Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Осы кітап оқи берген де жақсы емес-ау. Шырағданның жарығымен ет беттеп жатып, ұйқы көрмей оқушы ең ғой ана жылдары. Көздің майын жеп қойған ғой. О баста оқыса – оқысыншы, бізден де бір азамат шықсыншы деуші едім. Білесің бе, ана жылы оқуға бала аламыз деп мұғалімдер келгенде, мына шал сені жаздырғысы келмей, мен көнбей қойып ем ғой. Сауатың ашылды, қара таныдың. Енді болды емес пе? Қырғызға да барып оқыдың, орысқа да барып оқыдың, жер түбіндегі Самар дей ме, соған да бардың. Ташкенге де бардың. Тегі мұның шегі бар ма? Сондағы ұлық болғаның қайсы? – деп Салиха кемпір енді пендешілік жағына қарай қисайды. – Тәшкеннен бір шәйі көйлек ала келсең не ғылатын еді мына жаман шешеңе. Мен өле кетсем, баласының Тәшкеннен әкеп берген көйлегін аламыз деп кемпірлер сүйегіме түсуге таласар еді.

– Әй, антұрған, оттай бермей қойсаңшы енді! – деп шалы шақ ете қалды. – Баланың мазасын ала бермей, шәй-пәй дайындасаңшы.

– Ойбу, сорлы басым-ай, шәй қоюды ұмытып кетіппін ғой, – деп Салиха салдырап сасып қалды. Лезде бұрқылдап, ашу шақырды. – Әй, қақбас, алыстан келгенде біраз айналып-толғанғанға нең кетті. Шәй-пұйы несі? Сой ана тоқтының біреуін! Тұрар алыстан келгенде соймағанда, менің жаназама сояйын деп пе ең?!

– Тоқты сойып, түнімен жайбарақат отыратын заман емес қой, жазған-ау, – деп шалы жуасып қалды.

– Рас айтасыз, ата, жайбарақат отыратын уақыт емес, – деді Тұрар салмақпен. – Қой сойып, ет асудың керегі жоқ, шәй, тіпті шалап болса да жетеді. Ал, ата, ауылдың, хабарын айта отырыңыз. Не болып жатыр өзі?

– Не болушы ед? – деп Қырғызбай бұл сұрақтан секем ала қипақтады. Баяғы екі шоқып, бір қарайтын қу әдеті. – Мен, әйтеуір, араласа бермеймін. Әйтеуір, абыр-сабыр, еліңде маза жоқ. Базарға бұрынғыдай мал да түспейтін болды. Жалғыз атын желдіктеп, жапа-тармағай бақан ұстаған едірең байлар, әйтеуір. Кімді шауып, қиратып тастайтынын құдай білсін, әйтеуір шетінен желігіп алған. Шетінен бозаға тойып алған адырлар сияқты. Қорқамын, тәрізі жаман. Кесірі тиіп жүрмесе жарар, әйтеуір.

– Көппен көрген ұлы той, несіне қорқасыз? Астыңызда атыңыз бар, бір шетінен барып сіз де тиіспейсіз бе? – деп мысқылдады Тұрар. Шалдың мұнша үркектеп отырғанына риза, сірә.

– Ой, шырағым-ай, шыбын жаным шықпа деп жүрген атаңа енді батырлық пайда болар деп пе едің?

– Е, баяғы Соқыр батырдың бір жұқанасы жоқ па бойыңызда? Алыңыз найза қолыңызға! – деп Тұрар шалды әжуалай түсті.

– Соқыр батырдың заманы мен бұл заман тең бе екен? Ол – мәрттер заманы. Ал біздікі: «шықпа, жаным, шықпа».

Атасы бүкпесіз айтып тұр. Бұған қояр кінәсі жоқ: Кіммен кім соғысады? Не үшін? Не мақсат? – Онда атасының шаруасы болмас. Шалдың шаруасы базар еді, шәй-пұлын содан ажыратып жүруші еді, енді базардан соң кетсе керек Қырғызбайлар үшін елді кім билейді, тізгін кімнің қолына тиеді – бәрібір. Тек өз басы, ошақ қасы аман болса болды.

– Жә, ата, менікі жай сөз. Ал ендігі келген шаруам – маған атыңызды бере тұрыңыз. Бірақ менің келгенімді жан баласына айтпайсыздар.

– Шырағым, Тұрар, сенен мен атты аяп отырған жоқпын, – деді атасы бірден мүжіле түсіп, ауру адамдай үні әлсіз естіліп. – Тек жүрсең, тоқ жүрерсің деген. Осы шатаққа шатыспай-ақ қой, шырағым. Әкең байғұс басын тауға да ұрды, тасқа да ұрды. Одан не шықты. Таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі. Мына заман – тас. Оған соқтықпа деймін, тілімді алсаң. Әкеден қалған жалғыз жетім, сен бір кесірге ұрынып жүрсең, Рысқұлдың түтіні мүлде тұтанусыз қалады. Осыны ойлан.

– Атаң дұрыс айтады, – деп Салиха бір тұстан ордаңдай қосылды. Бұрын ұдайы Тұрарды жақтап отыратын кемпір бұл жолы шал жағына шықты. – Мырзаға байғұс өзінің ұрыншақтығынан, бірбеткейлігінен тапты ғой. Қайда ғана қалды екен, қарағе-ем! – деп Салиха сөзінің аяғын аңырата бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий