Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Уа, Бектен, еркек шықса, мына мен шықсам, бересің бе түйеңді? – деп саңқ-санқ етті.

Таяғымен алдын көлбеп, басы қалтандаңқырап ортаға қарай бір шал шықты. Тұрар оның баяғы базардағы Жапарқұл дуана екенін тани кетті.

– Жоқ болмайды! – деп жекірді пристав. – Қайт кейін. Тек қана әйел шықсын!

Соқыр дуананы қызметші жігіттер итермелеп, көптің арасына қайтадан сүңгітіп жіберді.

Бір уақытта қалың топтың бір шеті қасқыр тиген қойдай дүрлігіп, шайқалып кетті.

– Ойбай, масқара, әне, әне! Шығатын болды!

– Жол бер! Жол бер! – десіп қалды.

Қалынды қақ жарып, алпамсадай алқам-салқам ақсары, нұрлы жүзді, жүдеу киімді ұрғашы алаңқайға арсалаңдап шыға келді. Тайтақай! Жұрт ду ете қалды. Әлгіде тарап бара жатқандар қайтадан кері жүгірді. Арттағылар ештеңе көре алмай, алға қарай кимелеп, баж-бұж басталды.

Айнала аласапыран жұртты қанша елемеген болып, тәуекелге тастүйін бекінсе де, байғұс ұрғашы жамау-жамау сары ала, көйлегін басынан асыра шеше бергенде, ақсары өңі өрт тигендей лап етіп, қып-қызыл болып кетті. Көйлекті сыпырғанда алты баланы асыраған алып ананың қос емшегі арық тайлақтың жығылған өркешіндей салаң-салаң етті.

– Міне, қызық! – деп пристав алақанын шапаттады. Айбар мырза кеңк-кеңк күлгенде жуан қарны селкілдеді.

«Апыр-ай, Тайтақай ғой! Байғұсқа «қой!» деп айтар ешкім табылмағаны ма? Елдің есі шығып кеткені қалай?» – деп Тұрар қысылды. Әлдекім дәл өзін жалаңаштап жатқандай жаны алқымға келіп, шыдай алмай барады. – Мүмкін, бұл бейшараның есі ауысты ма екен?! Мұның несі қызық, несі күлкі! Көпе-көрнеу қорлау ғой бұл адам баласын! Ана жылы ауылына барғанымда есі дұрыс еді ғой!!

Бұл ойын дауыстап тұрып айтайын деп бір оқталды да, пристав пен Айбардың мәз болғанын, Бектеннің ешкінің құйрығындай шыжбыңдап тұрғанын, тергеуші мырзаның сазарып қалғанын аңғарып, біраз тосылды.

– Ойбай, мына масқарапаз кімнің қатыны?

– Әй, әлгі Маңырақ Тайлақтың Тайтақайы ғой, құдай ұрғыр.

– Көтек, дамбалын шеше бастады! Ойбу, сорлы-ай...

Осы бір у-шу, ию-қию дабыраны қоғадай жапырып, бір айқай саңқ ете қалды.

– Тоқтат! – деді әлгі адам Тайтақайға ұмтыла беріп. – Өле қалғыр, Тайтақай! Бұл не сұмдығың сорлы, елге күлкі, өсекке таң болып?!

Тайтақай баж етіп оның бетінен алды:

– Немене, намысың келе ме? Намысшыл болсаң, менің аш-жалаңаш отырған алты баламды асырап бер! А? Жалғыз атыңнан басқа түгің жоқ. – Маған неңді бересің, а? Жардай түйе жерде жатқан жоқ. Әбирімді бір ашып, бір түйе тапсам, түгім де кетпейді. Күлген ақымақ күле берсін!

Тайтақай басынан кір-кір орамалын алған жоқ. Оған әбиірін ашқаннан гөрі, басын ашқан өлім сияқты.

Тайтақайға тоқтау айтып, топты жарып жалғыз шыққан азамат Ақкөз екенін Тұрар ә дегенде-ақ аңғарып, суға батып тұншығып бара жатқан жерінен қолы бір бұтаға ілінгендей қуанып кетті. «Айналайын ағатай-ай, шын батыр екенсің ғой, асқардай азамат екенсің ғой», – дей берді.

– Мына бүлікші кім тағы? – деп пристав кенет қаһарланып, қасындағы урядникке:

– Тез қайтар! – деп бұйырды.

Қылышы салаңдаған қисық аяқ урядник Обров Ақкөзге жетіп барып, жағасынан ала түсіп, жұдырығын мұрнына тақап, көзі ақшаң-ақшаң етті.

– Қайт, оңбаған!

Шалғайын тістеген қанден ғұрлы көрмей, Ақкөз урядникті иығынан бүре ұстап шиіріп кеп жіберіп еді, приставтың алдына келіп тыраң ете құлады. Ақкөз приставқа енді өзі бетпе-бет келді:

– Ей, ұлық! Тоқтат мына сұмдықты. Адам баласы саған маймыл емес күлкі қылатын! Бектен мырза, құс қондырып, келін түсірген тойыңды масқарапазға айналдырайын деп пе едің? Айбар құдаңнан мен ақыл күтпеймін. Сенін есің бар емес пе еді?

Бұл жақта жанжал жалындап жатқанда, Тайтақай түйенің шиелеп байланған бұйдасын тісімен шеше алмай жанталасып бақты.

Жерге бір аунап түскен урядник ұйпа-тұйпасы шығып, шашы қобырап, шіңкілдеп, наганын қынабынан суырып алды.

– Тұтқында бұзықты! – деп бұйырды пристав.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий