Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұрар Атамырзаның куәлігін толтырып болып, өз жазуына өзі ары-бері қарап, екінші бланкті ала бергенде астынан жазуы бар бір парақ қағаз шықты. Бұл Иван Владимировичтің қолы екенін Тұрар бірден таныды да, куәлік толтыруға байланысты емес пе екен деп оқи бастады.

«Санкт-Петербург. Мемлекеттік Думаның мүшесі, социал-демократ И. П. Павловскийге.

Құрметті Иван Петрович! Сізге Ресейдің бір қиырынан, Түркістан өлкесінен хат жазып отырған социал-демократ Иван Коваль. Біздің ұйым әлі әлсіз. Бірақ сіздер көмек етсеңіздер, істі жолға қоюға болады. Ол үшін Сізден мынаны өтінеміз. Бізге революциялық әдебиеттер керек. Мысалы, мына мағыналы кітапшалар, прокламациялар:

1) «С.Д. мен С.Р. деген не және көтеріліс»;

2) «Мемлекеттік Дума деген не, ол халыққа не береді?»;

3) «I және II Думалар неге жойылды. III Думаны сайлау туралы Заң неге шығарылды?»; 4) «Солдатқа адам бермеңдер, салық төлемеңдер»; 5) «Жер талап етіңдер»; 6) «Патша кімдерді дарға асып, кімдерді өлтіріп жатыр?» т. б. Сондай-ақ рев. өлеңдер, Марсельеза тексті, жауынгерлік және қаралы марштар.

Сіздің хатты біздің пошта ашып қояды екен деп қорықпаңыз. Онда өзіміздің адамдар бар. Тек сіздердегі пошта ашып жүрмесе болғаны. Хатты вагон жәшігіне салыңыз, немесе заказбен жіберіңіз. Осы хатымды алғаныңыз туралы Л. Н. Толстойдың суреті бар открытка салып белгі беріңіз. Ал кітапшалар жібергеніңіз туралы М. Горькийдін суреті бар открыткамен белгі берерсіз. Ал егер күдік туған жағдайда Нева проспекті суреті бар открыткамен білдіресіз. Менің адресім: Түркістан өлкесі, Сырдария губерниясы, Әулие-Ата уезі, Мерке селосы.

И. Коваль»

Тұрар ұрлық қылған адамдай, ыңғайсыз жағдайда қалды. Директор тапсырып кеткен жұмысты да ұмытып, әрі ұялып, әрі мынандай керемет жаңалық ашқанына аң-таң болып, мүлде басқа бір әлемнің үстіне топ ете түскендей аңтарылып қалды. Мына хаттағы мәндес: «Социал-демократ», «Мемлекеттік Дума», «Революция» деген сөздер Тұрардың құлағына ызыңдап, алыстан, Алматы түрмесінің камерасынан естілгендей болады. Иә, Александр Бронников айтар еді бұл сөздерді. Ол кезде бұл сөздердің мағынасы баланың санасына жете бермейтін. Бірақ шыңырауға ілуде сығалаған күн сәулесіндей сыр бар еді сиқырлы сөздерде. Бала соны сезетін.

«Біздің поштада өзіміздің адамдар бар дейді ә... Сонда кім болғаны? Айтпақшы, Қабылбек поштада істейді ғой. Әрі оқиды, әрі поштада жұмыс істейді. Сол болып жүрмесін?! Апыр-ай, сонда Иван Владимирович мұндай құпия жұмыстарды маған сенбей, Қабылбекке сеніп тапсырғаны ма? Бірақ менің істейтін жерім – мұндай астыртын жұмыстың орны емес қой».

Тұрар келесі куәлікті Қабылбек Сармолдаевтың атына нөмірі екінші деп толтырды. Бар ықыласын салып, оның аты-жөнін маржандай тізіп жазды. Қабылбек те үздік шәкірт еді, бағалары кілең бестік, бір-ақ төрті бар екен. Оның өзі мұсылманша оқудан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий