Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Шулама, оған мен кезек алып қойғанмын, – деп өктем сөйлеп, басқалардың бетін қайырып тастады. Балалар енді таласуға бата алмай, күңкіл-күңкіл қыңқылдасып, амалсыз тоқтады.

Қиял жетпес ғажайып қалалар бірінен соң бірі жалт-жұлт етіп өте шықты да, арты қап-қараңғы түнек болып, бұлдырап барып бітті.

Айнадан бетін бұрған Тұрардың жүзінен Қабылбек таң қалған белгі көрмей:

– Немене, ұнамады ма? – деді.

Тұрар оған жауап бермей, жасамыс орысқа бұрылып:

– Сіз Сахалинді көрсете алмайсыз ба? – деді.

Әлемді уысында ұстап, лепіріп тұрған адам әуелі сұраққа түсініңкіремей, сәттен соң:

– Сахалин! – деп саңқ ете түсті де, лезде сақылықтап тұрып күлді келіп. Егер тауық күле білсе, дәл осылай күлер еді. Жұмыртқалайтын жер іздеп аласұрған тауықтап осылай қақылықтайды. Тұрардың тұп-тұнық көздерінен жарқ-жұрқ етіп оянған отты байқап, баланың бір жанды жарасын тырнап алғандай болғанын сезіп, жасамыс орыс күлкісін тия қойды.

– Жоқ, балақай, Сахалинді көрсете алмаймын. Сахалин әлі мұндай түрлі-түсті суретке түсіріле қоймаған шығар. Әрі десе ол Париж емес, Рим емес. Сахалинде, бауырым, Охот теңізінен соққан таудай-таудай толқындар, тіпті біздің приставтың көк шатырлы биік үйін басып қалатын қалың қар, басқа не қызық бар?

«Ана бір жолы Иван Владимировичтен Сахалинді бұл шұқшия сұрап еді, тағы да... Мүмкін, жәй қиял шығар. Мен де Африканы көрсем деп қиялдаймын ғой».

Қабылбек осылай түйді де, Тұрардан Сахалиннің сырын сұрап жатпады. Бірақ оның біртүрлі көңілсіз бола қалғанын байқап, өзінше оны алдандырмақ ниетпен:

– Жүр, Тұрар, біздің ауылға барасың ба? Біздің ауыл Ойталда. Онша алыс емес. Мен жәкеме ілесіп, қой айдасып келіп едім. Ертең сабаққа үлгіреміз, – деді.

Тұрар біраз ойланып тұрды да:

– Жоқ, сабаққа дайындаламын. Онан да сен интернатқа жүр. Ауылыңа барып, одан таңертең салпақтап жүресің бе сол. Сабаққа бірге дайындалайық – деп Тұрар өз ұсынысын айтты.

Қабылбек интернатқа бүгін барғысы келмеп-ақ еді, бірақ Тұрарға «жоқ» дей алмады. Тұрардан еңселі, қарулы бола тұра оның айтқанынан шыға алмайтынын Қабылбек бұл жолы тағы байқады.

– Жарайды, жәкеме айтып қайтайын,– деп мал базар жаққа жүгіре жөнелді де, кешікпей кері оралды.

– Сенің жәкең де Наполеонның генералы ма? – деді Тұрар шаңы бұрқылдаған көшеге шыққан кезде.

Қабылбек түсінбей қалды. Тұрар «Наполеон» жайын түсіндіргеннен кейін:

– Жоқ, ә, қайдағы генерал, – деді Тұрардың зілді мысқылына кек тұтпай аңқылдап. – Он шақты қойымыз бар еді, киім-кешек аламыз деп, соның екеуін айдап келгенбіз. Жәкем делдал емес, құдай сақтасын. Делдал Серіктің әкесі ғой.

– Көрдім. Серік сияқты құлағы қалқиған сары шал екен, – деді Тұрар борпылдақ топырақты кешкен Қабылбектен шеттеңкіреп арықтың жағасындағы шымдауытқа шығып келе жатып.

Арбиған ақ теректердің сарғайған түйетабан жапырақтары үзіліп ұшып, биікті қимағандай, қыбыжықтап қалықтап барып-барып, амалсыздан аяқ астына ың-жыңсыз құлап түсіп жатыр. Шіркеу қоңырауларының әлі сембеген сарнауық үні сары жапырақтардың жаназасындай естіледі. Шіркеуден қайтқан кемпірлер оңтүстікке осы кезде оралған қарғалардай кілең қара киініп, топ-топ болып барады. Қолдарында таяқтары, ақ шүберекке ораған түйіншектері бар.

Иса пайғамбар тірілген жексембінің күні бесінге ауып бара жатты.

* * *

Мектеп-интернат – бұрын Айбар байдың ғимараты болатын. Өзі көк түңкелі жаңа жай салдырып, соған көшті де, мына ескі үйін үкіметке пайдасына сатты. Үкімет қазына қалтасынан тиын шығарған жоқ. Жеті болыс Меркенің әр түтінінен бес тиыннан жиналған қаржы тағы да сол Айбардың шанашына түсті. Айналасын ересек адам қолын созса жетпейтін биік домбаз дуалмен қоршап тастаған. Интернат жағына кіріп-шығатын жалғыз ауыр қақпаны күркілдек орыс шалы күзетеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий