Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Головачевка, – деді ротмистр өзінің білімін көрсетіп қалғысы келіп. – Әйгілі генерал Черняевтің Головачев деген офицері болған. Село соның атында.

– Ал бұрын не деп атаған? – деп тәптіштеді ғалым.

– Бұрын бір әулие әйелдің атымен аталған көрінеді. Қалай еді, шайтан алғыр?

– Айша-Бибі, – деді жергілікті қызыл қаңлылардың бірі. – Әне, анау тұрған сол Айша-Бибі күмбезі.

– Айша-бибі деген атының өзі әдемі емес пе? – деп ғалым шұқшия түсті. – Енді есіме түсті: ол Қарахандар дәуірінен бері келе жатқан ескерткіш. Халықтың ғасырлар бойы қойған атын сызып тастап, әлдебір белгісіз офицердің есімін қоюы қалай?

– Ғалым мырза, бұл сіздің шаруаңыз емес. Патша офицерін олай қорламаңыз! – Ротмистр тікшие қалды.

– Мәртебелі мырза, ұлы Ресейде не көп – патшаның офицерлері көп. Ал анау ескерткіш – қайталанбас тарихи мұра. Айырмашылық жер мен көктей. – Ғалым-этнотраф қалшылдаңқырап кетті.

* * * *

Уақыт тар. Әрбір күн, әрбір сағат алтыннан қымбат. Жаяу жүгіріп жететін жер емес. Әулие-Атаға әлі пойыз жолы – «шойын жолы» жетпеген. Тұрар ойлайды. «Әттең, ұшы-қиырсыз байтақ даланы темір жол кесіп өтсе. Адымы қысқа ағайындардың тұсауы кесіліп, құлашы кеңісе: бүкіл, тұтас халықтың аяғы кісендеулі сияқты. Кісендеулі аттай, көсіліп шаба алмай тапырақтаған, шоқырақтаған заман. Ташкенттен Самарға дейін сапар шегіп қайтқан Тұрар пойыз жолдың не екенін біледі. Арыстан өте бере кілт үзіліп қалған сол жолды иығына салып тартып, ұзартқысы келеді. Еділдің жағасында кеме тартқан бурлактарша мойнына қамыт кисе де ұзартпақшы болады. Не керек, ол тек қиял ғана.

Ал қазір, отарба тұрмақ, атарба да жоқ. Күйме тоқтап тұр. Бар үміті әлгібір едіреңдеген ротмистрде ғана. Сол зор бермесе, Меркеге бүгін көлік түрі жоқ. Әулие-Ата аласапыран. Бұрынғыдай бұйығы емес. Адамдардың жүріс-тұрысы апыл-тұпыл. Шотыр-шотыр топтаса береді, күңкілдесіп, сезіктене сөйлеседі.

Атшабарға барса біраз жағдайдан хабардар болар еді, бірақ бұл жоқта ротмистр ат тауып келіп, күйме жүріп кете ме деп қауіптенді.

Ротмистрмен екеуінің арасы аса жақсы да емес. Есер немемен ерегіссе, күймеге мінгізбей тастап кетуі де әбден ықтимал.

Ташкенттен шығарда, енді жүрейін деп тұрған сәтте осы офицер өрт сөндірердей ентігіп жеткен. Күйменің орындықтары бос емес. Жолаушылар біріне-бірі иық тіресіп, ине шаншар жер қалмаған. Ротмистр қалт тұрып қалды. Отырған жұртты алақ-жұлақ бірер қарап шолып шықты. Тұрарға ежірейе көз тігіп тұрды да:

– Встать! – деп бұйырды.

– Мәртебелі мырза, менің билетім бар. Заңды орным.

– Встать! Ақ патшаның офицерін көргенде түземдердің орнынан тұрып, бас иіп сәлем беруі керек екені туралы жарлықты оқымаған қандай оңбағансың? Айып төлетіп, дүре соқтырып, айдатып жіберейін бе өзіңді!

Ерегістен ештеңе өнбейді. Ондай оспадарсыз тәртіптің бар екені шын. Генерал-губернатор түземдерге арнап сондай қорлықты жарлық жариялаған.

– Ондай жарлықтың бар екені рас, офицер мырза. Жергілікті халықтың өкілі ақ патша офицерлері мен чиновниктерді көргенде құлдық үру белгісі ретінде орнынан тұрып, иіліп сәлем беруге тиіс. Бұл туралы Куропаткин мырзаның көмекшісі Ерофеев мырза қол қойған тәртіпті оқығаным бар. Бірақ ол жарлықта күйме ішінде де тұрып бас ию керек деген пункт жоқ еді. Бірақ, жарайды, отырыңыз офицер мырза, – деп Тұрар орнынан көтерілді.

Ротмистр отыруын отырғанмен, сөзден тосылғанын сезіп, есесін жібермеуге тырысып:

– Сен үшін арнайы пункт керек болған ғой, – деп бұрқ етті. – Айтпақшы, мына қазір жиырма бесінші маусым жарлығынан кейін түземдер де әскерге алынып жатыр. Сен содан қашып жүргеннен саумысың? Бұл не саяхат? – Ротмистр: «бәлем, жанды жеріңнен ұстадым ба?» – деді бір езулеп зәрлі мысқылмен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий