Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күйме Корниловка селосына аялдап, жәмшік ат ауыстырып жатқанда, Тұрарды бір алып магнит тартқандай, өзімен өзі көп алысты. Корниловканың ежелгі аты – Жаскешу еді. Қоқан қырғынындағы төгілген жастың кешуі ме, қалмақ қырғынындағы төгілген жастың кешуі ме – белгісіз. Генерал Черняев жүріп өткен соң Корниловканың үстіңгі жағында баяғы айта беретін Шәңкібастау, Қарақойын қонысы аса алыс та емес еді. Сол Қарақойын Тұрарды өзіне Одиссейді тартқан сиқырлы сұлулар аралындай арбай берді. Сиқырлы сұлулар аралында қалып қоймас үшін Одиссей өзін кеменің діңгегіне байлаттырып тастағаны сияқты. Тұрарды да байлап-матап тұрған жай – Мерке сапары. Әйтпесе, қазір Қарақойынға бұрылса – Ахат атасын көрер еді...

Ахат Алматыдан Тұрарды алып қашқалы да он жыл өтіп кетіпті. Сол сапар атасы Тұрарды Меркедегі Қырғызбайға табыстап, өзі осы Түлкібас асып кеткен. Тұрарды Түлкібасқа ала кетуге Дауылбай әулетінен сескенген.

Меркенің базарында баламен қоштасып тұрып:

– Ал, шырағым, Мерке де сенің бір елің. Қырғызбай сенің туғаның. Айтқанын істе, тілін ал. Алла сенімен аман көрісуге жазсын. Заман оңалса, қауқарым жетсе, іздеп келіп, ата-бабаң туған жер Түлкібасты бір көрсетермін. Сонда сен ата-бабаның қасиетті топырағын жерсініп, ана сүтінің дәмін алғандай боларсың. Ал, егер менің көзім жұмыла кетсе, ер жеткенде әйтеуір бір іздеп келіп, бейітімнің басына тізе бүгіп: «Ей, бейшара Ахат атам, мен сенің ұрпағыңмын. Жасудай жақсылығың тиіп еді, сол жақсылығың алдыңнан шықсын!» – деп бата қылғай. Бұл дүниеден ұрпақсыз өтер мен бейбаққа дүниеде сауабың тиер. Хош-қайыр!

Қолыңды жай, Тұрар! Ажалдан бұрын ешкім өлмейді. Алдымдағы тіршілік болжаусыз. Алланың аманат қойған жаны бар. Мүмкін, көремін, мүмкін енді қайтып көрмеспін. Егер мен әлдеқалай ахиретке бет алсам, «аталап» артымнан бір келуге арланба, Тұрар. Дүние-жалғанда Ахат деген атам өткен деп есіңе ала жүр. Қоштасарда соңғы сөзім: – Артыңнан қумасын, алдыңнан бумасын! Әумин!

Ахаттың Мерке базардағы соңғы сөзі осы еді. Ол кезде Тұрар он жаста еді. «Артыңнан қумасын» дегенде «Алматыдан Приходько қуып келмесін» деп түсінген. Енді ойласа, атасының батасы ол мағынадан әлдеқайда кең екен. Артыңнан қуып отыратын – жаманшылық, алдыңнан ылғи да күтетінің – жақсылық. Бірінен қашқан боласың, бірін өмірбақи күтіп, алдағы күнге мойныңды соза бересін, соза бересің. Бірақ бір құдірет: «Аузың асқа, ауың атқа жарымасын», – деп қарғап қойғандай, Тау-Шілмембет әулетінің басын тауға да, тасқа да соқты. Рысқұлдың етегінен ұстап, ширек ғасыр сандалыстан соң туған Қарақойынға қайтып оралған Ахат енді тірі ме, жоқ па? – Белгісіз.

Адам өлсе, артында не қалады? Мына заңғар тау, анау зеңгір аспан, жасыл жапырақ, аналық топырақ, шырылдаған торғай, қалықтаған құс қалады.

Егде жігіт кезінде елден кетіп, еңкейген қарт шағында қайта келгенде Қарақойыннан не тапты екен? Күндіз ойынан, түнде түсінен шықпайтын туған жері не тартты екен Ахаттың сыбағасына? Сәлік атадан өз қатары сиреген шығар. Кәрілерін таба алмай, жастарын танымай, жат жерге келгендей бір сарсаң кешкен болар да. Баяғы дәу Омар сияқты Ахат атасы Дауылбайдың аяғына жығылмас.

Тұрар осыны ойлап, Қарақойын жаққа қарап жүрегі сыздады. Күймеден қалып Қарақойын кетуге бір толқып тұрып, қайтадан қатайып қалды. Мына Түлкібас оған қанша ыстық көрінгенмен, оның көңілі қалған жалғаншылық та бар еді.

Бұл хабарды ол Пішпекте оқып жүргенде каникулге Меркеге келіп, Қырғызбай атасының үйінен, онда да сампылдақ Салиха апасынан есіткен.

– Әлгі жүзіқара байға тиіп алыпты. Есіттің бе, Тұрар-ау, ойбу, не бетімді айтайын, мырзағаның күйігін қайда барып тартайын!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий