Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақжал сарының шылбыры сүйретіліп барады екен, Ақкөз еңкейіп жиып алайын деп еді, бойы иілмеді. Досмайыл тобы оның қарсылығына қарамай, аттарына қонып, соңынан ерді. Ал Ақкөздің қанталаған көзінің алдынан әлгі арашашы бала кетпей қойды.

* * *

Тайтақай урядниктің қамшысын шыбын шаққан ғұрлы көрген жоқ. Жон арқасында білеудей қызық сызық қалса да, ауырсына қоймады. Ол мұндай таяқтың талайын жеген. Оның жанын шиқылдата шайнаған әсте де урядниктің қамшысы емес.Тайтақайды қанжылатқан әм қалжыратқан мына тобырдың сұқ көздері еді. Біресе мазақтап, біресе мүсіркеп караған көздер оның жүрегін паршалап, қанжардай қадалып жатты. Тайтақай көп көздердің арасынан әрең сытылып шығып баласына ұстатып қойған көнетоз көйлегіне шапши ұмтылып, жұлып алғанда, нәресте

қорқып шыр ете қалды.

Көйлекті жалмажан апыл-ғұпыл киіп жатып, қан жосалы жонарқасына кептеліп қалған кебіннің жеңіне қолын сұға алмай, ашу мен ыза қысқан дүлей күшпен шірей жұлқынғанда, шірік мата шыдас бермей, дар етіп айырылып, бір жеңі қолтығынан қақырап түсті.

Сол жерде Тайтақай киім атаулыны қарғады. — Осы сұм шүберекті, қу кебінді кім шығарды, қандай шұнақ шығарды, ойбай?! Осы кебін болмаса, адам деген албастының бәрі бірдей емес пе, ойбай?! Үш күн қу тіршілікте әбиірін шүберекпен жауып алып, далбасалайды, қараң қалғырлар. Бәріңнің кебінің – қара топырақ қараң қалғырлар. Көздерің шыққыр, неменеге қадала қалдыңдар?!

Тайтақай тап бергенде, қызық көрушілер үріккен қойдай жалт беріп, жапырылды – Байғұс, ақылы ауысқан ба?– деп күбірлесіп бара жатты.

Тайтақай ақылы аман, есі бүтін, кіші баласын қолынан қысып ұстап, Маңыраққа бет алды. Жол-жөнекей әлгі ойран осқылаған тойдың оқиғасы көз алдынан қат-қабат көшіп жатты. Шыжандай шытырман арасынан жарқ етіп қайсар бала елес берді.

– «Апыр-ау, былтыр біздің үйге келіп, Қырғызбай жездемнің ешкілерін айдап кеткен бала емес пе?» – деп дал болды. – «Сен де сондай болар ма екенсің?» – деп жанындағы кенжесінің басынан сипады. Жалаң аяғын шеттік тікен сойғылап, сирағы қанаған ботасын жерден көтеріп алып, қамшы тілген арқасына лақтыра салып, шеңгел ілген етегін ышқырына қыстырып қойып, құртқа қасқырдай қасарысып, бел асып бара жатты.

* * *

Қайтар жол көңілсіз. Тойдан емес, жаназадан қайтқандай Семашко мырза да, Тұрар да үнсіз. Жаздың ұзақ күні баяу батып бара жатқан. Күн ұясына қонған соң да аспанның қызылы көпке дейін қаза болмай, әуенің терістік беткейінің жалқын сары реңі таймай қойды. Терістік өңірде жатқан Маңырақ ауылының бүгінгі масқарапаз қатыны Тайтақай үміт етіп, өндіршегі үзілген сары інген қазір аспанда ұшып жүрген тәрізді. Сары інгеннің шудасындай ұлпа бұлттар мүлгіп қалған.

– Иә, Тұрар дос, іс қиынға айналды, – деп тіл қатты бір шамада Семашко. – Өте қиынға айналды. Енді саған Меркеде қалуға болмас. Приставты өзің білесің той. Ол біреудің соңына түссе сорлатпай қоймайды. Не істеу керек?

– Андрей Павлович, енді Меркеде мен өзім де қалмаймын. Оқу бітті, документ қолға тисе – кетемін. Сіздің қарамағыңызда көп нәрсеге көзім ашыла бастап еді, заң ісін едәуір біліп қалып едім, амал нешік... – деп күрсінді Тұрар.

– Бауырым, сен өте қиын адамсың. – Семашко қызыл іңірде баланың бетіне төне түсті – Түсінесің бе, өте қиын адамсың. Мысалы, мына мен патшаның чиновнигімін. Мемлекет сақшысымын. Ал әлгі жерде сен бүлікшіге бүйрегің бұрды. Мемлекет тұрғысынан келгенде, приставтікі жөн. Ол әлгі бунтарьды да, сені де жазалауға тиіс. Ал мен приставты жақтауға тиіспін. Бірақ сені оққа байлап жіберуге қолым көтерілмейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий