Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бүгінше тарту жедім деп

Бір қомпиып қалды дейді.

Ертегі күні болғанда

Жезден бұйда тақтырып

Қалыдан кілем жаптырып,

Тұмсығы бар астаудай

Мұсылман, кәуір алдына

Екі өркеші кісідей

Қараша қаймал, ту інген

Әкеліп бір сайды дейді

Дәмесі бар әйелге

Жалаңаш келіп аясын деп,

Шақырып ұран салды дейді

Көп ішінен бір қатын

Жалаңаштанып шықты дейді,

Ораңқы деген аты бар,

Орақа құла биесі бар

Енеден тума болдым деп,

Жалаңаштанып келді дейді.

Бөгелместен түйені,

Тісімен шешіп алды дейді.

– Вот, отчаянная баба! – деді Тұрардың тәржімасынан кейін тергеуші өзін тежей күліп. Ал пристав шыдай алмай дауысы барқыраңқырап:

– Чертова баба! – деп қалды.

Ыршы Солты оларды ілтифатқа алмай, дауысын жорта ащы шығарып, екпіндеп кетті.

– Қаймалы қара інгенді

Жетелеген қалпымен

Мұсылман мен кәуірдің

Ортасынан қақ жарып

Алшаң басып жүрді дейді.

Сонда мұсылман мен кәуірін

Келеке қылып қатынды

Қарқ-қарқ күлді дейді,

Сонда тұрып Ер Манас,

Еңсегей бойлы Ер Манас

Турасынан кірді дейді.

Қатынға келіп айтты дейді: –

Алда Ораңқы, оңбай қал!

Сен, Ораңқы, қатын болмай қал!

Сенің өңірің толы пұлың бар, долы-ай!

Өрісің толған малың бар, долы-ай!

Сен малдан өліп кеттің бе, долы-ай?!

Пұлдан өліп кеттің бе, долы-ай?!

Сенің бәтеңнің ішіне қарасам

Үш Меркенің жылғасындай,

Бөбешігіңе қарасам, долы-ай!

Асып қойған тұлғадай, долы-ай!

Сонда қатын Манасқа жауап береді, – деп Солты ыршы көзін ашып алып, алдында тұрған сырлы тостағанға қол созып, қымыздан бір жұтып қойды. Тұрар тергеушіге «бәтеңнің» деген сөзді аудара алмай іркіліп, сәлден соң «детеродный член» деп жеткізді. Семашко оның бұл тапқырлығына риза болды.

– Сонда қатын Манасқа жауап береді, – деп ыршы қымызға малынған түрпі мұртын алақанымен сүртті.

– Алда, Манас, не дейсің!

Білда, Манас не дейсің?

Сонда бәтесін шапалақтап,

Қатын-екең айтады:

– Ағыс пенен Қожасым,

Сені тапқан бұ бәтем,

Қосай менен Төстігім,

Сені де тапқан бұ бәтем.

Көкше менен Едіге

Сені де тапқан бұ бәтем,

Менің бұ бәтем болмаса

Қайдан шықтың, ерлерім?

Өңір толған пұлым бар,

Өріс толған малым бар,

Тәуба шүкір құдайға

Өлмегендей мүлкім бар.

Мен қарауыма келгенмін

Мен қайратыма қонғанмын.

Еркекте намыс болғанда

Ұрғашыда намыс жоқ па екен, Манас?!

– Ой, пәле-ай! – деп сыйлы меймандардың біреуі дауыстап жіберді.

– Рас-ақ қой, сорлынікі!

– Тауып кеткен екен, жәді.

– О, заманның адамдары сөзге жығылған ғой.

– Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады.

– Мырзалар, менде бір ұсыныс бар, – деді пристав тыныштық тілеп. – Құрметті ыршы шаршаған шығар. Талмай тыңдағанымызға үш-төрт сағат болды. Әлі үш-төрт күнге созылатын түрі бар. Ыршы да тыныстасын, біз де бой жазайық. Қызық көрейік. Мысалы, сол Манас заманының қызығын қазір неге қайталамасқа? А? Қалай, ыршы Солты?

– Абден болод, мырза, ықтияр сізде,– деп ыршы қайтадан қымызға қол созды. Содан соң Айбар мырза мен Бектен болысқа кезек-кезек қарап алды: – Оуо, мырзалар! «Алысты жақын қылатын – қыз». Қыз беріп, қыз алып, ұлан той өткеріп жатасыңдар. Құтманду болсун тойыңыз. Биздики сиздиң майрам көнулду болсун деген тилек, туғандар.

Пристав қоразданып жан-жағына қарады. Қарны жуан қадірменділер ұлықтың не ұсынарын аңдамаса да, бастарын шұлғи бастады.

– Бізге қызық керек, түсінесіздер ме, қызық. Қымыз бен етке бөгіп болдық, – деді пристав.

– Осы ұлықтарға баяғы Сыпатайдың асындағы сияқты таздардың сүзісін көрсетсек қайтеді? – деп қалды аңқау біреу. Оны көршісі бүйірінен нұқып жіберіп, құлағына сыбырлады:

– Бектен мырзаны шығарайын деп пе ең сүзіске?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий