Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағы да өзін нұқып: «Саха» мені нұсқап: «қассаха – туған, туған!» – деді. Сонан соң мені аяғандай басын шайқап, таңдайын қағып, бір күрсінді. Қойнынан бір тері қалта суырып алып: «тамаха-тама-ха»,– деп маған қарай лақтырып жіберіп еді, айдауыл қағып алды. «Ей, сасық якут, айда, ары жүр! Әйтпесе сен де осыларға қосыласың», – деп жекіді. Жақут-саха қамшыны бір басып, атын орғытып, қырдың астына бұлаң етіп түсті де кетті. Қайтып көрінбеді. Оның маған сыйлағаны темекі екен. Содан бастап мен шылым шеккім келді. Бұрын жек көретін неме еді. Енді құмартып қалдым. Бірақ бұғының терісіне моншақ тізіп тіккен қалтаға қызыққан айдауыл сый белгіні өзінің қойнына сүңгітіп жіберді.

Танымайтын, білмейтін, айдаладағы жердің бір қиырындағы адам. Таң қалам. Неге бұлай? Неге жаны ашиды? Мен өзгелер тұрмақ, өз қандас, қарындастарымнан көбіне-көп теперіш көрдім. Талайлармен дoc тa болдым. Бірақ достарды мен жат жұрттан көбірек таптым. Әлгі жақут-саханың ықыласы көң болып қатып қалған көңілімді бір жібітіп, іші-бауырымды елжіретіп жіберді. Жер бетінде әлі жақсылық жойылмаған екен-ау деп, осы ықыластан тың қуат алғандай болып қалдым. Жердің жүзінде осы ықылас жоғалған күні дүние қараң қалатын шығар, атасына нәлет.

Ілгері басқан аяғың кейін кеткенде, діттеген арманың түңгі адасқақ алдамшы оттай жеткізбей қойғанда, жан-жағыңнан жау қамағандай жалғыз қалғанда, осы мен несіне тірі жүрмін, енді маған бұл жалған дүниеде не бар? – деп бір түңілетін сәттер болды. Айдаудағы пенде үшін ең ауыр кесел осы. Бұған шыдай алмай, соқпа дертке ұшырап, қайтып оңала алмай, шексіз Тайгада жер томпайтып қалғандар қанша, атасына нәлет. Менімен бірге өзіміздің Әулие-Атаның Мұрат деген бір шымыры болды. Ол да әлдеқалай жаламен ұсталса керек. Өте тақуа, тым таза кісі еді. А бірақ сорына қарай тым уайымшыл екен. «Артымда үйелмелі-сүйелмелі үш балам қалды. Үшеуі темір қанат шақа балапан сияқты, ылажсыз нәресте. Әйелім момын. Тым болмаса пысық та емес. Енді олар тipi қалар деймісің. Әсіресе бір жасқа толар-толмас кенжесі шінжеу еді, не болды екен? Әй, үзілген шығар, әй сорлаған шығар», – деп күні-түні уһілей береді, күні-түні аһылай береді. Қарауылдың әкеліп берген батпақ көжесін ішпей итеріп тастайды. Әуелі мен оны демеп, «сорлы ажалыңнан бұрын өлемісің. Бала сенде ғана бар да, басқада жоқ, па! Құдай басқа салды, көнесің. Құдайдан өлім тілесең, өлім сенің өтінішіңсіз-ақ өзі келеді. Бірақ қай жерде, қай сағатта келеді, – оны ешкім болжап білген емес. Әйтеуір жарық дүниеде жүр екенсің, шүкіршілік eт те, жақсылықты алдан күт!» – деп қайрат берген болып жүрдім.

Менен ажырап, басқа топқа кеткен соң, көп ұзамай сол кісі дүние салды. Ойлаймын, егер екеуміз ажырамасақ, әлі тірі жүруі де мүмкін еді-ау деп. Мен де оған жақұт-саха. А бірақ жаңағы жақұт-саха барда, мына мен өлмеймін, атасына нәлет. Құдай соны аман қылсын.

Көрген-білгенімді тізбелей беріп қайтейін. Әйтеуір, қу сүйегіміз саудырап Бодойбоға да жеттік-ау. «Бодойбо, Бодойбо, алтынның кені» дегенге, бұл бір Үркіттің қаласынан да ірі, алтын жалатып, жарқыратып тастаған нау шаһар шығар десем, қиқы-жиқы қисық үйлердің құрандысы екен, тәйірі.

Бодойбоның түрмесі басқа үйлерінен гөрі мықты салынған ба дедім. Бұ жарықтық патшаның ықыласы абақты дегенде ерекше құлаған. Қай түрмесіне барма, тастан өріп, қамалдан да қатты ықтияттап салып тастаған. Жан-жағы тay, бір жағы дарияға төніп тұрған ел екен. Бұрын бұл қаланың айналасы ит тұмсығы батпайтын жыныс орман екен. Енді жан-жағы үш-төрт шақырым жерге дейін тып-типыл. «Не болған?» – десек, білетін орыстар айтады: каторжниктер қашып, арасына тығылып қалмасын деп орманды жағалай отап, өртеп жіберген деп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий