Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келесі куәлікті Тұрар өзіне толтырды. Бұл сәт оның өміріндегі ең бір шешуші кезең еді. Қылмыс екенін біле тұра тас жұтып, тәуекелге бел байламақ. Алдына таза куәлікті қойып, өзімен өзі арпалысып көп отырды. Фамилиясын өзгертіп жазғаны – заңға сыйымсыз. Иван Владимировичке кесірі тиіп кетуі мүмкін. Әлгінде қатты ескертіп кетті ғой; бір бланк бүлінсе – мен құримын деп. Сонда қалай Қырғызбаев болып кете бара ма? Туған әкеден жетесіз ұл безеді. Арада неше жыл өтсе де, өкім атаулы оның әкесінің атынан өлген бураның басынан үріккен атандай естері кетіп, көздері ежірейе қалалы. Соған бола әкесінің атынан айырыла ма? Кеше кеште Бектен тойынан қайтқандағы ант қайда? Әлде Иван Владимировичке айтып, рұқсат сұрау керек пе? Ол көнбей қойса ше? Өйткені оны да қадағалап отырған инспектор бар. «Рысқұлов деген қайдан шыққан оқушы? Ондай шәкірт жоқ еді ғой, Андреев мырза?» – деп қадалса, ұстазы не күйде қалмақшы. Бірақ бала дәл қазір тәуекел демесе, өмір-бақи бөтен фамилиямен кететініне көзі жетті де: не өлгенім, не тірілгенім, деп куәлікке қара тушпен «Р» деген әріпті басып кеп қалды. Жазарын жазып алып, маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Қолындағы қаламұшты қағаз бетінен тартып алып, өзі таңбалаған «Р» әрпіне үрейлене қарап, меңіреу адамдай сілейді де отырды. Кірпік қақпай қалған баланың көз алдында әлгі «Р» бірте-бірте ұлғайып, жан біткендей қимылдап бара жатты. Аспара шыңының басында Қызыл Жебе мінген Рысқұл тағы бір рет жалт етіп көрінді де «Р» әрпі қайтадан бұрынғы қалпына келді.

Енді шегінерге жер қалмады. Өткелден шегінетін көпірді Тұрар өзі өртеп жіберді. Енді куәлік бәрібір бүлінді. Тушпен түскен «Р»-ды өшіре алмайсың. Сонда бала «Рысқұлов Тұрар» деген сөздерді бадырайтып тұрып ірілеу жазып болды да, өз денесіне құдірет басқа бас орнатып, кеудесіне басқа жүрек салып бергендей, сірә түк те болмағандай салмақтана қалды. Әлгі бір уайым, әбігер хал атымен жоқ. Енді бұл ешкімнен қорықпайтын сияқты. Қайта еңсесін ылғи басып тұратын, ылғи жаншып жүретін зіл қаратас арқасынан домалап түскендей «уһ!» – деп жалын ата бір дем алды да, рахат әлемінің құшағына кіргендей, сейдін көңілі көтеріліп, ыңылдап ән салып, куәлік қағаздарын толтыра берді. Әлгі әннің әуені «Полонез» екенін аңғарған да жоқ.

Директор қайта оралғанда Тұрар барлық балалардың куәлігін жазып та бітіріп еді.

– Жарайсың, Қызыл Жебе!– деп мақтады директор Тұрардың жазуына сүйсініп.

– Мақтауыңыз жетті, Иван Владимирович, енді айыптайсыз, жазалайсыз мені, – деді Тұрар аспай-саспай.

– Неге? – деп директор шошып кетті. – Әлде бланкті бүлдіріп алдың ба?

– Жоқ, Иван Владимирович. Мен саналы түрде екі қылмыс істедім. Біріншісі, сіздің құпия хатыңызды оқып қойдым. Бұл бір. Екіншіден, міне мына өз куәлігімді былай толтырдым. Менің шын аты-жөнім. Каторгаға кеткен әкемнің алдында мәңгі қарабет болмас үшін осы әрекетке бардым. Ендігі ерік өзіңізде, Иван Владимирович. Дәл қазір приставқа ұстап бересіз бе, әлде куәлік бермей қоясыз ба – бәрі өз қолыңызда.

* * *

Директор кенет жүрегі сыздаған адамша әлсіреп барып креслоға отыра кетті. Ақырған да жоқ, бақырған да жоқ. Сотта өлім жазасына кесілген жандай есеңгіреп біраз отырды да сыбырлап қана:

– Хатты оқығаныңнан қорықпаймын. Мейлі оқығаның дұрыс та болған шығар. Мені сатпайтыныңа көзім жетеді. Ал ертең елдің алдында саған мына куәлікті қалай тапсырамын? Қайдағы Рысқұлов! – десе не деймін? Осы қинап тұр, Қызыл Жебе. Ох, бүлдірдің, бауырым, бүлдірдің. Тіпті осы күні бүркеншек атпен жүретіндер аз емес қой. Азар болса, солардың бірі болар едің де.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий