Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Анау жым болды. Бектен болыстың тақиясы басынан бір елі түспейтіні есіне сап ете қалды.

– Жоқ, мырзалар, сендер түсінбей отырсыңдар. Осы отырған игі қауым бір түйе таба алады ғой. Бәйгеге түйе тігілсе, соны жалаңаш әйел барып, тісімен шешіп алса, қалай, а? – деп пристав тұқшиыңқырап қалған би-болыстарға нықыра сөйледі.

– Болады ғой, мырза. Бірақ басқа бәйгелер бар. Ат жарыс, жамбы ату, аударыспақ, күрес, көкпар... – деп Бектен сыпайылап еді. Айбар құдасы орнынан қопаң-қопаң қозғалып:

– Сокольский мырза дұрыс айтады. Түйені мен тігем. Кәне, хабаршы жар салсын. Талапкер қатын табыла ма екен? – деп омыраулап шыға келді.

– Айеке, той менің ауылымда өтіп жатыр. Бір ойсылқараны мен де таба аламын, – деп Бектен де намысқа тырысты.

Осылайша кеу-кеу, гу-гу, ырду-дырду әңгімемен биік үйдің қонақтары ауырлап қалған орындарынан ырғала-ырғала түрегеліп, балпаң-балпаң далаға шыға бастады.

* * *

Мықанның төменгі жағында, жар басында жарбиып отырған Маңырақ ауылын ешкім арнап тойға шақырған жоқ. Мықанның осы бір тұсы биік қабақ болып кетеді. Жазда, күзде мамырлап жай аққанымен, жылда көктемде, су тасығанда, жараған бурадай қаршылдаған өзен жарлапты сүзгілеп, мүжи береді, мүжи береді. Шеткі тоқал тамдардың бір-екеуін ана жылы жармен бірге жапырып та кеткен.

Асау су алтынкүрек ескенде бір-екі күн арсылдайды да, лезде сабасына түсіп, жаралы жарқабақ жалаңаштанып, ырсиып-ырсиып қалады. Кеберсіген қияға біраз күннен соң қайтадан сән кіріп, жан кіріп, түк көрмегендей болады. Жардың беті жыбырлаған шұрқ тесікке айналады: құрқылтай дейтін құс қияға ұя салады.

Қанаты бар құс біткеннің ішінде жер басып жүруге жаралмағаны осы құрқылтай жарықтық. Аяқ оған жарға жабысуға ғана керек, тегіс жермен жүре алмайды. Тіршілігінің көбі көзге ілінбес зау биікте. Топ-топ болып шиқылдап жүрген құрқылтайды көп адам сезбейді де. Оған тамақ та аспаннан бұйырған. Шыбын-шіркейді әуеден қармап, соны қанағат тұтады.

Маңырақ ауылының да тырбың тіршілігі осы құрқылтайдың күнкөрісі сияқты еді. Екінші Николай патшаның премьер-министрі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін ішкі Ресейден келген переселендерге пристав Маңырақтың бұлақ бойындағы бұрынғы қонысын тартып әперді де, азын-аулақ мал ұстап, жоңышқа, жүгері егіп күн көрген ауыл Мықан бойындағы су шықпайтын қырқа жар басына ысырылды.

Бұл өзі іргелі Ботбай руының ішіндегі аз ата еді. Бұрынғылар айтады, Бәйдібек батыр қайтқанда оның жесірі Домалақ Ана жарықтық қайнысы Байтуға:

– Әмеңгерім сенсің, мені ал, – дейді. Байту момындау екен, көнбей қойыпты. Сонда Домалақ Ана айтты дейді:

– Е, жазған, мені алғанда ұрпағың күннің шығысы мен батысын жайлайтын еді, қайтейін. Ендеше, күзге жетсең жүзге жетпессің, – деп.

Әулие ана солай айтты ма, жоқ па, өз құлағымен кім естіп тұрған дейсің. Бірақ Байтудың, ұрпағы аз болып қалғаны рас. Содан қалған аз ата осы Маңырақ. Бәйдібек батырдан тараған Ботбайдың ішінде отырады. Сол аздығынан шығар, переселендерге жер беру туралы үкім шыққанда, алдымен қонысынан айырылған да осы Маңырақ болды. Оның бұрынғы шұрайлы қонысы енді Кузьминка деп аталады. Переселендерге Маңырақ жұрты алғашында екі-үш танаптан тең бөлінгенмен біраз жылдан кейін олардың да арасынан жалмауыт шортандар шығып, көлігі, құралы жоқ майда шабақтарын жұтып жіберді. Аз шортанға көп шабақ батырақ малай болып қала берді.

Бірақ жерінен айрылған сорлы Маңырақ үшін «сары орыстың – бәрі орыс» еді.

Сол Маңырақтың бірі – Тайлақ дегеннің жаман тамы ауылдың ең шетінде, жардың дәл ернеуінде қалып тұрған. Биылғы көктемнен шықпа жаным шықпа деп әрең құтылды да, ендігі су тасқында сау қалмайтынына көзі жетіп, күн жылыда жарқабақтан әрірек жылжып, басына пана тұрғызып алудың әрекетінде еді. Күн жылт еткеннен Тайлақ шиеттей бала-шағасымен жабылып, шелекпен су тасып, балшық илеп, қыш құйды. Балшық илеуге жалғыз сиырын салайын деп еді, абысындары Тайтақай атап кеткен қатыны Талбүбінің талқаны шықты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий