Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұлдың ағасы Бердіқұлдың қаны төгілер ме еді? Аспандағы Алатаудан құлап аққан мөлдір бұлақтар Дәу-Бабаның бауырына келгенде қызғылтым тартатын сияқты. Бердіқұлдың қаны емес пе екен? Әлдеқашан, бұдан отыз жыл бұрын төгілген қан әлі күнге дейін жуылып бітпесе, мөлдір бұлақ қызармасқа не шара!

Дауылбай болыс ұрғызып өлтірткен Бердіқұлдың мүрдесіне жылда көктемде қаулап көк шығады. Қорғансыз зиратқа кіріп кетіп мал жайылады. Бердіқұл моласының үстіндегі шүйгін шөпті тілімен талмап, сиырлар қомағайлана жалмайды. Зәңгі-бабаның құныққанына қарағанда сол жетім төбешіктің шүйгіні шырын болар. Шөп шырын сүтке айналар Бердіқұлдың сүйегінен нәр алған сүтті адамдар ішеді, Дауылбай да ішетін шығар.

Содан бері отыз жыл өтіпті. Тау да орнында, тас та орнында. Жиырма үй Сәлік-Сары жырақтап кеткені болмаса, ел де орнында. Қанды су ішіп, қайғысыз қара құлдай жүріп жатқан жайы бар көрінеді.

Теңбіл-теңбіл қаракөк орман, ойдым-ойдым жасыл аралдар арасынан тоқал тамдар да, ақ шаңқан шалқақ ақ үйлер де кездесіп қалады. Ала-құла дүние. Анау бай, мынау кедей деп пешенесіне жазып қойғандай. Әкесі Алматының түрмесінде отырып айтқан әңгіме бойынша шамалайды: мына қара қабылан таудың ар жағы – Иірсу, Келте, Масат, шығысын ала Ақсу-Жабағылы. Ұлар ұшып, арқар жүгірген, қыран қалықтап, аю мекендеген, жүз жылдық ағаштары ит мұрыны өтпес көр болып кеткен қара орман, аршалы тау. Киік оты, құлан оты, көкемарал сияқты асыл шөптер өсетін қасиетті топырақ.

«Күмісбастау қай тұста екен? – деп қойды Тұрар жол бойы. – Дауылбай әлі бар ма екен? Сол Дауылбай болмаса жиырма түтін Сәлік-Сары жел аударған қаңбақтай жер жаннаты Түлкібастан ауып, Алатау бөктерін жебелеп, алысқа кетер ме еді?».

Әділетсіз жеңіс – рухани жеңіліс. Рысқұлды елден айырғанмен Дауылбай мұратына жете алды ма? Мәселе қайда?

Түлкібастың үстінен өтіп бара жатып, Тұрар өз әкесінің жан дүниесін енді терең түсіне түскендей болды. Мынандай жұмақтан жырақтап кету үшін себеп оңай болмасқа керек. Жұмақ бар да, тамұқ бар. Жұмақта тек періштелер ғана тұрмайды.

Бір күні түрменің терезесінен қияқтай болып жаңа туған ай көрінді. Тұрар:

– Көке, көке! Ананы қарашы! – деді саусағын шошайтып.

Рысқұл баланың қолын қатып жіберді.

– Жаңа туған айта саусақ шошайтпайды! – Қолыңа сүйел шығады, – деп еді сонда әкесінің үні жұмсарып.

Әкесі де бала болған. Анау Дәу-Бабаның қырқасынан қылтиып жаңа туған ай көрінген шығар. Бала Рысқұл:

– Әне, әне! Жаңа туған айға қараңдар? – деп саусағын шошайтқан болар. Сонда әкесі Жылқайдар:

– Шошайтпа саусағыңды! – деген-ау, сірә. Содан соң:

– Ай көрдім – аман көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке! – деп бата қылып, бетін сипаған шығар.

Тұрар әкесінің бала көзін байқағандай.

Не көп, ағаш көп екен: нау теректер, қаракөк қайсар емендер, жаңғақ пен жабайы алма... Анау еменді бұл топырақтан ешкім де ажырата алмас. Тіпті алай-түлей Шақпақтың дауылы да мызғыта қоймас. Әкесі сонда ағаштан осал болды ма? Тамыры қопарылып, ебелектей ел кезіп кеткені қалай?

Бірақ Рысқұлдың жүрек қылының бір ұшы Түлкібаста жатқанын Тұрар біледі. Біледі. Ол нәзік те болса, болаттай берік қылды ешкім де үзе алмас. Қандай алысқа кетсе де, тіпті Сібірге айдалғанда да ол қылды қияр құдірет табылған жоқ.

Әкесінің туған жерге деген махаббат жалыны Тұрарды да жылытып, Түлкібасты еріксіз жақсы көріп кеткендей. Әттең Мерке болмаса, Меркеде күтіп тұрған істер болмаса, Тұрар сонда күймеден түсіп қалар еді. Дәу-Баба, Күмісбастау, Шәңкібастау, Иірсуға барар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий