Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Орта шаруалы киргиз. Аспара болысына қарасты төртінші ауылдан. – Тергеуші төртінші ауылдың қай тұста екенін есіне түсіргісі келгендей, терезеден әрі қарап сәл кідірді. Тұрардың көңіліне аш шиебөрідей сумаңдап неше алуан ойлар келді. Шыққан тегіме дейін, денсаулығыма дейін тәптіштеуіне қарағанда, түбі тегін емес. «Шынымды айтып жалынсам ба екен? Жоқ! Тіліңді тісте!» – деп өзіне өзі бұйырып, аспай-саспай ол да терезеге қарады. Жауқазын жасыл жапырақты ақ терек көңілге сабыр ұялатқандай болды.

– Бұл баланы кабинетіңізге алып жүріңіз. Оңаша сөйлесеміз, – деді де тергеуші ешкімге қарамай, есікке беттеді. Шығып бара жатып, артына бұрылып, ауыздарын ашып аңқиып қалған балаларға:

– Сау болыңыздар, – деді.

Үлкендердің соңынан ілескен Тұрарды балалар состиысып, үнсіз шығарып салды. Тұрардың ойында «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» – деген сұңғыла сұрақ тұрды. Бірнеше жыл болған, бір бұлақтан білім алған, бір қазаннан ас бөліскен, интернат деген шаңырақтың астында қилы-қилы күндерді бірге кешкен бауырларына бір бұрылып қарағысы келді. Ол тіпті қазір

Атамырзаның өзін де қимай бара жатты. Тергеуші құсап ол да: «Сау болыңдар», – дей жаздап, алдағы беймәлім болашақтың босағасынан аттай берді.

IV

– Сен енді маған әрі тілмаш, әрі писарь боласың, – деді Семашко мырза Тұрарға. Баланың жүрегі бүлк ете қалды. Жаманшылық күтіп еді, жақсылық шіркін жалт етіп елес берді. Бетіне қан бұрқ қайнап шыға келгенде, баланың қоңырқай жүзі алаулап, от шарпып бара жатқандай көрінді. Жеңілтек мінезді адам болса «алақай, алақай!» – деп дауысы оқыс шығып кетер еді, Тұрар мейлінше сабыр сақтап:

– Құп болады, мырза, – деді.

Заң деген кәрі қудың құшағына Тұрар ойда жоқта осылай енді де кетті.

* * *

– Тұрар, жүр кеттік,– деді Семашко есіктен кіре бере. Тұрар алдындағы қағаздарын жинастыра, орнынан тұра беріп:

– Сұрауға рұқсат етіңіз. Андрей Павлович, қайда барамыз? – деді.

– Тойға барамыз, Тұрар, тойға. Киргиздардың қызығын көреміз. Айбар мырзаның қызын Бектен мырзаның баласы алып жатыр. Аспарада үлкен той. Киргиздардың тойы қызық болады ғой. Экзотика. Ат жарыс, тағы не деуші еді әлгі... – тергеуші мандайын ұстап ойланып қалды. – Әлгі ешкінің еркегіне таласатын ойын.

– Көкпар, – деді Тұрар күліп.

– Иә, көкпар. Өте қызық ойын.

Кеңсенің алдында сүліктей қара қос ат жегілген трашпеңке тосып тұр екен. Ат айдаушы Семашко мен Тұрарға картузын басынан алып сәлемдесті. Жолға шыққанда Семашко мырза Тұрарды қасынан қалдырмайды. Соған қарап ат айдаушы Тұрарды бала да болса сыйлауға әдеттенген.

Қос қара жегілген жеңіл трашпеңке былқ-былқ етіп, Меркенің көшесінен өткенде, жолдағы адамдар тұра қалып, үйдегі адамдар жүгіріп есіктің алдына шығып қарап қалар еді. Былқылдақ трашпеңкеде Семашко сынды мырзамен қатар отыру кімге де болса дәреже. Тұрардың орнында қазір, айталық, Атамырза болса, мұндай жағдайда шылымын күннің көзінен тұтатар еді. Ал Тұрар болса, осы отырысына ыңғайсызданады. Жаяу-жалпы халыққа опасыздық істегендей хал кешеді. Кейбіреулердің солай ойлайтыны да рас еді. Шәкірттерді былай қойғанда, Александра Сергеевнаның, өзі кейде күйме мініп кетіп бара жатқан Тұрарды көріп қалып:

– Қарай гөр, шікірейе қалуын, құйтақандай чиновник, – деп жақтырмай теріс айналатын. Сонда күйеуі:

– Эх, Сашенька, сен-ақ сол баланы түсінбей қойдың. Селтенбайың ол емес, одан, мен білсем, бірдеңе шығады. Ал заң мекемесінде қызмет істеп, сот жұмысын білуі оған әбден керек-ақ. Егер сен білсең ғой, оның Пушкинді, Лермонтовты, Гогольді, Чеховты, Горькийді қалай сүйіп оқитынын. Басқа балалар құсап жаттап алып, судыратып тақпақтап қана қоймайды, шығарманың қат-қат астарын да аңғарып, мән-мақсатын сұңғыла діттейді. Оның пианинода ойнағанын көрген жоқсың ғой сен. Бір күні сен үйде жоқта менен бір кітап алуға үйге келген екен. Біздің пианиноны көріп:

– Рұқсат па екен, Иван Владимирович – деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий