тұрған жоқ па? Соған неге түспейсіңдер?

– Атамырза...

– Неменеге, Атамырза?

– Мені ұстап бермейсіңдер ме? Шынымды айтайын.

– Олда-білда, шынымды айтамын де! – деп Қабылбек те шүйілді.

– Олда-білда, шынымды айтамын, – деп Серіктің қалқан құлағы күнбатыстың суық соққан жапырағындай бүрісіп бара жатты.

– Күндіз Атамырза сені базардан көріпті, – деді Серік шіңкілдек дауысымен неғұрлым жағымпаздана сөйлеп. – Саған Ақкөз деген кісінің көйлек алып бергенін де көріпті. Мен үйде отыр едім, ысқырып шақырып алды. – Шаруа бар деді. – Ол не? – деп едім, – Тұрарды қатырамыз, – деді. – Қайтіп? – деп едім, интернаттың қоймасынан ақжайма ұрлаймыз. Ертең Әліпбек келіп, қойманы көріп, кім ұрлады дегенде, интернатта жалғыз қалған Тұрардан көрмей ме. Сен ұрламасаң, жаңа көйлекті қайдан алдың демей ме оған. Енді түсіндің бе? – деді. Түсіндім дедім. Атамырзаны өздерің білесіңдер ғой, айтқанын істемесең, қыр соңыңа түсіп алады. Әкесіне айтып, менің әкемді сорлатады. Білесіңдер ғой...

Серіктің мүсәпір түрін көріп, оның айтқанының бәрі рас екеніне көздері жетіп, Тұрар мен Қабылбек оны аяп кетті. Атамырзаның айтағында жүргені болмаса, бұл байғұс қалбалақтап қалған ақкөңіл, қағілез бала.

– Жарайды, Серік, сен бізді көрген жоқсың, біз сені көрген жоқпыз. Тек Атамырзадан іргеңді аулақ сал. Әйтпесе, ол сені бәрібір бір күні омақастырады. Ойлан, – деді Тұрар. – Ал енді үйіңе қайт. Бізбен бірге болсаң, өлмейсің. Әкеңді де құдай алмайды. Айбар болмаса, аштан қырылатын ба едіңдер? Біз сені жамандыққа қимаймыз. Осыны түсін.

Серік алғысын қайтып айтарын білмей, аузы ыржиып, басын изей берді. Аш бидайдай бетіндегі күлкі ізі қолдан жапсырып қойған тыртық сияқты. Серік шын қорқыныш пен шын риза сезімді басынан бірінші рет бүгін өткерді.

Тұрардың есіне күндіз соқыр балшының көк қағазындағы жазу түсті. «Шайқас» деген бар еді. Мүмкін, шайқас осы шығар. Атамырза маған бәле ойлап, қиянат жасамақ болды. Әйтеуір, абырой болғанда, өзі масқараланды. Ал оның арам ойы іске асқанда ше? Мен ұрлаған жоқпын деп қалай дәлелдер едім? Дәл басып, қолымнан ұстап алмаса да Иван Владимирович пен Әліпбек ағайдың көңілінде күдік қалар еді. Сұмдық-ай».

Тұрар шайқастың мәнін енді-енді түсіне бастағандай еді. Шайқас – тек жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай жаралайтын зымиян соққы да болады екен. Осының бәрі күрес екен. Ал, «бүкіл өмірдің бәрі шайқас болатыны қалай?».

* * *

Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашаң жасыл жапырақтары күннен күнге жайылып, сырғалары салбырай бастады. Күзде жан тәсілім еткен сары жапырақтар қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасынан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрк етіп, мәңгілік өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий