Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Мұз сылақты» қаланың адамдары ақыры азапқа шыдай алмай, бастыққа барып, жұмыс жағдайын жақсартып, жалақыны көбейт деп талап қоймақ болып, бәленбай мыңы жиналып, ұлығына бара жатқанда солдаттар қарусыз бейшараларды мылтықпен атып, жусатып салды. Бұл сұмдықты біз көре алған жоқпыз, а бірақ түрме қанша бітеу болса да, сырттағы хабар абақтының тac қамалынан өтіп кетеді. Сол сойқаннан кейін бізге де қарауыл бұрынғыдан бетер күшейтілді. «Лена қырғыны» деген сойқан дәл біздің қасымызда болды. Көзі ашық орыстар айтады: «Патшаның күні таусылды. Енді көп ұзамас. Жағдай өзгереді. Бізге де бостандық болады», – дейді. Ондай атты күн болса, сенімен қауышар күн туар, Тұрар. Әйтеуір, бір зор дауылдың жақындап келе жатқанын, оқымасам да, мен сезетін сияқтымын. Сол дауыл адам өміріндегі жоқшылық, алдау-арбау, бәле-жала, зорлық-зомбылық сияқты. Баяғы Алматының түрмесіндегі тамыр Ескендірдің айтқан Ленин деген кісісін мұнда ауызға жиі-жиі алады. Естіген сайын құлағым елеңдеп, менің бір жақын адамымды атап жатқандай, ішім жылып қалады. Сол Ескендір шынында көреген екен. Алғаш содан естігенде нана қоймап едім. Енді мұндағы халықтың бар сенгені – Ленин.

«Жартас» кенішінің түбінде майып болмасам, жақсылыққа мен де жететін шығармын деген үміт жанды жылытады. Оқыған орыстар Пушкин деген ақынның өлеңін айтады. Қазір мен орысшаны біліп қалдым ғой. Сол Пушкин, патшаға қарсы шығып, каторгаға бұдан жүз жыл шамасы бұрын айдалған декабристерге мына өлеңмен сәлем жолдаған екен.

«Во глубине сибирских руд

Храните гордое терпенье

Не пропадет ваш скорбный труд

И дум высокое стремленье» –

деп.

Сол Пушкин тағы да: «Кісендер талқандалып, абақтылар қирап, бостандық таңы атады. Сонда қолдарыңа алдаспан алып, жауды жайратасыңдар», – депті.

Қолына мен де қару алып, азаттық үшін алысып өлсем, арманым жоқ. Пайғамбар ақынның айтқаны келгей.

Аяқ-қолдағы ауыр кісенге бауыр басып кеткенім соншалықты, егер оның кілті ашыла қалған күнде тастамай, ескерткішке ала кетемін. А мүмкін бұл кісеннен қанжар соғуға тұра келер. Патшаның иттерінің басын шауып, сол қанжарды жау қанына суарсам, менде қандай өкініш бар.

Тағы бір арман-тілек. Кісенімнің қанжардан артылған бір түйірінен мен сақина соғар едім. Сенің туған анаң Қалипа дүниеден ерте көшті, Тұрар, қолына сақина сала алмадым. Одан кейінгі алғаным Ізбайша сенің туған анаңнан кем болған жоқ. Шиеттей екі нәрестені, сенімен Түйметайды аналық мейіріммен исініп, бауырына салды. Құла дауыл қу тіршіліктің күйбеңімен жүріп, оның да саусағына сақина кигізе алмадым.

Жылдар жүзіне ер адам жар құшағынсыз күн кешудің ахиреттей қасірет екенін мен саған тәптіштеп жатпаймын, ұлым. Несін жасырайын, Сібірдің ұзақ түндерінде мен Ізбайшаны да көп ойладым. Сен де ер-азамат болып өсіп қалған шығарсың. Құдай саған алдағы күнде алған жарды адалынан берсін. Ізбайша менің адал жарым еді. Енді менен күдер үзіп, басқа бір төбетке тәуелді болса, амал жоқ. Ал менің неғайбыл нәлет жолыма қарап, әлі де күтіп жүрген болса, мен кісеннен соққан темір сақинаны оның періштелі саусағына саф алтынға балап салар едім. Ақылы болса, мұнысы несі деп, таң қалмас. Рас, темір кісен аяғыма тұсау болып, адымымды аштырмады. А бірақ жылдар бойы серік болған сұр темірге ет үйренді, ол да менің бір мүшемдей бойға сіңісіп кеткен тәрізді, атасына нәлет.

Егерім, менің алғаным Ізбайша әлі бар болса, сағыныш жалынына тапталған, қасірет буына суарылған, менің шыдамыммен шыңдалған темір сақинаны оған тарту етпекшімін. Бодойбодан бір сақиналық алтын да табар едім, а бірақ алтын сақина Рысқұлдың жары Ізбайшаға жараспаса керек. Менен арылмай келе жатқан бір арман сыры осындай, Тұрар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий