Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Наташа есіне түскенде, Тұрар еріксіз ротмистрге қарады. Қанша дегенмен, бет бейнесінде Наташаға ұқсас бір елес байқалады. Бір елес... О баста табиғат екеуін бір қалыптан шығарған да, біреуі тым тұрпайылана берген, екіншісі мейлінше сымбат алып, тым сұлулана берген. Кім біледі, өсе келе Наташа да өзгерген шығар. Ал Тұрардың көз алдында суреті қалған Наташа – қыз біткеннің көріктісі.

Қара жол тау бауырлап, бұралаңдап оңтүстікке қиястады. Оң жақта – Ақ-Бұлымның ар жағында Тек-Тұрмас әулиенің күмбезі қараң-құраң қалып барады. Одан әрі аспанды тіреп тұрған ақ бас шындар. Осыдан елу-алпыс жыл бұрын ана Тек-Тұрмастың тауынан генерал Черняев Әулие-Атаны дүрбімен шолып, шабуылға шығар сәтте өз қиялында осынау ақбас шындармен бой таластырып тұрған.

Кім жүрмеген қара жол. Ел есінде еміс-еміс қалған елес заманынан бері Шығыс пен Батысты жалғастырып жатқан Жібек жолы осы. Тең-тең жібек артқан керуен ғана жүрген бе бұл арқылы? Арғысын әрі қойғанда, ел есіндегі беріде зеңбірегін сүйретіп Қоқан әскері өткен жол, зеңбірегін сүйретіп Черняев әскері өткен жол... Осы жол арқылы дерт есімен жер сыдырып Рысқұл бастаған жиырма түтін Тау-Шілмембет те жүрген.

...Әкесі түрмеде айтып еді: Әулие-Атадан шыққанымызда Меркеге жетпей Қатшагүл жеңгем жол үстінде қайтыс болды деп. Қатшагүл – баяғы Дауылбайдың соққысынан мерт болған Бердіқұлдың әйелі еді ғой. Бейшара арысынан айырылған күйікке бір шыдамай, туған топырағынан айырылған қайғыға тағы шыдамай, осы жол бойында құсалықпен жан тәсілім етсе керек. Шейіт жанның сүйегі осы маңайдың бір бесіктей ғана жерінде: яки Ақыр тастың, яки Ақыр төбенің болмаса Мақпалдың, немесе Малдыбайдың, а бәлкім, Құлан төбенің төңірегінде әлі жатқан шығар...

Жол жағалай ойдым-ойдым егіндік Алатаудың баурайына шашылған алтын алқадай сарғайып көрінеді. Бұл Ақыртөбенің атақты ақ бидайы. Рас болса, патшаның өзі осы Ақыртөбе бидайын Петерборға алдырып, содан пісірілген нанды жейтін көрінеді. Қиялы жүйрік қазақтың шыны екені, өтірігі екені беймәлім. Бірақ Ақыртөбе бидайына құмарлар көп екені рас.

– Айда тезірек! – Офицердің ащы дауысынан күйме ішінде қалғып-мүлгіп келе жатқандар селк-селк етіп шошып кетіп, көздерін бағжаң-бағжаң ашып, салбыраған бастарын көтеріп-көтеріп алады.

– Мырза, аттар болдырып қалды, – деді мұрты салбыраған ат айдаушы артына түнере бұрылып. – Ақыртөбе жақын, сол жерден ат ауыстырасыздар...

– «Апыр-ай, бір биеден ала да туады, құла да туады. Бір анадан жақсы да, жаман да туады. Наташаның мінезі жібектей жұмсақ, өте мейірімді еді. Асылы шешесіне тартса керек. Шешесі Софья Константиновна – арты тегі поляк, өте иманды кісі еді. Күйеуінің түрме бастық болғанына құсаланатын сияқты еді. Приходько мырзамен ешуақытта шіркеуге бірте бармайтын. Тұрар кейін ойласа, оның діні католик екен ғой. «А мүмкін Наташа Огинскийдің «Полонезін» сол шешесі арқылы білген шығар».

Тұрар кенет керемет жаңалық, ашқандай қуанып кетті. Көңіліне «Полонез» әуені мамыр айында гүлге қонған көбелектей көлбеңдеп келе берді. «Бәсе, бәсе, – деді ол ішінен.– Софья Константиновна біз сияқты кем балаларға өте қайырымды еді-ау. Сол Костюшко көтерілісінде Ресейге жер аударылған поляктар тұқымынан емес пе екен? Наташа соған тартқан. Ал мына ротмистр мырза аумаған әкесі...».

Ұрымтал жолдың үстінде, оқтаулы мылтықтың аузында келе жатса да, кенет кеудесін күй кернеп, санасында әдемі әуеннің сайрағаны сонша, Тұрар танауы делдиіңкіреп: топ-толық күрең-қызыл еріндерін оқтын-оқтын ашып қалып, көмейінде тұтқында жатқан бір әуен бұлқынып сыртқа шыққысы келгендей, көкірегі күмбірледі. «Полонезді» ысқырып сала да жаздады. Абайламай аузынан ән әуезі шыға қалса Аркадий Приходько мырзаның секем алуы да мүмкін ғой.

Асығып келеді Аркаша. Тұрар да асығыс. Асылы, екеуінің діттегені бір майдан. Дәлірек айтқанда, екеуі бір майданның екі жағында. Мұның салып-ұрып, сарсаң соғып келе жатқанына қарағанда, Меркедегі сойқанның толғағы жеткен тәрізді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий