Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір жақта жанжал, бір жақта жалаңаш әйелдің жанталасы. Жұрт бір өрттің тұтанғалы тұрғанын сезіп, үрпиіңкіресіп қалды.

– Осының өзін жалаңаштап, арқасына дүре салыңдар, мына халықтың көзінше! – деді пристав көмекке келген екі урядникке.

Үш урядниктің оқтаулы қаруларының ортасында қалған Ақкөз ызадан жарылып кете жаздады. Мұны оттың ортасында қалдырып, Тайтақай тілін алмай райдан қайтпай, тісімен бұйда жіпті шеше алмай құр сорлап ол тұр. Тісімен шешіп алмаса, түйе жоқ. Мұншама арсыздыққа адамның барғанына түйе екеш түйе шыдай алмай, бух! – деп пысқырып жібергенде Тайтақайдың үсті-басына түйенің аузынан көбікті жын шашырап кетті.

Үш урядникті Ақкөз үш жаққа итеріп тастап, бой бермей-ақ тұр еді, мас пристав өз наганын суырып алып, аспанға қарай тарс еткізді.

Жұрт шу ете қалды. Байлаулы інген «бух!» – деп тапырақтап қаша жөнелді. Сәмбі тал иілсе де сынбап еді, түйенің жібі үзіліп кетті.

Мылтық дауысы шыққан соң Ақкөз урядниктерді ары-бері лақтырғанын қойып, екі қолды солардың еркіне беріп, ендігі қаруы тіл мен жаққа басты.

– Ей, ұлық, ол бейшара қатынның ауылының жерін тартып алғаның аз ба? Қаңғыртып, қу тақыр жардың басына көшіріп тастағаның аз ба? Ендігі істеген қорлығың мынау. Ол байғұстың мұқтаждығын пайдаланып, өлімнен ұят қызыққа батқың келеді. Бүйте берсең бір күні өзің жалаңаштанасың. Оны ойладың ба? Дүние кезек деген. Көп асқанға – бір тосқын. Біліп қой сен де, Бектен! Сен де Айбар!

– Дүре салыңдар итке! – деп ақырды пристав.

Урядниктер Ақкөздің қолын артына қайырып байлап, желкесінен тұқырта басып шөкелетіп отырғызды да, көйлегін басына қарай сыпырып жіберіп, қамшымен осып-осып жібергенде ақ тәнге қызыл-қызыл жолақтар айқыш-айқұш түсе бастады.

Халық күңіреніп кетті.

– Ойбай. бұл Ақкөз ғой. Арысымызды дүреге жыққызып қойып қарап тұрамыз ба?

– «Тек жүрсең – тоқ жүресің» деген. Ұлыққа ұрынып несі бар?

– Оның тәніне тиген таяқ, біздің Ботбай, Қоралас тәніне түскен таңба!

Осы кезде әлгі Тайтақай сорлы аптығып алқын-жұлқын жүгіріп келіп, Ақкөздің қан-жоса болған арқасын алпамсадай денесімен бүркеп жата кетті.

Урядниктер не істерге білмей аңтарылып қалып еді, пристав:

– Ол қаншықты да соғыңдар! Қарашы, дамбалын шешпей, шартты бұзып, бізді алдамақ болғанын. Соғыңдар!

– Андрей Павлович, ара түсіңізші, құдай үшін,– деді Тұрар көзінен жасы ыршып кетіп, шыдай алмай.

– Сокольский мырза, тым алыс кеттіңіз. Тоқтатыңыз! – деді тергеуші сазарып тұрып.

– Араласпаңыз, тергеуші мырза. Бұл соттың ісі емес. Бұзықтарды тәубасына келтіру менің ісім, – деп пристав айылын жимады.

– Мырза, қателесесіз, қызмет бабыңыздың правосын асырып тұрсыз. Бұл қылмыс. Ал қылмыс атаулының бәрі соттың ісі, – деді тергеушінің жанындағы жас бала дауысы ызадан дірілдеп.

– Мынау қайдан шыққан күшік? – деп пристав түксие қалды.– Кәне, кәне фамилияң кім? Мен сені көрген сияқтымын. Иә, иә, мына тергеуші мырзаның кеңсесінде істейсің.

– Фамилиясы Қырғызбаев!

Дауыс шыққан жаққа Тұрар жалт қарап еді, Айбар әкесінің тасасына тығылыңқырап тұрған Атамырза екен.

– Мына күшікті мен сіздің кеңсеңізден енді көрмейтін болайын. Өйтпейді екенсіз, уезд начальнигіне мәлімдеуге мәжбүр боламын, Семашко мырза.

Сокольский енді бұларды назарына ілмей, дүре соққан жаққа бұрылды. Урядниктер Тайтақайды бір шетке сүйретіп тастап, Ақкөзді қайтадан қамшымен осқылап жатыр екен. Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий